Шетелде білім алу жолдары: «Ketik Study Poland» университетімен кездесу. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
№35 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Нашар для
слабовидящих
» » Шетелде білім алу жолдары: «Ketik Study Poland» университетімен кездесу.
25
Қараша
2025

Шетелде білім алу жолдары: «Ketik Study Poland» университетімен кездесу.

2025 жылғы 25 қарашада Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайында, мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары үшін «Ketik Study Poland» университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара барысында оқушылар Польшадағы оқу мүмкіндіктері, бағдарламалар, қабылдау шарттары және халықаралық студенттерге арналған қолдау шаралары туралы толық ақпарат алды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, шетелде білім алу жолдары жөнінде пайдалы мәліметтермен танысты. Кездесу оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын дамытуға, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына және шетелдік білім мүмкіндіктерін түсінуге ықпал етті. Іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді және оқушылар үшін қызықты әрі ақпараттық болды.