18
Қараша
2025
Жасөспірім қыздарға арналған жауапкершілік пен қауіпсіздік тақырыбында сабақ өткізілді.
8–11 сынып оқушы қыздарымен дәрігер Тарапиханова Айгерім Жайлаубековна жыныстық даму, қарым-қатынас, жауапкершілік және қауіпсіздік тақырыптарында танымдық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру.
Сабақ барысында репродуктивті денсаулық, жүктілік және оның салдары, контрацепция туралы жалпы түсінік, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдары, келісім және зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қарым-қатынастағы жауапкершілік мәселелері қамтылды.![]()