Кітапхана/ Библиотека » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі
15
декабрь
2025
Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі
Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің тақырыбы – «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығымыз». Көрмеде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихын, елдің қалыптасуы мен дамуын, ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухты насихаттайтын әдебиеттер қойылды. Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбие беруге бағытталды.
«Бір ел – бір кітап» республикалық мәдени акциясы өтті
05
декабрь
2025
«Бір ел – бір кітап» республикалық мәдени акциясы өтті
Мектебімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық мәдени-ағартушылық акциясы өтті. Аталған акцияның мақсаты – оқушыларға бір автордың шығармасын бірлесе оқыту арқылы ұлттық әдебиетті насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында оқушылар шығармалармен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, әдеби талдау жасады. Акция оқушылардың рухани дамуына және мәдени құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.
Кітапхана әлеміне алғашқы қадам: 1 «Ә» сыныбының саяхаты.
04
декабрь
2025
Кітапхана әлеміне алғашқы қадам: 1 «Ә» сыныбының саяхаты.
Мектеп кітапханасында 1"ә"" сыныпқа саяхат өтті. Мақсаты:Оқушыларды кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру,оны күтіп ұстауға үйрету.
Білімге бөлінген әр минут – болашаққа инвестиция!
28
ноябрь
2025
Білімге бөлінген әр минут – болашаққа инвестиция!
Күніңізден небәрі 8 минут бөліп, кітап оқуға арнасаңыз – үлкен өзгеріс байқалады. 8 минут – аз уақыт сияқты көрінеді, бірақ дәл осы сәтте сана дамиды, ой тереңдейді, тіл байлығы артады. Бүгін мектебімізде кітапхана ұйымдастыруымен өткен «8 минуттық оқу» жобасы оқушыларға уақытты тиімді пайдаланудың, білімге ұмтылудың мәнін көрсетті. Білімге бөлінген әр минут – болашаққа салынған инвестиция!