01
август
2024
”МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы басталды.

🏫”МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы басталды.
🔰 Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
🔰 Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйекке дейін.
🔰Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады.
🔰 Назар аударыңыздар!
Баланың мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық танытайық!
Жомарт жүректі демеушілерді шақырамыз!
📞 Байланыс үшін: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
+7 775 502 2725
+7 776 494 3705