10–11 сынып оқушыларына арналған «Адам құқықтарын түсіндіру»
18 желтоқсан күні мектебімізде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Боранбайқызы Әйгерімнің қатысуымен 10–11 сынып оқушыларына арналған құқықтық-ағартушылық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында адам құқықтарының маңызы, оқушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері, құқық пен жауапкершіліктің өзара байланысы кеңінен түсіндірілді. Дәріс оқушылардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық санасын қалыптастыруға бағытталды.