
9-11 сынып оқушылары тілдер күніне орай «Үш тіл білу- өмір талабы» тақырыбында эссе жазды.Осы іс шараның қортындысы бойынша І орын Мингалева Дарья 11 сынып оқушысы, ІІ орын- Исраилов Руфат 10 «Б» сынып оқушысы, Дидарқызы Айлин 9 «Г» сынып оқушысы, ІІІ орын – Дрепина Арина 9 «Г» сынып оқушысы, Макеев Артур 9 «Г» сынып оқушысы ие болды.

Тілдер мерекесіне орай 5 - 6 сыныптар арасында "Тілім барда айтылар сыр ойдағы" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың өз еліне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, қазақ тіліміздің мәртебесін көтеру. Өткізген қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері: Ахмадиева Б.Ж Акиров Б.М

22 -қыркүйек күні 9 - сыныптар арасында “ Қазақ тілі мәртебесі өз деңгейінде ме?” атты дебат өткізілді. Дебат мақсаты: Оқушылардың ана тілге деген сүйіспеншілігін оятып, ұлжандылыққа тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру.Дебатқа белсенділік танытқан 9 -10 сынып оқушыларына алғыс жарияланды.