05
сентябрь
2024
жалпықазақстандық ашық диктант күні
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында 5 қыркүйек күні қазақтың біртуар перзенті Т. Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына орай жалпықазақстандық ашық диктант күні өтті. Диктант жазуға 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Жастарды жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысуға ынталандыру мақсатында қатысушыларға электронды сертификаттар тапсырылмақшы.












