04
ноябрь
2023
"Өрлеу" БАҰО ұйымдастыруымен Исмаилова Инабат Кайратовна химия пәнінің мұғалімдері шеберлік сагатын өткізді
31 қазан күні "Өрлеу" БАҰО ұйымдастыруымен Семей қаласының "Қ.Сәтпаев атындағы N2 ЖОББМ" КММ базасында "N35 ЖОББМ" КММ Исмаилова Инабат Кайратовна және "Мектеп жанындағы интернаты бар N42 ЖОББМ" КММ Каупбаева Айжан Камальбековна химия пәнінің мұғалімдері "Химия пәнінде зертханалық-практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы білім алушылардың іскерлігін дамыту" тақырыбында облыстық шеберлік сағатын өткізді. Шебер сағатты топтық жұмыс түрінде жүргізді.
Шебер сағатты мұғалімдер бір-біріне тілек айтумен бастады.
Ұстаздар әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындады. Қорытынды ретінде ДИЛТС пирамидасы берілді.
Әріптестер соңында кері байланыс беріп, өз пікір ойларымен бөлісіп ризашылығын білдірді.