"Адалдық ұрпағы" еріктілер клубының есебі » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » » "Адалдық ұрпағы" еріктілер клубының есебі
01
июнь
2021

"Адалдық ұрпағы" еріктілер клубының есебі

ШҚО Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

 «№35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2020-2021 оқу жылына арналған   мектепішілік «Адал Ұрпақ» еріктілер клубынын ІІ жартыжылдық есебі


«Адал Ұрпақ» еріктілер клубы ІІ жартыжылдықта жоспар бойынша төмендегідей іс-шараларды атқарды. Қаңтар айында 9–сыныптар  арасында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны онлайн форматында өтті.  Ақпан айында 5-6 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы. Мектепішілік «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 11 наурыз күні ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Бекбаева Гульнур Айткурмановнаның қатысуымен 9-10 сыныптар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн форматында  кездесу өтті.   Сәуір айында  8-9 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды. 2020-2021 оқу жылында барлық аткарылған іс-шаралардың қорытындысы ретінде,  «Адал Ұрпақ- біздің болашағымыз!» тақырыбында мектепішілік «Адал Ұрпақ» еріктілер клуб мүшелерімен онлайн қорытынды кеші өткізілді.