21
апрель
2023
"Өрлеу" педкадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп облыстық семинар өткізілді.

20 сәуірде "№35 ЖОББМ" КММ базасында "Өрлеу" педкадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп "Жаһандық құзыреттілік курсын оқытудың әмбебап дизайны" атты облыстық семинар өткізілді. Аталған семинарға мектеп директорлары, "Өрлеу" АҚ филиалының біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы Бексолтанова Толқын Төлеубекқызы, Абай ауданы Семей қаласының білім бөлімінің ҚММ директоры Рахымжанов Шәріпхан Қалиханұлы қатысты. Семинардың мақсаты: практикада білім берудің әмбебап дизайнын көрсету арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Өңір педагогтерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау. "№35 ЖОББМ" КММ директоры Р. Е. Жумақанова мектептің жұмыс нәтижелері мен жетістіктерімен таныстырды.Директордың ОІ жөніндегі орынбасары Г.С. Мұхаметханованың жетекшілігімен "Жаһандық қызмет"атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Семинарда "№35 ЖОББМ" КММ мұғалімдері Г.К. Қарыбжанова, Н.А. Айтбаева, А. А. Шомаханова, Т. Е. Цуприкова осы тақырып бойынша ашық іс-шаралар өткізіп, семинар қатысушыларымен тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында Кері байланыс берілді. Семинарға қатысушылар "ашық микрофон" қабылдау арқылы өз пікірлерін, тілектерін білдірді.