«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
№35 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Нашар для
слабовидящих
» » «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.
01
Қыркүйек
2024

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті.

Бүгін "№35ЖОББМ"КММ-де «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. «Мектебім-мейірім мекені» деген тақырыппен өткізілген салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Махамбетова Г.М. беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты.

Бишілер тобы «Қазақ» биін билеп, бүгінгі салтанатты кештің көркін арттырды. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті. Осылайша бүгінгі Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, соңында көңілді әсерге бөленген барша балалар қуаныса мектепке қарай ағыла жөнелді.
Барша ұстаздар мен ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, биік белестерге, зор табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.