"5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуі" тақырыбы бойынша
«№35 ЖОББМ» КММ 27-қазан күні "5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуі" тақырыбы бойынша педконсилиум өтті. Педконсилиумға қатысқандар - психологтар, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әкімшілік, бастауыш сынып мұіалімдері. Сынып жетекшілері сынып оқушыларына мінездеме берді, сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ортаға талдау жасап, осы кезеңде туындаған мәселерді көтеріп, олардың шешу жолдары туралы ойларын ортаға салды. Пән мұғалімдері олардың үлгеріміне сараптама жасады.