01
ноябрь
2023
«№35ЖОББМ» КММ каникул уақытында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.

«№35ЖОББМ» КММ каникул уақытында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты: Сабақты зерттеудің маңызды құрамдас бөліктерін іске асыру шеңберінде мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу болды. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ж. Толеуконырова «Lesson study –мұғалім тәжірибесінде» атты баяндама жасады. Семинардың екінші кезеңі бастауыш сынып мұғалімі А.Т Дуйсенбаеваның шеберлік сыныбына ұласты. Шеберлік сыныпта «Сабақты зерттеу» үдерісінің қажеттілігін түсіну, мектеп тәжірибесіне енгізу үшін Дилтстің «Логикалық пирамида» қағидаты негізінде әдістеме жасалды. Конус түріндегі балмұздақ моделі арқылы сұрақтар құрастыра отырып, Lesson study зерттеу тақырыбын қалай анықтауға болатынына тәжірибелік жұмыс жасады. СЕминар соңында қатысушыларға сертификат берілді.