Оқушыларға арналған антитеррорлық қауіпсіздік тәрбие сағаты өтті.
2025 жылғы 19 желтоқсанда мектепте әскери дайындық пәнінің мұғалімі және сынып жетекшілері өткізген антитеррорлық қауіпсіздікке арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларға терроризмнің қауіптілігі туралы түсінік беру және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Сабақтар барысында оқушыларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, күмәнді жағдайларда дұрыс әрекет ету және төтенше жағдайда тиісті органдарға хабарласу жолдары түсіндірілді.