"Адалдық ұрпағы" еріктілер клубының есебі
ШҚО Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2020-2021 оқу жылына арналған мектепішілік «Адал Ұрпақ» еріктілер клубынын ІІ жартыжылдық есебі
«Адал Ұрпақ» еріктілер клубы ІІ жартыжылдықта жоспар бойынша төмендегідей іс-шараларды атқарды. Қаңтар айында 9–сыныптар арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны онлайн форматында өтті. Ақпан айында 5-6 сыныптар арасында «Адал және сатылМамыртын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы. Мектепішілік «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 11 наурыз күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Бекбаева Гульнур Айткурмановнаның қатысуымен 9-10 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн форматында кездесу өтті. Сәуір айында 8-9 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды. 2020-2021 оқу жылында барлық аткарылған іс-шаралардың қорытындысы ретінде, «Адал Ұрпақ- біздің болашағымыз!» тақырыбында мектепішілік «Адал Ұрпақ» еріктілер клуб мүшелерімен онлайн қорытынды кеші өткізілді.




