26
Қыркүйек
2022
Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте

13-23 қыркүйек арасында мектебімізде тілдер мерекесіне орай “Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте “ атты онкүндік өтті. Онкүндікте тұңғыш педагог Ы Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына орай 5-11 сыныптар арасында жалпы мектепшілік диктант жұмысы; 10-11 сыныптар арасында тіл білімінің негізін салушы “Ахмет Байтұрсынов - ғасырдың жарық жұлдызы” атты эссе;
9 - сыныптар арасында “ Қазақ тілі мәртебесі өз деңгейінде ме?” атты дебат өткізілді. Дебатқа белсенділік танытқан 9 “ А” сынып оқушыларына алғыс жарияланды. 7-8 сыныптар арасында “ Тілін білмеген , түбін білмейді “ атты зияткерлік сайыс;
5-6 сыныптар арасында “ Ана тілім , баба тілім , өз тілім Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілі”атты көркем сөз байқауы;
Бастауыш сыныптар арасында “ Тіл - достықтың алтын көпірі” атты суреттер көрмесі өтті. Тілдер мерекесіне орай өткізілген онкүндік іс -шараның қорытынды кеші өткізілді.Қорытынды кешке онкүндікке белсенділік танытып, жүлделі орын иеленген оқушылар шақырылды. Оқушылар кеште үш тілде ақын- жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.Жүлдегерлерді мектебіміздің оқу - ісінің меңгерушісі:Қазыбаева Жанат Какимовна мақтау қағаздарымен марапаттап, ана тілімізді құрметтеу басты міндетіміз екенін атап өте,оқушыларға ізгі лебізін білдірді.