Республика күніне орай "Туған елім Қазақстаныма арнаймын" авторлық
19 қазан күні Республика күніне орай "Туған елім Қазақстаныма арнаймын" авторлық өлеңдер сайысы өтті. Сайысқа қатысқан 20 оқушы өздерінің жүректен шыққан маржан сөздерін Отан, туған жер, туған ел, атамекен тақырыбына арнады. Сайысқа ақындар орталығынан ақын Мерей Қартов келіп, оқушыларға ізгі тілегін, ыстық ықыласын білдірді. Өлең- сөздің құдіретін түсінетін талантты оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.