22
Сәуір
2025
Ерлік сабағы – отансүйгіштікке бастар жол

2025 жылғы сәуір айында 11-сынып оқушыларына арнап 63310 әскери бөлімінің өкілдерімен “Ерлік сабағы”өткізілді. Шара барысында оқушылар нағыз патриотизм мен әскери борыш туралы мағлұмат алып, әскери қызметтің маңыздылығын тереңірек түсінді. Әскери бөлім қызметкерлері өздерінің қызмет жолымен, әскери өмірдің ерекшеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа үлгі боларлық ерлік істері жайлы айтты.
Сонымен қатар, оқушыларға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты туралы жан-жақты ақпарат берілді. Институттың оқу бағдарламасы, мамандықтар бағыты, оқуға түсу шарттары мен әскери өмірдегі мүмкіндіктер туралы мағлұматтар ұсынылды. Бұл – болашақта әскери қызметті таңдауға ниетті түлектер үшін маңызды бағыт-бағдар беретін кездесу болды.
Мұндай кездесулер жастардың бойында отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырып, әскери мамандықтарға деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз.