Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Әдістемелік ұсынымдар
Астана 2022
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңес імен баспаға ұсынылды (2022 жылғы 15 қарашадағы № 12 хаттама)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 12 от 15 ноября 2022 года)
Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 67 б.
Методические рекомендации по проведению родительских собраний в новом формате в организациях среднего образования. Методические рекомендации. – Астана: Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2022. – 67 стр.
Әдістемелік ұсынымдарда жалпы білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналыстарын өткізудің жаңа форматтары ұсынылған. Ата-аналар жиналыстарының мақсат-міндеттері ашылған, сонымен қатар ата-аналар жиналыстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.
Әдістемелік ұсынымдар білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, жалпы білім беретін мектептердің басшыларына, басшылардың орынбасарларына, сынып жетекшілеріне, педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтерге арналған.
Методические рекомендации предусматривают новые форматы проведения родительских собраний в общеобразовательных организациях. Раскрыты цели и задачи, приводятся методические рекомендации по организации и проведению родительских собрании.
Данные методические рекомендации адресованы методистам отделов образования, руководителям общеобразовательных организации образования (директорам, заместителям директоров), классным руководителям, педагог- психологам, социальным педагогам.
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022 |
© Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2022 |
Кіріспе
Ата-аналар жиналысы – ата-аналармен жұмыс істеудің дәстүрлі және кең тараған түрлерінің бірі. Алайда, мектепте ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі өзекті. Себебі, ата-аналардың жиналысқа қатысуы, тіпті мұғаліммен, сынып жетекшісімен кездесіп, баласы жайлы сөйлесуге де ата-ананың уақыт таппай жатуы үлкен мәселе.
Бұл жағдайда мұғалім ата-аналарды қажетті педагогикалық ақпаратпен қалай қызықтыру керек? Ата-аналар жиналысын қалай тиімді құруға болады? Жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстары қандай формада болуы қажет? Осындай мәселелер білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілерін, педагогтерді толғандырып қана қоймай, осы бағытта әдістемелік көмектің де қажеттілігі артып отыр.
Бала тәрбиесінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мәселесінде сынып жетекшілері тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруда, соның ішінде жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстарын өткізуде, заманауи әдіс- тәсілдерді, ұлттық құндылықтарды тиімді қолдана білуі тиіс.
Ұлы Абайдың қарасөзінде: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады дегені отбасындағы тәрбиеге баса назар аудару қажеттілігін меңзеп отыр. Бұл жерде Абай бала тәрбиесі ең алдымен жақсы ата, жақсы ана, жақсы әкеге байланысты екендігін айтып отыр. Олай болса, бүгінгі таңда ата-анаға бала тәрбиесінде педагогикалық сауаттылық қажет.
Осы орайда білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек ретінде жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілді.
Әдістемелік ұсынымдаманың бірінші «Ата-аналар жиналыстары: мақсаты, міндеттері, функциялары» бөлімінде ата-аналар жиналысының мақсаты мен міндеттері, ата-аналар жиналыстарының түрлері, формалары ұсынылды.
Әдістемелік ұсынымдаманың екінші «Ата-аналар жиналысын өткізудің шетелдік және отандық тәжірибесі» бөлімінде әлемдік және отандық тәжірибелер зерттеліп, тәжірибелер ұсынылды.
Әдістемелік ұсынымдаманың үшінші «Республиканың орта білім беру ұйымдарында жаңа форматта ата-аналар жиналыстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» бөлімінде ата-аналар жиналыстарының түрлері, жиналыста қарастырылатын негізгі мәселелер, ата-аналар жиналыстарының жаңартылған формалары және сынып жетекшілерінің үздік тәжірибелері ұсынылды.
Ата-аналар жиналыстары: мақсаты, міндеттері, функциялары
Білім алушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасау жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің табысты жұмысының қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бiлiм беру қызметiнiң тиiмдiлiгi мектептің оқушының отбасымен тығыз қарым-қатынаста болуына да байланысты болады.
Ата-аналарға «күрделі» міндет болмауы үшін, ата-аналарды мектепке тартуды және ата-аналар жиналысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек деген сұрақ туындайды.
Ата-аналар мектептің жақсы көмекші болуы үшін оларды балалармен бірлескен іс-шараларға тартып, оқу процесінің өзекті мәселелерін шешуге белсене араластыру қажет.
Ата-аналар жиналысы мұғалім мен ата-аналардың бірлескен жұмысының негізгі нысаны, сонымен қатар мектепте және үйде білім беру мен тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттыру құралы болып табылады. Білім алушының рухани бай, моральдық тұрғыдан таза және дене бітімі сау тұлғасын дамыту үшін жағдай жасауда мектеп пен отбасының күш-жігерін үйлестіру және біріктіру оның негізгі мақсаты болып саналады.
Ата-аналар жиналысы – ата-аналармен жұмыс істеудің бір түрі. Білім беру қызметінің тиімділігі білім алушының отбасымен тығыз қарым-қатынастың болуы байланысты болады. Дұрыс ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы ата- аналарды мектеп өміріне тартудың бірден-бір жолы болып табылады.
Ата-аналар жиналысы – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсету және талқылау, сондай-ақ білім беру ортасын жақсарту мақсатында мектеп ұйымдастыратын ресми іс-шара. Ағылшын тілінен аударғанда мұғалімдер мен ата-аналар конференциясы, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы әңгімелесу, ата-аналар мен мұғалімдерге немесе ата-аналарға арналған кеш деген мағынаны білдіреді. Баланың мектептегі үлгерімін талқылау, академиялық немесе мінез- құлық проблемаларының шешімін табу үшін оқушылардың ата-аналары мен оқытушылары арасындағы қысқа кездесу немесе конференция болып табылады [1].
Ата-аналар жиналысының мақсаты мен міндеттері ұйымдастырылу формасына, тақырыбына сәйкес келесідей болуы мүмкін;
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру;
- баланы отбасында және мектепте тәрбиелеудің нақты мәселесі бойынша ата-аналардың білім деңгейін толықтыру;
- ата-аналар ұжымының ынтымақтастығын нығайту, оларды мектеп/сынып өміріне тарту;
- балаларды тәрбиелеуге ұжымдық шешімдер мен бірыңғай талаптар әзірлеу;
- жасөспірім тұлғасын дамыту іс-шараларына отбасы мен мұғалімдердің күш-жігерін біріктіру;
- балалармен жұмыс істеу үшін қажетті ақпаратты алу;
- мектептің жұмыс режиміне ұйымдастыру әдістерін өзгерту немесе енгізу туралы ата-аналарды хабардар ету, нұсқаулықтар беру;
- ата-аналарды талдамалық материалдармен таныстыру;
- ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңес
беру;
- төтенше жағдайларды, күрделі және жанжалды жағдайларды талқылау;
- мектеп өмірінің түрлі мәселелері бойынша ата-аналардың пікірін ескеруді
талап ететін шешімдер қабылдау және т.б..
Ата-аналар жиналыстарының функциялары: ақпараттық, ағартушылық, оқыту, кеңес беру, алдын алу және үйлестірушілік деп жіктеуге болады.
Жиналыстың ақпараттық функциясы білім беру және тәрбие процесін ұйымдастыру туралы ата-аналарды оқытуды және хабардар етуді қарастырады. Ол ақпаратты монолог түрінде немесе қатысушылар үшін маңызды сұрақтарға жауап беру түрінде жүзеге асырылады.
Ағартушылық функциясы ата-аналар үшін өзекті болып табылатын ақпаратпен қаруландыруды, яғни ақпарат аясын кеңейтуді қарастырады және берілетін ақпараттың маңыздылығы ата-аналардың өтініштерін диагностикалау және зерделеу негізінде анықталады). Аталған қызметті іске асыру ата-аналар жиналыстарын семинарлар, педагогикалық шеберлік сыныптары, конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар сияқты формаларды қолдану арқылы өткізуді көздейді.
Оқыту функциясы ата-аналардың балаға білім беру бағдарламаларын меңгеруде көмек көрсету, баламен тиімді қарым-қатынас жасау және әртүрлі жағдайларда оның құқықтарын қорғау бойынша практикалық дағдыларын дамытудан тұрады. Бұл функцияны іске асыру: бірінші кезеңде – қатысушылар талап ететін проблема бойынша білім беруді, екінші кезеңде – қатысушылардың отбасылық тәрбие жағдайларындағы мінез-құлықтарын модельдеуге, мәселелерге терең үңілуіне мүмкіндік беретін тренингтер, іскерлік ойындар және басқа да формаларды қарастырады.
Кеңес беру функциясы әдістемелік және психологиялық-педагогикалық кеңес ретінде іске асырылады.
Алдын алу функциясы балалардың есеюі барысындағы кездесетін дағдарыстармен, зиянды әдеттерге әуестікті пайда болу қаупімен, болашақ мамандықты таңдаудағы келіспеушіліктермен, емтиханға дайындықпен, оқуға деген ынтаның төмендеуімен және денсаулығының нашарлауымен байланысты болатын отбасылық тәрбиесінен күтілетін және болжалды қиындықтардың алдын алу болып табылады.
Үйлестіру функциясы білім беру процесінің барлық қатысушылары мен қоғамның мүдделі өкілдерінің танымдық белсенділікті, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын, коммуникативтік мәдениетті, төзімділікті және оқушылардың табысты әлеуметтік бейімделуінің басқа да белгілерін дамыту үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарын біріктіру және реттеу болып табылады [2].
Сонымен қатар, сыныптың және мектептің ата-аналар жиналыстары:
- сыныптың/мектептің ата-аналар комитетін сайлайды;
- жалпы орта білім беру ұйымының ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс- қимылына қатысты Жарғысымен және басқа да құжаттарымен танысып, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдайды;
- мектептердегі оқу-тәрбие қызметінің негізгі бағыттарын зерттейді, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;
- оқу процесінің мазмұнына, әдістері мен формаларына, мектептің педагогикалық қызметін жоспарлауға қатысты сұрақтарды тыңдайды;
- тұрмыстық жағдайы нашар отбасылармен жұмыс істеуде мұғалімдерге көмек көрсету мәселелерін шешеді;
- мектепте/сыныпта педагогикалық процесті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- білім беру ұйымында (сыныпта) ата-аналармен (заңды өкілдермен) бірлескен іс-шараларды, яғни ата-аналар жиналыстарын, ата-аналар клубтарын, ашық есік күндерін және т.б. іс-әрекеттерді жоспарлауға қатысады;
- білім алушылармен бірге бос уақытты өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жоспарын жасауға қатысады;
- білім беру ұйымын (сыныпты) дамытуға, педагогикалық процесті жетілдіруге бағытталған қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдайды;
- білім беру ұйымына (сыныпқа) ұйымының (сыныптың) материалдық- техникалық базасын нығайтуға, оның үй-жайларын, ойын алаңдарын және аумақтарын ата-аналар қауымының абаттандыруына және жөндеуіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
Ата-аналар жиналысын өткізудің шетелдік және отандық тәжірибесі
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беру саласында болып жатқан өзгерістер оқу процесіне қатысушылардың, яғни педагогикалық ұжымның, білім алушылардың және олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынасының сипаты мен сапасына жаңа талаптар қояды. Осыған байланысты шетел әдебиеттеріндегі ата-аналардың оқу процесіне қатысуының концептуалды тәсілдері туралы бар талдаудың, баланың мектептегі оқуға тиімді бейімделуі үшін оның әлеуетін анықтау, сонымен қатар мектеп оқушыларының ата- аналарын оқу және тәрбие процесіне тарту үшін шетелдік мектептер қолданатын формалар мен әдістердің ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор болып саналады.
Төменде ұсынылған қорытындылар шетелдік ғылыми мерзімді баспасөз басылымдарында, оқу орындарының бағдарламалық құжаттарында, ғылыми- зерттеу ұйымдары әзірлеген ұсынымдар, халықаралық ұйымдардың, педагогикалық берлестектері мен одақтары есептерін талдау жолымен қалыптастырылған тәжірибелерден алынды.
Аустралиялық білім беру жүйесінде кездесулер ата-аналардың мұғалімдермен сұхбаты немесе ата-аналар кештері деп аталады. Нақты тәжірибе мектептің орналасқан штаты мен түріне байланысты болады. Кейбір штаттарда сұхбат өткізу міндетті болса, кейбір штаттарда ондай талап жоқ. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мектептер білім беру туралы түрлі федералдық заңдарға бағынады.
Бір мектептерде сұхбаттасу жылына бір раундтан тұрса, басқаларында көбірек болады. Әдетте сұхбат турларын өткізудің ең тиімді болып саналатын уақыттары 1 (ақпан-сәуір) және 3 (шілде-қыркүйек). Көптеген мектептер әңгімелесуді сынып немесе сыныптың атауы (мысалы, a-k / l-z ) бойынша бөліп, бірнеше күн өткізеді. Ата-аналар көбіне мұғалімдермен уақыт өткізуге өте ынталы, дегенмен жалпы мұғалімдер әңгімеге кімнің келетінін көрудің қажеті жоқ екенін, ал қатысуды қажет ететін ата-аналар көбінесе әңгімелесуге қатыспайтынын атап өтеді [3].
Канаданың білім беру жүйесінде кездесулер ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы сұхбат ретінде белгілі. Онтарио провинциясының барлық бастауыш және орта мектептерінің ата-аналары мен мұғалімдерінің арасындағы әңгімелесі міндетті болып табылады.
Canadian Living журналы ата-аналардың мұғалімдермен әңгімелесулерін олардың таптық пікірлері үшін сынға алады. Көбіне әңгімелесу кезінде тек неғрлым жақсы қамтамасыз етілген балалардың ата-аналары ғана қатысады, ал қосымша көмекке мұқтаж балалардың ата-аналары әңгімелесуге шақырылмайды.
Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) білім беру жүйесінде жиналыс ата-аналар мен мұғалімдер конференциясы (бұдан әрі – РТА) деген атпен белгілі. Конференциялар, әдетте, жылына екі рет өткізіледі.
Бiрiншi тоқсанның және үшiншi тоқсанның аяғында, әр жиналыс шамамен 15-20 минутқа созылады.
Ата-аналар әдетте олар үшін ең қолайлы уақытты таңдайды, ал мұғалім конференцияны тиісінше жоспарлайды. Ата-аналар өздері үшін ең қолайлы уақытты таңдайды, ал мұғалім конференцияны жоспарлайды.
АҚШ-тың көптеген бастауыш мектептерінде мұғалімдер бұл конференцияларға көбірек уақыт жұмсай алуы үшін, оқу күнін күздің ортасында 2-3 сағатқа (көбінесе бүкіл апта бойы) қысқартады. Ата-аналар жиналысы оқушылардың жетістіктеріне басым назар аударады, ал Ата-аналар мен мұғалімдер ассоциациясы сыныптан тыс қосымша іс-шаралар ұйымдастырады, бұл олардың арасындағы айырмашылық болып табылады.
Ұлыбританияның білім беру жүйесінде кездесу ата-аналар конференциясы немесе ата-аналар кеші ретінде белгілі.
Іс-шара көбінесе мектеп залында және оған іргелес қоғамдық орындарда өткізіледі, онда ата-аналар сегіз-тоғыз мұғаліммен 5 минуттық жеке кеңестер сериясынан өтеді [3].
АҚШ-да РТА аббревиатурасын қолданатын топтар, Ата-аналар мен мұғалімдердің ұлттық қауымдастығына (National PTA), Вирджиния штатында орналасқан коммерциялық емес ұйымның құрамына кіреді. Бұл тек балалар мен жастардың атынан ғана жұмыс істейтін ең ірі және ең ежелгі еріктілер ұйымы болып табылады.
Мемлекеттiк және жекеменшiк бастауыш және орта мектептердiң көпшiлiгiнде РТА, ата-аналар ұйымы немесе оларға теңестiрiлген жергiлiктi ұйым бар. Бұл ұйымдар сондай-ақ, орта мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерде де жұмыс iстейді. РТА-ның қатысуымен «Білім берудегі бейнелеу өнері» атты бағдарлама жүзеге асырылады. Оқушылар өнерді зерттейді және шығармашылық күш-жігерін оң бағалай отырып, өздерін танытуға үйренеді. Бағдарлама оқушылар үшін оңтайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік береді, балалардың шығармашылық тұрғыдан ойлауына және проблемаларды өздігінше шешуге ынталандырады, сонымен қатар үйде де, мектепте де, қоғамда да өнер мен мәдениетті оқуларына және зерделеулеріне ықпал етеді [4].
Республиканың орта білім беру ұйымдарында жаңа форматта ата-аналар жиналыстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Ата-аналар жиналысы – мектеп пен отбасы арасындағы байланыс формасы ғана емес, бұл маңызды педагогикалық ақпараттар алу орны, балалармен қарым- қатынас жасау тәжірибесін насихаттау алаңы да болып саналады.
Жиналыста ата-аналар өздеріне деген құрметті сезінулері тиіс. Тараптардың, яғни мұғалім мен ата-ана арасында түсіністік болған жағдайда, өзекті мәселелер көтеріліп, талқыланған кездесуді ғана тиімді деп атауға болады. Отбасы мен мектептің арасындағы ортақ мәселе – ол балалардың проблемалары және балаларға жасалатын қамқорлық болуы тиіс. Ал мұғалімдер мен ата-аналар кездесулерінің басты міндеті – оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу болып табылады.
Ата-аналар жиналыстарының келесідей түрлері бар:
- ұйымдастырушылық және қорытынды жиналыстар;
- ағымдағы: бұл академиялық үлгерім мен жұмысты жоспарлау нәтижелерін талқылайтын дәстүрлі кездесулер;
- нұсқаулық: білім беру ұйымының ережелерімен таныстыруға және оларды орындауға бағытталған жиналыстар;
- тақырыптық: қатысушылардың көпшілігінің мүддесін қозғайтын нақты тақырыпқа арналған жиналыстар. Олар ата-аналарға арналған дәріс оқу, оның ішінде кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен де өткізілуі мүмкін;
- директивті-кеңес беру жиналыстары: тақырыптық, клубтық, кеңес беру жиналысы, сұхбаттасу жиналыстары, семинарлар;
- пікірталас, талқылау жиналысы;
- шығармашылық кездесулер мен есеп беру.
Ата-аналар жиналыстары әдетте құрамдастырылған (біріктірілген) болады.
Жиналыста қарастырылатын негізгі мәселелер:
а) мектепке қатысты құжаттармен;
- мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен;
- мектептің жүзеге асыруы тиіс негізгі міндеттерімен;
- оқу тоқсанының, жылының қортындысымен таныстыру.
ә) балаларды тәрбиелеу мәселесі бойынша тәжірибемен алмасу;
б) балалармен жұмыс істеу барысында ата-аналардың білімін, дағдыларын, мүмкіндіктерін пайдалану;
в) шаруашылық мәселелерді шешуге көмек көрсету; г) сыныптағы оқу-тәрбие процесін талдау;
ғ) сыныптың келешектегі жұмысын анықтайтын міндеттер;
д) сынып ұжымының оқу-тәрбиелік міндеттерін іске асыру жөніндегі іс- шараларды жоспарлау, ұйымдастыру;
ж) өзекті педагогикалық, психологиялық, құқықтық проблемалар (ата- аналарға білім беру) және т.б..
Ата-аналар жиналысының негізгі бөлімі – педагогикалық ағарту жұмысына, яғни ата-аналарды оқытуға беріледі. Ата-аналарды оқытуды:
- әлеуметтік ортаның талаптарына;
- мектеп жұмысының бағыттарына;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау қажет. Ата-аналарды оқытудың міндеттері:
- ата-аналарды педагогикалық, психологиялық, құқықтық білім негіздерімен таныстыру;
- мектеп пен отбасының тәрбиелік ықпалының бірлігін қамтамасыз ету;
- тәрбиенің оң тәжірибесін қорыту және тарату;
- ата-аналарды неғұрлым жиі кездесетін қателіктерді жібермеу туралы ескерту;
- ата-аналарды тәрбие процесіне белсене қатысуға тарту.
Ата-аналар жиналысы сынып жетекшісінің жоспарына сәйкес оқу жылында 4-5 рет өткізіледі.
Ата-аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі өздігінен таңдай алады, сонымен қатар алға қойған мақсаттарға жету үшін оны дұрыс дайындап, жүргізу керек.
Жиналысты ұйымдастырумен байланысты кейбір кеңестер:
- жиналыстың тақырыбын анықтау. Ата-аналардың қызығушылығын және білім алушылардың жасын ескеру маңызды. Кездесудің тиімділігі тақырыпты дұрыс таңдауға байланысты болады;
- ата-аналар дайын болуы және тақырыпты өз мүдделеріне қарай түзетуі үшін жиналыстың өтетін уақытын мүмкіндігінше ерте хабардар ету қажет;
- ата-аналар жиналысының сценарийі мен рәсімделуін мұқият қарастыру. Жиналыстың жоспарын әзірлеу. Қажетті ақпаратты таңдау, мультимедиялық сүйемелдеу, сыныптағы орындардың орналасуы туралы ойлану, үлестірме материалдар дайындау және т.б.;
- жиналыстың өтетін уақыты және шақырылған мамандар туралы әкімшілікті хабардар ету;
- ата-аналарды кіреберістен күтіп алып, сыныпқа дейін жолды көрсететін адам тағайындау. Сынып кабинетін желдету. Сыртқы киімді орналастыру және басқа да жайлы жағдайлар туралы алдын ала ойлану. Жиналыс ережелерін қатаң сақтау, яғни өткізілу ұзақтығы 1,5 сағаттан аспауын қадағалау. Отырыстың құзырлы қорытындысы өте маңызды. Ол үшін отырыстың / сауалнаманың/ тесттің / т.б. шешімі туралы алдын ала ойлану;
- ата-аналар жиналысына дайындық кезінде ата-аналар мен оқушылардан алдын ала сауалнамаларды толтыруды сұрай аласыз, бұл мұғалімге талқылануы тиіс мәселенің нақты идеясын қалыптастыруға көмектеседі.
Ата-аналар жиналысының сценарийі мұғалімнің шығармашылығыны болып табылатынын атап өткен жөн. Дегенмен, оның құрамында келесі міндетті компоненттер болуы тиіс:
- сынып оқушыларының оқу жетістіктерін талдау.
Жиналыстың бұл бөлігінде сынып жетекшісі ата-аналарды сыныптың оқу қызметінің жалпы нәтижелерімен таныстырады. Жиналыстың басында мұғалім ата-аналарға өз баласының үлгерімі немесе оқу барысы туралы сұрақтарға тек жеке кездесу барысында ғана жауап беретінін ескертуі тиіс. Ата-аналар жиналысына қатысушыларды пән мұғалімдерінің пікірлерімен таныстырғанда ата-аналардың жоғары алаңдаушылығын есте сақтау керек және белгілі бір пайымдауларды бере отырып, субъективті түсіндірулерден бас тарту қажет.
- ата-аналарды сыныптағы эмоциялық ахуалдың жай-күйімен таныстыру.
Сынып жетекшісі балалардың сабақтағы, асханадағы, экскурсиялардағы және т.б. жерлердегі мінез-құлқы туралы ата-аналар үшін аса маңызды байқауларымен бөліседі. әңгіме тақырыбы қарым-қатынас, сөйлеу, оқушылардың сыртқы келбеті, балалардың мінез-құлқына байланысты басқа да өзекті мәселелер болуы мүмкін. Ата-аналар, сондай-ақ мұғалімдер мектептің миссиясын әлеуметтендіру институты ретінде түсінуі керек, себебі бала басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасаудың ең құнды тәжірибесін алады. Балалардың мінез-құлқы туралы әңгіме қозғаған кезде неғұрлым ибалы болу керек, балалардың жағымсыз әдеттері туралы көпшілік алдында айтудың қажеті жоқ. Жиналыстың бұл бөлімі білім алушылардың «күнәларын» тізбектейтін бөлімге айналмауы тиіс.
- психологиялық және педагогикалық білім беру.
Ата-аналар жиналысының бұл құрамдас бөлігін отырыстың күн тәртібіндегі жеке тармақ ретінде бөлудің қажеті жоқ; ол өзінің басқа құраушыларының құрылымына табиғи түрде қосылуы тиіс. Ата-аналардың психологиялық және педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыру сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі екенін естен шығармаған жөн. Мұғалім ата-аналарға педагогикалық әдебиеттің жаңалықтары, қызықты көрмелер, баламен бірге тамашалауға болатын фильмдер туралы ақпарат ұсынуына болады. Белгілі бір мәселелерді қамту үшін кездесуге психологты, әлеуметтік педагогты және басқа да мамандарды шақырудың мәні зор болып табылады.
- экскурсиялар, сынып кештерін, қажетті оқу құралдарын алуды және т.б. ұйымдастыру мәселелерін талқылау.
Ол жүргізілген жұмыстар туралы есеп және алдағы істер туралы ақпарат беру тәрізді екі компоненттен тұрады. Бұл қаржылық проблемалар ата-аналар комитетімен алдын ала талқыланып, осыдан кейін ғана ата-аналар жиналысына шығарылатындығын ескеру қажет.
- ата-аналармен жеке әңгімелесулер.
Бұл кезеңде оқуында, мінез-құлқында мен дамуында проблемалары бар балалардың ата-аналары ерекше назар аударарлық объектіге айналуы тиіс. Бұл кезеңнің өзіндік қиындығы – бұл ата-аналардың сынға ұшырайтын болғандықтан, ата-аналар жиналысына келмеуге, қатыспауға тырысатындықтарында. Сондықтан мінез-құлық қиындықтары туралы мәселелерді жеке кездесу барысында талқылаған дұрыс болады, сонымен қатар сынып жетекшісі бұл ата-аналардың бойында қауіпсіздік сезімін қамтамасыз
етуге, оларға бұл жерде көмек беруге жағдай жасалатыны туралы сендіру қажет.
«Мен сізді түсінемін!», «Мен сіздермен келісемін!» деген сөздермен басталатын қолдау тактикасы өте тиімді болады. Алайда бұл басқа балалардың ата-аналары назардан тыс қалуы тиіс дегенді білдірмейді. Ең бастысы сынып жетекшісі әр ата-анаға не айту керектігін білуі тиіс.
Бастауыш сынып ата-аналарына арналған жиналыстардың үлгілік тақырыптары:
- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері;
- Күн режимі және оның оқыту сапасына әсері.
- Әлем бірінші сынып оқушысының көзімен.
- Бірінші сынып оқушысының қабылдау ерекшеліктері.
- Оқудың бастапқы кезеңіндегі кітап оқудың рөлі. Кітап оқу білім көзі және тұлғаның қалыптасу негіздерінің бірі ретінде.
- Баланың танымдық қабілетін кеңейтудегі ойынның рөлі.
- Еңбек сүйгіштік қасиетті тәрбиелеу. Отбасындағы міндеттерді бөлу.
- Балалар және ақша. Отбасы бюджеті және бала.
- Бала тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлі.
Негізгі орта білім беру деңгейі білім алушыларының ата-аналарына арналған жиналыстардың үлгілік тақырыптары:
- Оқушылардың негізгі орта мектепте оқу жағдайларына бейімделуі: проблемалар мен міндеттер.
- Оқушылардың оқудағы жеке қиындықтары және оларды жеңу тәсілдері.
- Қашан оқу жеңіл?
- Қабілетті бала – табиғаттың сыйлығы емес. Қабілетсіз бала жоқ.
- Баланың мінез-құлқының мәдениетін тәрбиелеудегі отбасының рөлі.
- Жасөспiрiмдердiң психологиялық ерекшелiктерi.
- Кәмелеттік жасқа толу сезімін қалыптастырудағы және тәуелсіздікке ұмтылудағы отбасының рөлі.
- Психологиялық күйзеліс және жасөспірімдік шақ.
- Өсу кезіндегі қиындықтар және олардың ата-ана мен жасөспiрiмдер арасындағы қарым-қатынасына әсерi.
- Балалар тәрбиесіндегі «уақыт қайшысы».
- Оқушылардың одан әрі білім алу жолын таңдаудағы отбасы мен мектептің рөлі.
Жалпы орта білім беру деңгейі білім алушыларының ата-аналарына арналған жиналыстардың үлгілік тақырыптары:
- Жасөспiрiмдердiң мамандық таңдау және өзiн-өзi анықтау процесiндегi ата-аналардың рөлi.
· Жоғары мектеп жасының ерекшеліктері. Құндылық бағдарларын қалыптастырудағы ата-аналардың рөлі.
- Тұлғалық жетілу барысындағы қиындықтар және олардың мектептегі білімге әсері және т.б.
Сонымен қатар, ата-аналардың кез келген жиналысында білім алушылардың болашақ мамандықты таңдауы бойынша мәселені қозғауға болады. Алайда тақырыптық кездесулер бұған неғұрлым қолайлы болып саналады. Тақырыптық жиналыстарды ата-аналарды танымал және қазіргі уақытта сұранысқа ие болып отырған кәсіптер туралы ақпаратпен таныстыруға, сауалнама жүргізуге, психологияға қатысты тақырыптар туралы айтуға болады. Қызықты тақырыпта дәріс беруі үшін мамандарды шақыруға болады. Білім алушылармен кездесу өткізу қызықты нұсқа болып табылады, ол шығармашылыққа орын береді.
Мұндай ата-аналар жиналыстарының тақырыптары өте алуан түрлі болуы мүмкін, мысалы:
- «Баланың қабілеттерін анықтау әдісі»;
- «Еңбек білімі – еңбек қызметінде табысқа жетудің кепілі»;
- «Мамандық таңдау – өмір сүру сапасын таңдау»;
- «Мәселені шешу: қалаймын, мүмкін, маған керек»;
- «Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту – кәсіп таңдау жолындағы қадам» және т.б.
Қазіргі кезде сабақ кезінде де, жиналыстар мен кездесулер кезінде де пайдалануға болатын топтық жұмыстың заманауи түрлері өте көп. Бұл үлкен топта тиімді қарым-қатынас жасауға көмектеседі, сонымен қатар ата-аналар мұғалімдердің балалармен қандай форматта жұмыс істейтінін түсінеді.
«The World Cafe», brainstorming (әлемдік дәмхана, миға шабуыл), менталды карталар, модерациялық карталар, рейтинг/дауыс беру – бұл тәсілдердің барлығы ересектермен де, балалармен де жүргізуге болатын үлкен жұмыс түрлері болып саналады.
«The World Cafe», яғни әлемдік дәмхана әдісі – қызу талқылау, фокусталған бейресми талқылау ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл әдіс адамдар тобында ақпарат жинау, білім, тәжірибе алмасу, идеялар мен пікірлермен еркін алмасу, ұйымға немесе қауымдастыққа қатысы бар мәселелер туралы басқалардың не ойлайтынын есту қажет болғанда құнды көмекші болып табылады. Әлемдік дәмхана әдісі әрбір қатысушыны ашықтықтың, жеңілдіктің және психологиялық қауіпсіздіктің жайлы атмосферасын қалыптастыра отырып, тең дәрежеде сөйлесуге тартуға мүмкіндік береді [5].
Қолдану пайдалы болатын жағдайлардың мысалдары:
- бала тәрбиесіндегі жаңа стратегиялар үшін идеялар әзірлеу;
- проблемалық жағдайлардың себептерін зерттеу;
- маңызды мәселелер бойынша шешiмдердi бiрлесiп iздеу;
- ұжымдық тәжірибе, білім қалыптастыру;
- әртүрлі мәселелер бойынша пікір қалыптастыру;
- кешенді проблемалардың шешімін табу;
- бірнеше сұраққа жауап алу;
- топтық жұмысты жоспарлау;
- жобаны, конференцияны, оқытуды, жылды қорытындылау, тәжірибемен алмасу және т.б..
«The World Cafe» кеңістігінің құрылымы немесе мазмұны:
- кофе ханалардағы жағымды сөйлесулер атмосферасы;
- зерттеуді талап ететін сұрақтар, тақырыптар немесе проблемалар;
- шақыру;
- принциптер;
- қатысушылардың міндеттері;
- шынайы қонақжайлылық;
- жиналыс кезіндегі сиқыр атмосферасы;
- күтпеген, жаңа мысалдар, үлгілер мен мәліметтер. В чем сущность технологии Мировое кафе?
Әлемдік кафе – жанды талқылауды, фокусталған бейресми талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технология болып табылады [5].
Brainstorm немесе миға шабуыл әдісі – бұл қатысушылар өздерінің кез келген ойын айта алатын, нақты міндеттерді шешуге бағытталған әдіс. Осыдан кейін барлық идеялар талданып, ең жақсыларын тәжірибеде пайдалануға алуға болады.
Миға шабуыл әдісімен ата-аналар жиналысын өткізудің маңызды 6 ережесі:
- Дайындалыңыз. Барлық қатысушыларға жиналыстың өтетін уақыты мен орнын алдын ала хабарлаңыз, осылайша әркім өз уақытын жоспарлай алады. Өткізу орнының ыңғайлы екеніне көз жеткізіңіз.
- Жиналыс тақырыбын алдын ала айтпаңыз. Миға шабуылдың мәні — пікірталастың өзінде кенеттен пайда болған ұсыныстардың тууы.
- Жиналыс басындағы міндетті нақты тұжырымдаңыз. Мысалы, егер кездесу жаңа оқиғаға арналса, онда талқыланатын мәселелерді арнайы анықтау, яғни оқиғаның атауы, негізгі ұғымы.
- Бәрін жазып отырыңыз. Хатшы сайлаңыз. Бұл адам барлық идеяларды флипчартта не қағазда жазып отыруы тиіс, бастысы ештеңені назардан тыс қалдырмау қажет.
- Пікірталас процесінде басқаларды сынамаңыз және олардың сынға ұшырауына жол бермеңіз. Ережелер туралы алдын ала келісіп алыңыз, ешкім сөзді бұзбайды, бір-бірін сынамайды және кез келген идея назар аударуға лайықты.
- Бір уақытта 10 адамнан артық жинамаңыз. Үлкен топтарда жұмыс істеу нашар басқарылады және тиімді болмайды. Егер ұжымда адамдар көп болса, миға шабуыл тақырыбымен айналысатындар ғана емес, әр түрлі қызмет саланың адамдарын шақырудан қорықпаңыздар [6].
Менталды карта тәсілі – бұл бір ортақ идеядан ойдың табиғи ағымының көрнекі көрінісі, яғни идеяларды, тапсырмаларды, ұғымдарды және кез келген басқа ақпаратты ұйымдастыру әдісі болып табылады. Тіпті бұл схеманың пайда болуының өзі миға шабуыл жасауды тиімді жүргізуге, ноталар жасауға, ақпаратты сіңіруге және презентациялар жасауға көмектесетінін айқын көрсетеді.
Менталды карталар күрделі нәрселерді көзбен шолып құрылымдауға, есте сақтауға және түсіндіруге мысалы, сөйлеудің тақырыбын жазуға немесе оқу бағдарламасын жасауға көмектеседі [7].
Модерациялық карталар әдісі – идеялар мен пікірлерді жинау үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл әдіс топтық жұмыс барысында ойды немесе наным-сенімдерді талқылауға шығаруға мүмкіндік береді, осылайша ұжым бұл ақпаратты одан әрі жұмыс істеу процесінде зерттейді және пайдаланады. Жеңілдетудің бұл әдісі барлық қатысушылар білмейтін көптеген түрлі факторлары мен тараптары бар проблеманы зерттеу маңызды болған жағдайларда қажет. Сонымен қатар, бұл әдіс миға шабуылда, проблемаларды талдауда және шешімдер іздеуде сәтті қолданылады [8].
Жоғарыда аталған әдістерді ата-аналар жиналысын өткізу барысында қолдануды ұсынамыз.
Ата-аналар жиналыстарының келесі формаларын ұсынамыз:
- Әңгімелесу (сұхбаттасу).
Эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі, сонымен қатар
«әңгімелесу» сөзін түсіндірудің бір нұсқасы бойынша «ресми әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Әңгімелесу формасында өткізілетін ата-аналар жиналысын осылай қабылдау қажет. Мұғалім мен ата-ана арасында нақты тақырыпта ресми әңгіме жүргізіледі.
Әңгімелесу ата-аналар жиналысының дәстүрлі түрі болып табылады.
Әңгіменің тәрбие тұрғысында маңызы зор. Әңгімені профилактикалық мақсатта, мүмкін болатын жанжалдардың алдын алу мақсатында қолдануға болады. Жақсы әңгіме – ата-аналар мен балалар арасында және ата-аналар мен мұғалімдер арасында қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы құралы болып табылады. Әңгіме түріндегі жиналыс сенімді ахуал жасауға, қарым-қатынастың проблемалық жақтарын анықтауға көмектеседі. Мұндай жиналыстың құрылымы, әдетте, мұғалімнің қысқаша сөйлеген сөзі, мұғалім мен ата-ана арасындағы диалог және нәтижелерді қорытындылаудан тұрады.
Павлодар облысының білім беру басқармасы Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қоскөл» жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сыныптарының мұғалімі Беспаева Зауреш Космановна әзірлеген әңгімелесу формасындағы ата-аналар жиналысының үлгісін ұсынамыз (1-қосымша).
- Талқылау (пікірталас) жиналысы. «Талқылау» сөзі жиналыста немесе әңгімелесуде қандай да бір сұрақты талқылау деген мағынаны білдіреді. Сондықтан талқылау әңгіменің бір бөлігі болып табылады.
Ата-аналар жиналысын өткiзудiң бұл түрі қандай да бір даулы мәселені, балаларды оқыту мен тәрбиелеудiң кез келген даулы проблемасын талқылау қажеттiлiгi туындаған жағдайда пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда мұғалімнің жиналыста сөйлеген сөзі қысқарып, уақыттың көп бөлігі әр түрлі көзқарастарды талқылауға және талдауға арналады.
Талқылау (пікірталас) жиналысы ата-аналарға балаларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді,
сонымен қатар әр түрлі көзқарастар бойынша мәселені талдау қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. Талқылау талқыланатын тақырып көрсетiлетiн оқытушының немесе басқа маманның кіріспе сөзiнен кейiн басталады. Әдетте, талқылау аяқталғаннан кейін сарапшылардың пікірі талқылау барысында айтылған түрлі көзқарастарды талдау мақсатында тыңдалып, содан кейін ғана отырыстың қорытындысы шығарылады.
- Дөңгелек үстел – бұл, шын мәнісінде, түрлі мамандардың қатысуымен арнайы мәселелер бойынша пікір алмасатын әңгімелесу жиналысы. Жиналыстың осы түрін негіздеу үшін жиналысқа қатысушылар «дөңгелек» үстелді жағалай орналаса алады. Дөңгелек үстел түрінде өткізілген жиналысқа психолог, әлеуметтік педагог, дәрігер, логопед, ата-аналар мен педагогикалық қауымдастық өкілдері шақырылуы мүмкін. Кездесудің бұл формасы кез келген ауыр мәселелерді талқылауға, отырысқа қатысушылардың барлығының пікірлерін білуге мүмкіндік береді.
- Кеңейтілген ата-ана жиналысының бір түрі – конференция. Конференция түрлі ұйымдардың (балалар емханасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия, психологиялық орталықтар, мемлекеттік жол полициясы және т.б.), қызығушылық танытқан ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен өткізіледі. Ата-аналар кәсіпқой мамандардың сауатты жауаптарын тыңдау мүмкіндігіне ие болады.
Конференция белгілі бір шешімдер қабылдай алады және сол шешімдерді іске асыру жөніндегі шаралар кешенін анықтай алады. Ата-аналар жиналыс- конференцияларында білім алушылар белсенді мүше болатын қоғамның проблемалары жиі талқыланады. Ата-аналар конференциясына міндетті түрде қатысушыларды тарта отырып, мұқият және жан-жақты дайындалуы тиіс. Конференция проблемасы бойынша алдын ала әлеуметтанушылық немесе психологиялық зерттеулер жүргізуге және оларды талдауға, содан кейін конференция барысында зерттеу нәтижелерін пайдалануға болады. Ата-аналар конференцияның белсенді қатысушылары ретінде проблеманы талдауды өз тәжірибесі тұрғысынан да дайындай алады.
- Тренинг жиналыс – бұл жаттығулар жүйесі. Ата-аналар тренингі баламен өзара әрекеттесуді өзгерткісі немесе жетілдіргісі келетін ата-аналардың шағын тобымен жұмыс істеудің белсенді түрі. Тренингтің тиімділігі жоғары болуы үшін ата-аналардың екеуі де оған белсене қатысулары тиіс. Ата-аналар тренингін әдетте мектеп психологы өткізеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» педагог-психологы – Кабошева Гүлнұр Беркутовна және әлеуметтік педагогы – Тастемірова Данагүл Рахатовна әзірлеген 5 және 6-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
«махаббат баспалдағы» тақырыбындағы конференция-жиналысының үлгісін ұсынамыз (2-қосымша).
- Семинар жиналыс (семинар-практикум) – педагогтің жетекшілігімен өткізілетін топтық практикалық сабақтар. Семинар түрінде өткізілген ата-аналар
жиналысында мұғалім – мұғалім ретінде, ал ата-аналар белгілі бір тапсырманы тәжірибелік жолмен шешуге тырысатын оқушылар рөлінде әрекет етеді. Семинар формасында ата-аналар жиналысын өткізу ата-аналармен алдын ала
«теориялық» жұмыс жүргізуді талап етеді. Кездесуде мәселені шешу жолдарын талқылап қана қоймай, алынған ақпаратты практикада қолдануды үйрену және ата-аналарға танысу үшін ақпараттық материалдар берген дұрыс.
- Ұйымдастырушылық-белсенділік немесе іскерлік ойыны түріндегі жиналыс – қойылған мәселе ойын процесінде шешіліп, оған қатысушылар әр түрлі рөлдерді орындап, мәселені әр түрлі адамдардың көзімен көруге тырысатын қызмет түрі. Ойын барысында қатысушылар «балалар», «мектеп әкімшілігі», «мұғалімдер», «ата-аналар», «сарапшылар» болып топтарға бөлінеді, мәселені шешу жолдары мен тәсілдерін іздейді. Әр топ мәселеге өз талдауын дайындап, оны шешудің жолын белгілейді. Мәселені ұжымдық талдау нәтижесінде оның бір немесе бірнеше шешімі табылды.
- Педагогикалық шеберхана – бұл өз ісінің шеберлері жұмыс істейтін орын. Мұғалім ата-аналар жиналысын педагогикалық шеберхана түрінде ұйымдастыра алады, онда «шеберлер» - ата-аналар, «шеберлер» - мұғалімдер өз дағдыларымен бөлісіп, баланың тұлғасын дамытуға ықпал ететін педагогикалық тәсілдерді көрсетеді. Семинарға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесетін белгілі бір рөлдерді орындай алады.
- Ауызша журнал – әр түрлі авторлардың шығармаларын, ғылыми мақалаларды, ноталарды, сынақтарды, иллюстрацияларды, пайдалы кеңестерді және т.б. қамтитын кітап түріндегі мерзімді басылым. Ата-аналар жиналысында алдын ала немесе тікелей жиналыс барысында дайындалатын ауызша журналдың беттерін «ашып» отыруға болады. Бұл жерде мұғалім үшін де, ата- ана үшін де шығармашылық алаңы бар.
- Сұрақтар мен жауаптар кеші – ата-аналар жиналысын өткізудің толық түсінікті формасы. Ата-аналар алдын ала белгіленген тақырып шеңберінде сұрақтар дайындайды. Сынып жетекшісі сұрақтарға жан-жақты және сауатты жауап бере алатын мамандарды шақыруы тиіс.
- Ата-ана рингі, ринг – бокс ойнайтын алаң, сондықтан ата-аналар жиналысы жарыс түрінде өткізіледі. Бұл жерде педагогикалық проблемалар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, екі отбасы сайысқа түсе алады. Бәсекелес ата-аналардың ұстанымдары, пікірлері әр түрлі болуы мүмкін. Қалған ата-ана аудиториясы талас-тартысқа түспейді, тек қол шапалақпен ғана қолдайды. Ата-аналар рингіндегі төрешілер сынып оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер бола алады.
- Конкурс түріндегі жиналыс. Мұндай ата-ана жиналысының атауы ең үздік қатысушыларды анықтау мақсатында біреудің немесе бір нәрсенің, мысалы, әкелердің, идеялардың, не жұмыстың, не отбасылық жетістіктердің байқауын ұйымдастырылатындығын білдіреді. Ата-аналар жиналысында табысқа қалай қол жеткізгені туралы әңгімелер айтылуы тиіс. Әрине, байқау барысында қазылар алқасы жұмыс істеп, жеңімпаздарды іріктеп алады. Мысалы,
«Әкем, анам және мен – кітап оқитын отбасымыз» байқауын өткізуге болады.
Оның барысында ата-аналар баланың оқуға деген қызығушылығын ояту жолдарымен, отбасылық тәрбиелеу тәжірибесімен бөліседі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі
- Жангудина Раушан Файзуллинқызы әзірлеген «Ел құндылығы – отбасылық тәрбиеде» тақырыбындағы интеллектуалды сайысының үлгісін ұсынамыз (3- қосымша).
- Презентация жиналыс. Отбасылық тәрбиенің ерекше тәжірибесімен, дәстүрлі емес оқыту әдістерімен, баспаның жаңа басылымдарымен, оқулықтармен және т.б. жаңадан құрылған жаңа нәрсені көпшілік алдында таныстыру. Презентацияны психологтарды, заңгерлерді, дәрігерлерді және басқа да мамандарды тарта отырып өткізген жөн.
- Жеке және топтық тақырыптық кеңестер отбасымен қарым-қатынас жасаудың маңызды формаларының бірі болып табылады. Ата-аналардың қорқыныштарын, өз баласы туралы айтудан қорқуды жеңу үшін жүргізілетін жұмыс түрі. Кеңес беруге дайындық барысында сыныптың тәрбие жұмысын жоспарлауға көмектесетін бірқатар сұрақтарды алдын ала анықтаған дұрыс. Жеке және топтық консультациялар ата-аналар мен мұғалім арасында жақсы байланыс жасауға ықпал етуі тиіс. Мұғалім ата-аналардан бейресми жағдайда өзінің баламен кәсіби жұмыс жүргізуі үшін қажетті маңызды ақпаратты білуге мүмкіндік алуы тиіс. Ақпарат келесідей болуы мүмкін:
- баланың денсаулығындағы ерекшеліктер;
- оның қызығушылықтары мен хоббиларын анықтау;
- отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері;
- мінез-құлық ерекшеліктері мен әртүрлі жағдайларға реакциялары;
- мінезіндегі ерекшеліктері;
- оқу уәждемесі;
- отбасының адамгершілік құндылықтары.
- Ашық есік күндері – ата-аналардың сабақтан тыс, мектептен тыс іс- шараларға, психологтармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен кездесуге келетін күндері, яғни ата-аналар мен мұғалімдердің тиімді қарым-қатынас жасау формасының бір түрі.
Ашық есік күндері:
- мектепте жұмыс істейтін үйірмелер, секциялар, қосымша сабақтар, экскурсиялар туралы ақпарат бар стендтер;
- білім алушылардың шығармашылық жұмыстары ілінген стендтер;
- білім алушылар жеңіп алған грамоталардан, кубоктар мен медальдардан көрме ұйымдастыру;
- мектеп түлектерінің түскен оқу орындарының атаулары, сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеуден алынған балл туралы ақпараттар;
- мектептің дәстүрлерімен және білім алушылардың шығармашылығымен таныстыру;
- ата-аналардың ашық сабақтарға қатысу мүмкіндігі;
- сыныптан тыс іс-шаралар;
- ата-анар комитеті мүшелерінің мектеп әкімшілігімен кездесулері және т.б. іс-шаралар.
- Балалардың мінез-құлқы мәдениеті, үй кітапханасын құру, отбасылық мерекелерді ұйымдастыру және т.б. тақырыптарда ата-аналардың шағын топтарына арналған практикалық сабақтар.
- Сенім телефоны –белгілі бір күндер мен сағаттарда ата-аналарға сынып жетекшісімен баланы тәрбиелеудің маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік беруге арналған жиналыстың бір түрі.
- Ата-аналарды экскурсиялар, жорықтар, мерекелер ұйымдастыруға тарту. Бірлескен мерекелер, конкурстар, сайыстар өткізу.
Жоғарыда аталған iс-шараларды жүйелi iске асыру бiлiм беру процесiн неғұрлым ашық ете түседі, бұл мектеп пен отбасы арасындағы қарым- қатынастың сапасына оң әсерiн тигiзерi сөзсіз.
Қорытынды
Дәстүрлі ата-аналар жиналысының форматын жаңа форматқа өзгерту бүгінгі күннің талабы болып отыр. Бұл үшін мұғалімдерге аналар мен әкелер тарапынан белсенділік қажет. Ата-аналар жиналысының маңызды функциясы ол
- команда құру. Отбасы мен мектеп арасындағы алшақтықты жою үшін
«мұғалім-оқушы- ата-ана» қағидаты бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажет. Жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстары – бұл «мұғалім-оқушы-ата-ана» үштіктің тиімді өзара әрекеттесуі.
Ата-аналар жиналысын өткізу мектептің тәрбие жұмысында, ата-аналар мен педагогтердің ынтымақтастығында қажетті, негізгі қарым-қатынастың түрі. Ата-аналар жиналысы – бұл мұғалімдер мен ата-аналар кездесетін орта,
онда оқу-тәрбие процесіндегі мәселелері талқыланады, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары анықталады, білім алушыларды тәрбиелеуге көмек көрсетіледі.
Мектеп пен отбасы байланысының және ата-аналар арасында педагогикалық білімді насихаттаудың негізгі формаларының бірі – қоғамдық пікірді қалыптастыратын ата-аналарды тәрбиелеу мектебі, ата-аналар ұжымы, яғни ата-аналар жиналысы.
Ата-аналар жиналысы ата-аналарға арналған тәрбиелік аспектіні қамтуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың сәттілігінің көп бөлігі отбасының деңгейі мен өмір салтына, ата-аналардың отбасында қолайлы жағдай жасау қабілетіне байланысты.
Қазіргі уақытта барлық отбасы мүшелерінің өмірін жақсартуға ықпал ететін ата-аналарды балаларын тәрбиелеуге, отбасындағы өмір дағдыларына үйретуде семинарлар мен жаңа форматтағы ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру қажет. Сынып жетекшісі, психолог ата-аналар жиналысында тәрбие мәселелерін шешуде көмек көрсете алады.
Ата-аналар жиналысы – ата-аналар үшін педагогикалық ақпарат көзі. Мектепте әкімшілік, сынып жетекшілері ата-аналардың сұранысын талқылайды және тұжырымдайды, жиналыстың күтілетін нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін айқындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Х1. https://wiki5.ru/wiki/Parent-teacher_conference
Х 2. https://studylib.ru/doc/4297205/3.-funkcii-roditel._skogo-sobraniya
Х 3. https://wiki5.ru/wiki/Parent-teacher_conference
Х 4. https://wiki5.ru/wiki/Parent%E2%80%93teacher_association
Х 5. https://mmf.bsu.by/wp-content/uploads/2021/03/mirovoe-kafe.pdf
Х 6. https://les.media/articles/795856-chto-takoe-brainstorming-i-zachem-on- nuzhen-proektu-for-landing
Х 7. https://trends.rbc.ru/trends/education/602e8b029a79479cc9e27696
Х 8. https://blog.mangogames.ru/moderatsionnye-karty-akumulyatsiya-idej
Қосымша
- қосымша
Павлодар облысы Ертіс ауданы «Қоскөл» жалпы орта білім беру мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Беспаева Зауреш Космановнаның «Ата- ана махаббатының даналығы» атты бастауыш сыныптағы ата-аналар жиналысы
Өткізілу формасы: әңгімелесу.
Мақсаты: балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, ата-аналардың мінез-құлқын талдау және балаға деген сүйіспеншіліктің жағымды түрлеріне назар аудару.
Міндеттері:
- ата-аналардың балаға тәрбиелік әсер етуінің жағымды жақтарын қарастыру;
- ата-аналардың санасына олардың ата-ана махаббатын сөзсіз көрсету қажеттілігін жеткізу;
- ата-аналардың бала – ата-ана қарым-қатынастарының эмоциялық құрамдас бөлігінің маңыздылығы туралы түсінігін кеңейту;
- ата-аналар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасын жақсарту, олардың бірлескен қызметінің ауқымын кеңейту.
Қажетті құрал-жабдықтар: презентация көрсететін интерактивті тақта; сөздері бар парақ-сәулелер, ата-аналарға арналған жадынамалар, күн дискісі сызылған плакат; «Біз қандай ата-анамыз» деген тест сұрақтары.
Жиналыстың барысы:
Кіріспе. Фариза Оңғарсынованың «Бала» өлеңі. Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп, жаман бала жауыңа талатады.
Әке, шеше болу да – сынақ қатал, уын, балын күліп те жылап татар. Жақсы бала алысты жақындатып, жаман бала достан да жырақтатар. Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі, байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды, жаман бала тірілей өлтіреді.
Баласызда Күн нұрсыз, жылдар мұнар, өзге мұраң – тайғанақ, шыңнан құлар. Жаман бала төбеңнен жай түсіріп,
жақсы бала жасартып нұрландырар. Түсіп талай бала үшін иірімге,
қорланбайсың біреуге иілуге.
Бұлт пен шуақ секілді жаныңа нәр балаң үшін күю де, сүйіну де!
І. Негізгі бөлім.
- ата-аналармен сәлемдесу.
Отбасындағы қарым-қатынас туралы, ата-аналардың балаларына деген сүйіспеншілігі туралы айту ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайтындығы белгілі. Бұл тақырып барлық ата-аналарды, ата-әжелерді толғандыратыны сөзсіз. Отбасындағы бүгінгі қарым-қатынасты түсіну үшін ата-аналар жиналысын «Біз қандай ата-анамыз» атты тест жұмысын орындаудан бастауды ұсынамын, бірақ біз бұл тесттің нәтижесін дауыстап талдамаймыз. Қойылған сұрақтарға тез әрі ашық жауап беруге тырысыңыздар.
Бұл жұмыстың мақсаты – отбасындағы осы жағдайды қаншалықты дұрыс бағалайтындығыңызды анықтау немесе соған көз жеткізу болып табылады.
- Мен сіздерге 14 сұрақ ұсынамыз, сіздер сол сұрақтарға тез және ашық жауап берулеріңіз керек. Сұраққа жауап бергенде «иә», «ішінара», «кейде»,
«жоқ» деген сөздердің бірін жазу керек.
- Сіздің отбасыңызда балалармен өзара түсіністік бар деп ойлайсыз ба?
- Балалар сізбен «шын жүректен» сөйлесе ме, «жеке мәселелер бойынша» кеңес сұрай ма?
- Олар сіздің жұмысыңызға қызығушылық таныта ма?
- Сіз балаларыңыздың достарын білесіз бе?
- Балалар сіздермен бірге үй шаруасын орындауға қатыса ма?
- Олардың үй тапсырмасын қалай орындайтындарын тексересіз бе?
- Балаларыңызбен бірге қызығып орындайтын ортақ іс-әрекеттеріңіз немесе хоббиларыңыз бар ма?
- Балалар отбасылық мерекелерге дайындыққа қатыса ма?
- Балаларыңыз «Балалар мерекесіне» сіздің қатысқаныңызды немесе
«ересектерсіз» өткізгенді қалай ма?
- Балаларыңызбен оқыған кітаптарды талқылайсыздар ма?
- Теледидар бағдарламаларын немесе кітаптарды талқылайсыздар ма?
- Сіз театрларға, мұражайларға, көрмелер мен концерттерге бірге барасыздар ма?
- Балаларыңызбен серуенге, жорыққа шығасыздар ма?
- Еңбек демалысыңызды балаларыңызбен бірге өткізгенді жақсы көресіз бе әлде ұнамай ма?
Нәтижелерді есептеу кезінде келесідей балл қою қажет:
«Иә» жауабына – 2б.
«Ішінара», «кейде» – 1б.
«Жоқ» жауабына – 0 б.
Жиналған баллдардың санын санап жазыңыздар. ІІ. Жиналыс тақырыбы бойынша жұмыс.
2. Тақырыптың өзектілігі
Ата-ананың махаббаты – баланың эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі. Өсе келе балалар «Сен мені жақсы көресің бе?» деген сұрақ қояды.
- Біз қандай ата-ана болсақ та, бұл сұраққа әрдайым жағымды жауап бере аламыз ...
Ал шын мәнісінде біз баламызды қалай жақсы көреміз, тіпті жақсы көре аламыз ба, бұл туралы ойланбайтындығымыз сөзсіз. Өмір мен ғылым балалардың, демек, ата-аналардың да барлық қиыншылықтары отбасы тәрбиесінің қателіктерімен түсіндірілетінін дәлелдейді. Олардың бастысы махаббатымызды сөзбен айтпайтындығымызда және өз балаларымызды мадақтап, қолдауға қабілетсіздігімізде.
Бірақ бала үшін ең бастысы – оны қазіргі болмысында қабылдап, дәл осы түрінде жақсы көру болып табылады.
Психологтар мен мұғалімдер ата-ананың балаларға деген сүйіспеншілігінің көптеген түрлерін анықтады, жақсы көрудің арасында балаларды тәрбиелемейтіндері керісінше бүлдіретін түрлері де бар екені белгілі болды. Солар туралы толығырақ қарастырайық.
Елжіреу махаббаты.
Бұл инстинкті, жөнсіз, кейде аңқау махаббат. Ол неге әкеледі? Өз тұлғасына әрдайым елжіреу атмосферасында тәрбиеленген бала «болмайды»,
«қажет» ұғымдарын білмейді. Бала өзінің ата-ана алдындағы парызын білмейді, еңбек етуді қажеттілігін керектігін білмейді және түсінбейді. Ол өзіндік қажеттіліктері мен қалауы бар басқа адамдарды байқамайды және байқағысы келмейді. Баланың бойында ерте жастан бастап адамның ізгі ниеттері туралы теріс ұғым қалыптасады, ол адамға және адами қасиетке сенбейді.
Ұсақ іліктер және үнемі жазғырулар есту арқылы бала қаталданады. Бұл ата-аналардың өз билігін пайдалана алмауына байланысты болады.
Сатып алынған махаббат. Ата-аналар өз міндеттерін баланың барлық материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде ғана көреді. Отбасында рухани бостық, маңызсыздық атмосферасы орын алған. Баланың ата-ана махаббатындағы тапшылығы қаншалықты көп болса, оның материалдық алмастырғыштарды алуға деген ұмтылысы да соғұрлым көп болады. Баланың бойында жанашырлық, мейірімділік деген ұғымдар мүлдем қалыптаспайды. Ересек болған шағында, басқа адамдармен қарым-қатынас құрған кезінде, балалар жалған құндылықтарды (ақша, материалдық тауарлар) таңдайды.
- Топтық жұмыс.
- Сіздер теорияны тыңдадыңыздар. Енді ата-ана махаббатының түрін тәжірибе жүзінде анықтауға тырысып көрейік (ата-аналарға мәтіндер ұсынылады, оларды оқиды және қай түрге жататынын анықтайды).
- Эмоциялық индукция (тәжірибе деректері негізінде жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін болжаумен байланысты қорыту түрі).
Ата-ананың шын махаббаты қандай болуы тиіс? Біздің балаларымызға махаббаттың қандай көріністері қажет? Ата-аналар жұмыстың көптігіне, бос
еместігіне, балаларын тәрбиелеп отыруға уақыттары жоқ екеніне жиі шағымданады. Әлеуметтанушылардың жүргізген зерттеулері бойынша, ана мен әкенің балаларды тәрбиелеуге күн сайын небәрі 17 минут қана уақыттары болатыны анықталған.
- Осы уақыт ішінде балаңызға не бере алатыныңыз туралы ойланып көріңіз.
- Бүгін біз ата-аналардың тәрбиедегі қателіктерін талқыламаймыз. Біз балаларымызды қаншалықты жақсы көретінімізді туралы сөйлесейік.
«Баламды қалай жылытамын, оған деген сүйіспеншілігімді қалай көрсетемін?». Балаларымызға деген сүйіспеншілікті білдіретін күн көзі бейнесін жасауды ұсынамын. Өзіңізге қажетті сәулені таңдаңыз (сәулелерде махаббат, қамқорлық, құрмет, сүйіспеншілік және т.б. сөздер жазылған). Егер өзіңіздің тарапыңыздан басқа сәуле қосқыңыз келсе, таза сәуле мен маркерді пайдаланып жазыңыз.
- Бізде не пайда болды? (Мен өз махаббатымды көрсетемін ...).
III. Қорытынды бөлімі.
- Жиналыстың соңында мен сіздерге «өз балаңызды жақсы көру формуласын» сыйлағым келеді. Әрине, сіздердің ата-аналық махаббаттарыңызсыз, бұл формула жарамсыз болады.
Сөзсіз махаббат:
баланың сыртқы келбетіне,
оның артықшылықтары мен кемшiлiктерiне, қабілеттеріне,
сондай-ақ, бүгінгі мінез-құлықына да байланысты болмайды
- Балаңызға «Мен сені жақсы көремін, біз әрқашан жаныңдамыз, біз біргеміз, біз бәрін жеңеміз» деген сөздерді айтып отыруды ұмытпаңыздар.
Балаға деген махаббат формуласы (ата-аналарға арналған жадынама)
Ата-ананың шын махаббаты балалармен қарым-қатынаста айқын әрі жарқын көрінеді. Америка психологтары махаббаттың төрт қырын анықтады:
Баланы тыңдай білу. Баланың айтқанына қызығушылық танытқан ата- аналар шын мәнінде дана ата-аналар, өйткені олар балаға деген өз сезімдері мен тәжірибелерінің сан алуандығын білдіруге мүмкіндік береді.
Баланың сөйлеу мәнері. Егер балаңызбен нәзік, сүйіспеншілікпен және құрметпен сөйлесуді үйренбесеңіз, онда ол сізбен қарым-қатынас жасаудан аулақ болады.
Баланы жазалау әдісін білу. Дана ата-ана баланы теріс қылық жасағаны үшін жазалай отырып, есікті тарс жауып кетіп қалмайды. Оны өзінен итермейді, ата-ана махаббатына сендіре отырып, оның жанында қалады, бұл қайталанбайтынына сенім білдіреді.
Баланың дамуына көмек көрсету. Баланың өз күшіне сенімсіздік сезімімен өмір сүретінін есте сақтаңыздар. Сіздің мінез-құлқыңыз оған «Мен сені осы қалпыңда жақсы көремін. Мен әрқашан сенің жаңында боламын» дегенді білдіріп тұруы тиіс.
- қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» педагог-психологы – Кабошева Гүлнұр Беркутовна және әлеуметтік педагогы – Тастемірова Данагүл Рахатовна әзірлеген 5-6 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
«Махаббат баспалдағы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
Мақсаты: «Адами ұстанымдардың бала тәрбиесіндегі құндылықтарды анықтау арқылы, отбасылық махаббат баспалдағын құру»
Міндеті:
- ата-аналар өз ойларын ашық айтатын алаң құру;
- ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;
- ата-аналарға бала тәрбиелеудегі құндылықтардың рөлін жеткізу. Қатысушылар: 5-6 сынып оқушыларының ата-аналары.
Жүргізілетін орны: Акт залы.
Акт залының безендірілуі: түрлі түсті шарлар, алдын ала дайындалған фотоальбом көрмесі, кіші алаңға арналған арнайы – отбасылық логотиптер.
Өткізу форматы: конференция немесе ата-аналардан құралған кіші алаңдар арқылы ой толғау.
Құрал-жабдық: интерактивті тақта, стақандар, құмыра, үлестірмелі қима қағаздар, микрофон, жадынамалар.
Тренинг алдында: https://youtu.be/BAYXIZHESFs - Омар Хаямның жанға жайлы сабырлы әуені.
Конференция-жиналыстың барысы.
«Махаббат баспалдағы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысын әлеуметтік-психологиялық қызметінің төрайымы, мектеп директорының сөзімен ашылады (Кіріспе сөз).
Әлеуметтік-психолоиялық қызмет.
Сәлеметсіздер ме Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Махаббат баспалдығы» атты ата-аналар жиналысымызға қош келдіңіздер. Келесі бейнероликке көңіл- аударуларыңызды сұраймыз.
«Стақан» техникасы.
Алдарыңызда үш стақанда таза су тұр. Олардың әрқайсысын таза сезімдермен туған, әлі қалыптаспаған бала деп елестетіп көрейік. Бұл сіздің балаңыздың кіршіксіз таза жүрегі.
Бірінші стақанды алып, оны өзгеріссіз қалдырайық. Біз оған біздің назарымызға ілінбей кездейсоқ бір нәрсе түсуі мүмкін екенін нақты білмейміз.
Екінші стақандағы суға топырақ салып, араластырайық.
- «Стақанда не қандай өзгеріс болды?».
Қатысушылардың жауабы: «Су ластанды және қара түске боялды». Үшінші стақандағы суға алтын ұнтағын қосамыз.
- «Бұл стақандағы суда қандай өзгеріс болды?».
Қатысушылардың жауабы: «Су алтын ұшқындарымен жарқырады, ерекше көрініске ие болды.
Сонымен, алтын ұнтақтары Сіздің балаңыздың кіршіксіз жарқыраған көңілін көрсетсе, топырақ салғандағы лай су – тәрбиелеуде кедергілер кездесетінін білдіреді. Баланы назардан тыс қалдырып, қадағалау жасамасақ тәрбиедегі қиындықтар одан әрі көбейе береді. Біз ересектер, яғни ата-аналар баламызға айқайлау, ұрсу, оларға наразылық білдіру, қорлау тәрізді тек «лас» жағымсыз эмоциямызды көрсетсек, кейін бала бізге де дәл сондай позицияда жауап бере бастайды. Біз балаға деген махаббатымызды ашық көрсетіп, құрметпен, тәрбиемізге «алтын ұнтақты қосып отырсақ», кейін бала да бізге қайырымдылықпен, қоғамға деген жанашырлықпен жауап береді деген қорытынды жасауға болады.
Ата-ана болу ересек адам қабылдай алатын ең терең жауапкершілік сезім. Ең бастысы, ата-аналық парыздың ерекше рөлі – балаларын сүю және тәрбиелеу, сондай-ақ баланың бойында өзін-өзі жоғары бағалау және өзіне деген сенімділік сезімдерін қалыптастыру.
Талқылау сұрақтары:
- Ендеше осы жиналысымызды СІЗ бен БІЗ болып махаббат баспалдағы арқылы тәрбиенің биік шыңы махаббаттан бастау алатын өркениетті, мәдениетті, иман жүзді тұлғаны қалыптастыру үшін, қатысушылар тарапынан қандай ӘРЕКЕТТЕР керек деп ойлайсыз?»
«Ашық микрафон» әдісі қолданылады, әр қатысушы өз ойын айтып ортаға салады.
Осыдан кейін АҚТ – Castlots.org – қосымшасы арқылы ата-аналар кездейсақ таңдау арқылы төрт алаңға бөлінеді.
Негізгі бөлім:
«Құмыра» жаттығуы.
Мақсаты: әр алаң құндылықтарының негізгілерін анықтап алып, отбасына лайықты деген құндылықтарды махаббат баспалдағының әр сатысына орналастыра отыра тәрбие шыңы махаббат мәресіне жету. Баланың үлкен өмір жолына бағыт-бағдар беру».
Жүргізілу барысы: Ата-аналар төрт ашық алаңға бөлініп отырады. Әр үстелдің үстінде қолдан жасалған 5 сатылы баспалдақ тұрады. Әр алаңға бірдей төрт құмыра беріледі. Құмыраның ішіне тәрбие үрдісінде кездесетін түрлі құндылықтар жиынтығы салынған.
1-құмырада:
| 2-құмырада:
|
|
|
3-құмырада:
| 4-құмырада
|
Ашық алаң қатысушыларына нұсқаулық: «Құмыраның ішінде түрлі құндылықтар бар. Сіздің өміріңізге, бала тәрбиесінде қай құндылықтар басым, сол құндылықтарды бесеуін негізге ала отырып – ақылдасып, бір шешімге келіп
- өз ашық алаңыздың – «махаббат баспалдағын» құрасыздар?», яғни бұл жерде әр ата-анаға түрткі болатындай құндылықтар кездесіп, біраз тәрбие бағытына бағдар ала алады. Барлық қатысушыларға ортақ тақырып болған соң, өзара пікір алмасып, ой бөліседі. Үстелдің үстінде тұрған қолдан жасалған сатыға өз жауаптарын қою арқылы, әр алаң ата-аналарының ой-пікірлері тыңдалынып, сол құндылықтарды тізбектей келе махаббат шыңы баспалдағын анықтайды. Әр ашық алаңның жауаптарын естіп, тыңдап негізгі деген құндылықтарды шығарамыз. (Интерактивті тақтаның басты бетінде баспалдақтың суреті бейнеленіп тұрады).
Әлеуметтік-психологиялық қызметкері барлық ашық алаң қатысуышларының жауаптарын тыңдай келе экран бетіне бала тәрбиесіндегі негізгі құндылықтарды шығарады. Осындай жаттығулар арқылы ата-ана өзіне біраз ой-түйіп, бала тәрбиесіндегі негізгі құндылықтарды көре алады.
Осылайша ата-ана, бала, мектеп болып үштік одақта жұмыс жасап
«Махаббат баспалдағы» арқылы, ата-аналарға баланың өмірінде көрініс табатын негізгі құндылықтарды көрсетеді.
Қорытынды: «Ата-аналарды бір алаңға біріктіру арқылы өмірде аса маңызы – бала тәрбиесіне көңіл-бөлуге, оны махаббат баспалдағы арқылы шығуға болатынын жеткізу, олар «ШЫДАМДЫЛЫҚ», «АНА СҮТІМЕН ДАРЫҒАН – ТІЛ», «ӘР КЕЗДЕ ҚОЛДАУ, ҚОРҒАН БОЛУ, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ».
Ата-ана болу оңай емес, ата-ана болу үлкен өнер. Ол үшін – үлкен шыдамдылық, өз ана тіліңде сөйлеу, әр кезде қолдау көрсету, корған болу және де үнемі өзін-өзі жетілдіру қажет. Әр құндылықтың астарында терең ой бар.
Ата-аналарға «Махаббат баспалдығы» жадынамалары ұсынылады.
«Ашық микрофон әдісі». Талқылауға арналған сұрақтар:
- Жаттығу барысында қандай кедергілер болды?
- Жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыз?
- Жаттығудан өзіңізге не алдыңыз?
Жаттығу соңында әр алаңнан бір өкіл қорытынды сөз сөйлейді. Рефлексия: https://youtu.be/ccbLepX0YHs
- қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы № 25 жалпы білім беретін орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі
- Жангудина Раушан Файзуллинқызының
«Ел құндылығы – отбасылық тәрбиеде» тақырыбындағы ата-аналар
жиналысы
Күн тәртібінде:
- 1-тоқсанның қорытындысы.
- «Зерде» интеллектуалды сайысы.
- Әртүрлі мәселелер
- Кіріспе сөз.
Балаларды саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасының, білім беру ұйымдарының және қоғамның бірден-бір парызы, асыл мұраты. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы – ата- ана. «Балапан ұяда нені көрсе , ұшқанда соны іледі», - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды , болашақ өркениетке қосар үлесі зор болады. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады.
Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.
- Психологиялық тренинг.
Алдымен бәріміз дөңгеленіп тұрып, психологиялық ахуал орнатып алайық. Психологиялық тренинг «Менің түймедағым» деп аталады. Сіздердің
әрқайсыңызға түймедақ гүлін таратамын. Сіздер осы гүлдің ортасына өз балаңыздың атын жазып, күлтешелеріне өз балаңыздың жақсы қасиеттерін жазасыздар. Гүл сегіз күлтешеден тұрады, демек сегіз қасиетін жазыңыздар.
Келесі ойын «Көз жанарынан тану» деп аталады, үстелде балаларыңыздың көздерінің суреті бар, өз балаларыңызды жанарынан тани аласыздар ма, қазір соны байқайық. Бір-бірден келіп аласыздар (ауысып кетпес үшін, мен өзіме қарындашпен белгілеп қоямын).
- Қиын ба?
- Бәрі бірдей сияқты, бір-біріне ұқсас.
- Сонда ата-аналар біз өз балаларымызды жанарынан тани алмайды екенбіз. Бұдан не байқауға болады деп ойлайсыздар?
Балаларымыздың жақсы қасиеттерін білгенмен, көз жанарынан айыра алмайды екенбіз. Әлі де болса балаларымыздың ішкі жан дүниесіне үңіле бермейтіндігіміз байқалып қалды. Күнделікті өмірде баламыздың ішкі жан дүниесіне мән бермейміз, жеке сөйлеспейміз, уақыт бөле қоймаймыз, тұра тұр, сосын деп артқа қалдырамыз.
Алдағы уақытта осы кемшіліктермен жұмыс жасауымыз керек.
- Бүгінгі ата-аналар жиналысын «Зерде» интеллектуалды сайысы түрінде өткіземіз.
- Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәлім, тәрбие табар ма? Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда.
Қатысушыларды «Ойшылдар» және «Тапқырлар» атты 2 топқа бөлу.
«Ойшылдар» Ұраны: Білегіңе сенбе, біліміңе сен | «Тапқырлар» Ұраны: Күш білімде, білім кітапта |
І «Ширату» сайысы.
Әр топқа алты сұрақтан қойылады. Сұрақтарға тез және дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Ойшылдар» тобының сұрақтары:
- А. Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45).
- Мәңгі жасыл өсімдік (шырша).
- Ең алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров).
- Ересек адамда неше тіс болады? (32).
- Биылғы жыл қандай жыл деп аталады? (Балалар жылы).
- Мектебіміздің кітапханасы қай қабатта орналасқан? (1 қабатта).
«Тапқырлар» тобының сұрақтары:
- М. Әуезов жазған тұңғыш эпопея (Абай жолы).
- Ең ірі құс? (түйеқұс)
- Қазақтың бұлбұлы, күміс көмей, әншісі кім? (Р. Бағланова).
- Көкжиектің төрт тұсын ата (Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс).
- Жер макеті қалай аталады? (Глобус)
- Мектебіміздің спортзалы қай қабатта орналасқан? (2 қабатта)
ІІ «Суретке тіл бітсе…» сайысы. Сайыскерлер қоржында жасырылған суреттің бірін алады. Суретке қарап шағын әңгіме құрастыру керек.
Бірінші сурет – «Менің отбасымның құндылықтары».
Екінші сурет – «Ұлттық құндылықтарымыз». Қамшы, киіз үй, домбыра, бесік туралы білетіндерін қағаз бетіне түсіреді.
III «Жағдаятан шығу»
«Ойшылдар» тобына Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы орындамап едім, апай сұраса, «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы - деп балаңыз өтініш айтты. Осы жағдаятқа қандай шешім шығаруға болады? | «Тапқырлар» тобына Балаңыз мектептен өз қуанышын жасыра алмай, үйге айғайлап кірді: – Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым. |
Ата-аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын (қуаныштарын, реніштерін нақыл сөздерді қолданып ) көрсетеді.
Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі. - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміті, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді де саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
Кері байланыс. Ата-аналар өз ұсыныстарын, жиналыстан алған әсерлерін жазады. Ұсыныстар алдағы жиналыста ескеріледі.
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................... | 3 | |
1 | Ата-аналар жиналыстары: мақсаты, міндеттері, функциялары........ | 4 |
2 | Ата-аналар жиналысын өткізудің шетелдік және отандық тәжірибесі.............................................................................................. | 7 |
3 | Республиканың орта білім беру ұйымдарында жаңа форматта ата- аналар жиналыстарын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар..... | 9 |
Қорытынды....................................................................................................... | 20 | |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................... | 21 | |
Қосымша........................................................................................................... | 22 |
Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Әдістемелік ұсынымдар
Басуға 15.11.2022 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 4.