2023-2024 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » » 2023-2024 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар
01
сентябрь
2023

2023-2024 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар

Қосымша


2023-2024 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, 

орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар



  • Білім күнін өткізуге қатысты

          Білім күні 1 қыркүйекте барлық курстардың білім алушыларына кураторлық сағат өткізіледі. Талқыланатын тақырыптар шәкірттердің білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағытталуы тиіс.

Негізгі міндет оқу жылында білім алушыларға үздік білім беру, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сондай-ақ әрбір білім алушының жеке дамуын қолдау болып табылады. 

Кураторлық сағаттың мақсаттары:

1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.

2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.

3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау


2.       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты

2023-2024 оқу жылында оқытуды сараптамадан өткен және 2022 жылғы білім беру бағдарламаларының тізілімінде орналастырылған білім беру бағдарламалары бойынша бастау қажет, яғни МЖМБС (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 2022 жылғы 23 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтырулармен) 2023 жылғы 6 маусымдағы МЖМБС жаңа түзетулерін есепке алмағанда.

Себебі, «Білім туралы» ҚРЗ 17 және 20-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылған. Тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламалары сараптамадан өтеді (ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 7 қазандағы № 417 бұйрығы).

МЖБС жаңа түзетулері бойынша білім беру бағдарламалары бүгінде сараптамадан өтпеген, осыған байланысты оларды білім беру бағдарламаларының Тізіліміне енгізу мүмкін емес. Білім беру бағдарламаларының сараптамасы білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасын, сол арқылы білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді. 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығы 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.

2023-2024 оқу жылында білім беру бағдарламаларына келесі базалық модульдерді міндетті түрде енгізуді көздеу қажет:

1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;

3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;

4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.

«Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану» модулін зерделеу орта буын мамандарын даярлау кезінде жүзеге асырылады. 

Қосымша базалық модульдерді қосуға, егер оларсыз біліктілік бойынша кәсіптік модульдерді игеру мүмкін болмаған жағдайда жол беріледі. 

ТжКОБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.

Сонымен қатар, ТжКБ ұйымдары МЖМБС жаңа түзетулері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді бастауы және 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында тізілімге орналастыру үшін сараптамаға жіберуі қажет. МЖМБС жаңа түзетулері бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларын өзектендірілген және жаңадан әзірленген кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру қажет. Білім беру бағдарламаларын тізілімге орналастыру 2024 жылдың қаңтарынан басталады.

Анықтама: 2022 жылы 170 жаңа кәсіптік стандарт өзектендіріліп, 21 жаңа кәсіптік стандарт бекітілді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы 220 кәсіптік стандарт әзірленіп, тағы 278 кәсіптік стандарт өзектендіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП 597 кәсіптік стандарт бекітілген (https://atameken.kz).

«Білім беру жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану» пилоттық жобасы аясында анықталған 17 колледж жаңартылған 47 кәсіптік стандарт негізінде МЖМБС жаңа құрылымы мен жаңа түзетулері бойынша                          46 білім беру бағдарламасын әзірлеген пилоттық режимінде оқыту                      2023 жылдың қыркүйегінен басталуы тиіс.


3.    Жалпы білім беру пәндеріне қатысты (ЖБП модулі)

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларында жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша мамандық бейінін ескере отырып, МЖБС (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) сәйкес айқындалады.

«Жалпы білім беру пәндері» модулі бойынша жалпы сағат саны 60 кредит/1440 сағатты құрайды («Хореография өнері» мамандығы бойынша - 38 кредит/912 сағат), жалпы білім беру пәндері 1-2 курста оқытылады.

Мамандықтың бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беру пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі және әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жатады.

ТжКОБ ұйымдары мамандығының бейініне байланысты «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Графика және жобалау», «Дүниежүзі тарихы», «Шетел тілі» (екінші шетел тілі тек «Өнер» бағыты үшін) кемінде төрт пәнді таңдайды.

Жалпы білім беру пәндері бойынша емтихандар «Жалпы білім беру пәндері» модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы                        6 қаңтардағы № 1 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы                                   6 маусымдағы № 161 бұйрығымен қатар 2024 жылы 1 қаңтардан бастап                      2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.


4.Кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізуге қатысты

ТжКОБ ұйымдарында оқытудың кредиттік – модульдік технологиясы оқытудың орнына, нысаны мен мерзіміне қарамастан оқытудың бүкіл кезеңі ішінде біліктілікті беру үшін кредиттерді бағалау және растау арқылы оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып іске асырылады.

Оқу процесін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу процесінің кестесі негізінде жүзеге асырылады.

Оқу процесінің кестесі академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, кәсіптік практикадан және (немесе) өндірістік оқытудан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі енгізіледі.

Педагогтардың оқу жүктемесін жоспарлау педагогтың білім алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін кредиттермен немесе академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.

Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде МЖМБС-ны басшылыққа алу қажет (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Кредиттік оқыту технологиясы кезінде міндетті оқу кредиттерінің саны:

- негізгі орта білім базасында жұмысшы біліктіліктерін игеру үшін 120-180 кредит;

- жалпы орта білім базасында жұмысшы біліктіліктерін игеру үшін 60-120 кредит;

- негізгі орта білім базасында орта буын маманы біліктілігін игеру үшін 180-240 кредит .  Кредиттердің осы көлемі шеңберінде 2 жұмыс біліктілігіне дейін игеруге жол беріледі;

- жалпы орта білім базасында орта буын маманы біліктілігін игеру үшін 120-180 кредит.   Кредиттердің осы көлемі шеңберінде 2 жұмыс біліктілігіне дейін игеруге жол беріледі;

- техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын біліктілігін игеру үшін 60 кредит (мәндес біліктілік бойынша);

- қолданбалы бакалавр біліктілігін игеру үшін 60-180 кредит. 

Оқу жылында міндетті оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 36 кредитті құрайтын оқу жылын қоспағанда, 60 кредитті немесе 1440 сағатты құрайды.

1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығымен қатар 2024 жылы 1 қаңтардан бастап 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.


5.  Білім беру бағдарламаларының Тізіліміне қатысты

ҚР Білім туралы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес ТжКОБ білім беру бағдарламаларының тізбесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының Тізілімінде (бұдан әрі – ББ Тізілімі) қамтылады.

2024 жылдың қаңтарында ББ Тізілімін қалыптастыру және жаңа құрылым бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының сараптамасы бойынша жұмыс басталады.

Бүгінгі таңда Тізілімді жүргізу тетігі толығымен автоматтандырылған.

ББ Тізілімге енгізу төрт кезеңде жүргізіледі:

1) білім беру ұйымының ақпараттық жүйеде электрондық өтінімді толтыруы;

2) ҚР  НҚА ТжКОБ сәйкестігіне бастапқы сараптама және өтініш берушіге пысықтауға жіберу (ескертулер болған жағдайда);

3) сараптау тобының ББ сараптама жүргізуі және өтініш берушіге пысықтауға жіберу (ескертулер болған кезде);

4) бағдарламаны Тізілімге енгізу немесе өтінімді қабылдамау.

Ақпараттық жүйе колледжге ББ пысықтауға жіберілгенін, Тізілімге енгізілгенін немесе қабылданбағаны туралы автоматты түрде хабарлайды. Оң сараптамадан кейін білім беру бағдарламасына тіркеу нөмірі мен QR-код беріле отырып, Тізілімге енгізіледі.

«Білім беру жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану» пилоттық жобасы аясында 17 колледж жаңартылған 47 кәсіптік стандарт негізінде жаңа құрылым бойынша 46 білім беру бағдарламасын әзірледі. Бұл білім беру бағдарламалары ақпараттық жүйені апробациядан өткізу мақсатында ББ Тізіліміне енгізілген. 

«ТжКОБ ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының Тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу және алып тастау негіздері» Қазақстан Республикасының «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған (https://adilet.zan.kz).


  • Оқу процесін және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қатысты

Қашықтықтан білім беру бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу орындары студенттерді қашықтықтан оқытуға олардың оқу түрлеріне (күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат түрінде) және оқу курстарына қарамастан ауыстыруға мүмкіндік алады. Студенттердің оқу жұмыс жоспарына сәйкес бүкіл оқу кезеңінде уақыттың 20%-нан  аспайтын қашықтықтан білім алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте қашықтықтан оқыту үшін рұқсат етілетін пәндер немесе модульдер сағаттарының тізбесі мен көлемін білім беру ұйымы дербес айқындайды.

Сонымен қатар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар, оның ішінде уақытша шектеулері бар адамдар, конкурстарға немесе чемпионаттарға қатысатын студенттер қашықтықтан білім алуға мүмкіндік алады

Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) қашықтықтан оқыту, төтенше жағдайлар жариялау облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасының бұйрығы негізінде барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылатынын атап өткен жөн

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес ТжКОБ ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мынадай талаптар белгіленеді:

1) оқу қызметін ұйымдастыру үшін Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық арналардың болуы;

2) ақпараттық ресурстарға, цифрлық ресурстарға жедел қол жеткізу құралдарының болуы;

3) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйенің болуы;

4) білім беру ұйымдары педагогтарында ақпараттық технологиялар бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болуы;

5) оқу процесін цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету;

6) бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарды сақтау.

Осыған байланысты облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары:

1) ақпараттық жүйелерді процестерді толық автоматтандыруға дейін жеткізу;

2) компьютерлік техника мен мультимедиялық оқыту құралдарының паркін үнемі жаңартуды қамтамасыз ету;

3) ақпараттық жүйелердің іркілістері мен артық жүктемелерінің алдын алу мақсатында байланыс арналарының өткізу қабілетін және интернет жылдамдығын арттыру;

4) IT-құзыреттілікті арттыру үшін педагогтарға бейіндік оқыту бойынша семинарлар (вебинарлар) өткізуді жалғастыру.


  • Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты

Ел колледждерінде демонстрациялық емтиханды өткізу көрсеткішін жыл сайын орындау «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде көзделген («Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың жоспар-кестесінен «ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне Worldskills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі» 3-көрсеткіші).

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген):

  • демонстрациялық емтихан - білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
  • біліктілік емтиханы ТжКОБ ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында әрбір жұмысшы біліктілігін меңгергеннен кейін практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан түрінде өткізіледі;
  • біліктілік емтиханы практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан түрінде ұйымдардың оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.

Демонстрациялық емтихан білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің мазмұнын меңгеру сапасын оларды зерделеу аяқталғаннан кейін (аралық аттестаттау) немесе олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (қорытынды аттестаттау) көзделген модульдер көлемін игеру дәрежесін айқындағаннан кейін бағалау мақсатында өткізіледі. 

ТжКОБ ұйымдары демонстрациялық емтихан өткізу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
 № 125 бұйрығын және 2022 жылғы 27 мамырдағы республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен бекітілген WorldSkills талаптары бойынша біліктілік емтиханы шеңберінде демонстрациялық емтиханын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу қажет (материалдар «Talap» КЕАҚ сайтында орналастырылған).

Демонстрациялық емтихан өткізу кезінде алаңның инфрақұрылымын (шығыс материалдары, жабдықтар, өткізу орны және т.б.) қамтамасыз ету және бағалау үшін сарапшыларды тарту үшін қаражат көздеу қажет.

Осылайша, демонстрациялық емтихандар өткізген колледждердің деректерін «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесімен өзектендіру қажет.


8.Кәсіпорынның өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауға қатысты 

2022-2023 оқу жылынан бастап жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша ТжКОБ бар кадрларды даярлау енгізілді.

Кәсіпорындардың өтінімдері бойынша ТжКОБ бар кадрларды даярлауды енгізу мақсаты кәсіпорындардың нақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сұранысқа ие білікті кадрларды даярлау болып табылады.

ТжКОБ бар кадрларды кәсіпорындардың өтінімдері бойынша даярлау білім беру ұйымдарында мәлімделген мамандықтар бойынша білім беру ұйымы мен кәсіпорын (ұйым, мекеме) арасында жасалған шарт негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) есебінен жүзеге асырылады.

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ТжКОБ ұйымын айқындау кезінде Комиссия Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығын басшылыққа алады.

ТжКОБ бар кадрларды кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша даярлау білім беру ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы
 № 578 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарды (ұйымдарды, мекемелерді) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын кәсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) кадрлар даярлауға қатысушылар болып табылады.

Талап етілетін мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстық іріктеуден өткен ТжКОБ ұйымдары (меншік нысанына қарамастан)

Сондай-ақ, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрлар даярлауды іске асырудың тәртібі (мақсатты даярлау) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 4 шілдеде бекіткен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрлар даярлауға арналған Әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген.

Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылында кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша 20 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарлануда.

Осыған байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мектеп оқушылары (9 сынып), ата-аналар қоғамдастығы, кәсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) арасында кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрлар даярлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.


  • Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыруға қатысты 

Дуальды оқытуға қатысты нормалар келесі нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (35,116,119-б.);

2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (683-687-б. 33-б.);

3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1,5,6,17,45-1 бап); 

4) «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы (бұдан әрі - ҚР БҒМ №50 бұйрығы); 

5) «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы (бұдан әрі - ҚР БҒМ №93 бұйрығы).

6) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы (бұдан әрі-ҚР БҒМ №597 бұйрығы).

Академиялық дербестікке байланысты колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп кәсіптік стандарттар мен өңірлік ерекшеліктер негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерте алады, Оқу уақытының мерзімдерін, көлемін айқындайды және қажеттілігіне қарай қосымша пәндерді (кәсіптік модульдерді) енгізеді. Өндірістік оқытуға және кәсіптік практикаға бөлінетін дуальды оқыту кезіндегі сағат көлемі жалпы білім беретін пәндерді зерделеуге көзделген сағат көлемін қоспағанда, міндетті оқытуға бөлінген оқу жоспарының сағат санынан есептеледі. Осылайша, жұмыс берушілер оқу орындарымен бірлесіп, тез өзгеретін, экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес реттеуге мүмкіндік алады.

Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде ҚР Еңбек кодексінің 119-бабына және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес кәсіпорындар белгілі бір функционалдық міндеттерді орындағаны үшін білім алушыға өтемақы төлей алады. Өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады. 

ҚР Еңбек кодексінің 35-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.  

Кәсіпорында (ұйымда) дуалды оқыту шеңберінде практика мерзімі 6 айдан 18 айға дейін студенттерге еңбек өтіліне есептеледі, бұл колледж түлектеріне бұрыннан бар жұмыс тәжірибесімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат дуальды оқыту туралы шартқа қосымша болып табылады. ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес кәсіпорын (ұйым) білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында практикадан өту мерзімдерін көрсете отырып, дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаны толтырады.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім Басқармалары ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналасу кезінде олардың еңбек өтілін есептеуді қамтамасыз ету үшін ТжКОБ ұйымдарының түлектеріне осы құжаттардың берілуіне мониторинг жүргізуі қажет. 

Дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорын тәлімгерді - өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын, өндіріс немесе қызмет көрсету саласы технологияларын меңгерген кәсіпорынның білікті қызметкерін білім алушыларға бекітеді.  

Дуальды оқыту кезіндегі шығыстарды ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес кәсіпорындарға (ұйымдарға) ТжКОБ ұйымдары өтейді.

ҚР БҒМ № 93 бұйрығының 12-тармағының 10-тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдары тәлімгерге өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлейді.  

Тәлімгерге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің 683-687-бабының 33-тарауына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарты арқылы жүргізіледі.

ҚР «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тізілімінде және ҰБДБ дуальды оқытуды енгізу мониторингі көзделген. 


  • Оқу орындарын ірі бизнес өкілдерінің қамқорлыққа алуына қатысты

 Қамқорлықтың мақсаты-экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.  

ЖАО «Атамекен» ӨКП өкілдерімен бірлесіп, колледждерді қамқорлыққа алуға ниет білдірген ірі кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесін, сондай-ақ кәсіпорындардың (ұйымдардың) бейініне сәйкес келетін колледждердің, кадрлар даярлау бейіндерінің тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты белсенді жалғастырған жөн. 

Колледждерге қамқорлықты жүзеге асыру бойынша компаниялар (кәсіпорындар) арасындағы меморандумдарға, келісімдерге қол қою жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. 

Меморандумдарда (келісімдерде) келесі бөлімдер көрсетілуі тиіс: ынтымақтастықтың мәні мен принциптері, ынтымақтастықты іске асыру, тараптардың міндеттемелері, меморандумдардың қолданылу мерзімі, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ компания өкілдерінің қамқоршылық және индустриялық кеңестерге кіру міндеттемелері, студенттердің практикасын ұйымдастыру, шеберханалар мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға жәрдемдесу, білім беру бағдарламаларын өзектендіру, кәсіпорын базасында педагогтардың тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру.

ҰБДҚ-да ірі кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығының мониторингі көзделген. 

Мониторинг келесі деректер бойынша жүзеге асырылатын болады: кәсіпорындардың, меморандумдардың, әзірленген білім беру бағдарламаларының, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша нысаналы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің саны, көрсетілген материалдық көмектің көлемі және т.б.


  • Worldskills (Ворлдскиллс) қозғалысының дамуына қатысты


WorldSkills Қазақстандағы қозғалысы келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі:

  1.  «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасындағы WorldSkills Kazakhstan жобасының ұлттық операторы етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы;
  2. «Қазақстанда WorldSkills қозғалысын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 126 бұйрығы (бұдан әрі - №126 бұйрық);
  3. Қазақстан Республикасындағы WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарының қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) (WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясы 2020 жылғы 20 сәуірде бекіткен)

4) «Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы.

WorldSkills дағдылардың құндылығын көрсетеді және бүкіл әлемде білікті мамандардың танылуын арттырады.

WorldSkills Kazakhstan (бұдан әрі - WSK) қозғалысының мақсаты-техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіптер мәртебесін ілгерілету.

2023 жылы WSK өңірлік чемпионаттарының қорытындысы бойынша WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық чемпионатына қатысу үшін әр өңірден 15-тен 30 адамға дейін жеңімпаздар анықталды.

WSK республикалық чемпионатын өткізу 2023 жылғы 19-27 қараша аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығы базасында жоспарланған 

WSK республикалық чемпионатының жеңімпаздары жаттығу лагерлерінде жаттығады және WS халықаралық чемпионаттарына қатысады.

Ағымдағы жылы WorldSkills Халықаралық чемпионаты 2023 жылғы 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін Гданьск қаласында (Польша Республикасы) өтеді 

2023-2024 оқу жылында № 126 ереже мен бұйрыққа сәйкес көздеу қажет:

ТжКОБ ұйым деңгейінде:

1) WSK сарапшыларының біліктілігін бірлесіп арттыру бойынша әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттерді кеңейту; 

2) МТБ нығайту және шығын материалдарын сатып алу кезінде WorldSkills International және WorldSkills Europe кәсіптік стандарттарын ескеру;

3) WSR сарапшылары ретінде әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, WSR колледжішілік чемпионатын, оның ішінде Abilympics (Abilimpics) және Deafskills (есту бойынша) құзыреттері бойынша өткізу;

4) WSK колледжішілік чемпионатын өткізу кезінде бағалаудың ашық жүйесін (CIS) қолдану;

5) WSK өңірлік (аймақтық) чемпионатына қатысу үшін WSK колледжішілік чемпионатының жеңімпаздарын жіберу;

6) WSR республикалық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (ҚР ҰҚ мүшелігіне кандидаттарды) оқу-жаттығу лагерлеріне олардың тұруы мен көлік қызметтерін қамтамасыз ете отырып жіберу;

7) ТжКОБ ұйымының WSK-те үздік нәтижелерінің бенчмаркингі, оның ішінде БАҚ-ты тарта отырып;

8) Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу кезінде WorldSkills құралдарын қолдану.

Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде:

1) WorldSkills қозғалысына өңірдің әлеуметтік серіктестерін белсенді тарта отырып, сарапшылық қоғамдастықты дамытуды жалғастыру

2) WSK сарапшылары ретінде әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, WSR өңірлік чемпионатын өткізу, оның ішінде Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (есту бойынша) құзыреттері бойынша, сондай-ақ салалық бағыттарды, соның ішінде Agroskills дамыту. 

3) WSK өңірлік чемпионатын өткізу кезінде ашық бағалау жүйесін (CIS) қолдану;

4) WorldSkills International және WorldSkills Europe кәсіптік стандарттарын ескере отырып, өңір колледждерінің МТБ нығайту және олардың базасында WSK республикалық чемпионатына және WS халықаралық чемпионаттарына ҚР ҰҚ өңірлік құраманы дайындау үшін жаттығу лагерлерін құру;

5) WSK республикалық чемпионатына қатысу үшін WSK өңірлік чемпионатының жеңімпаздарын жіберу;

6) Өңір өкілдері қатысатын халықаралық чемпионаттарға дайындау мақсатында оқу-жаттығу лагерлерін шығын материалдарымен қамтамасыз ету;

7) WSK-те өңірдің үздік нәтижелерінің бенчмаркингі, оның ішінде БАҚ-ты тарта отырып;

8) Өңірлік деңгейде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде WorldSkills құралдарын қолдану.


12.   Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін оқу процесін ұйымдастыруға қатысты:

Жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсетін және оқыту мен тәрбиелеуге арнайы (ерекше) тәсілдерді қажет ететін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың саны артып келеді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды инклюзивті білім беру жағдайларында оқыту үшін оқу орындары: 

      1) білім алушылардың (ақыл-ойы сақталмаған адамдар үшін) психофизикалық дамуы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКОБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық меңгеруді көздейтін арнайы оқу бағдарламаларын;

      2) жеке оқу бағдарламалары және білім алушылардың (сақталған интеллектісі бар адамдар үшін) жеке мүмкіндіктері мен физикалық бұзушылықтарын ескере отырып, ТжКОБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізіндегі жоспарлар   әзірлейді.

Сонымен қатар, ЕБҚ бар тұлғалар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі енгізілді, онда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы жылына екі есе көбейтілді

Анықтама үшін: шығыстар нормасында педагогтардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құралдардың жылдық еңбекақы төлеу қоры, оның ішінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезіндегі шығыстар сияқты шығыстар көзделеді.

Бұдан басқа, колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарттарының бірі кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін жағдайлардың (міндетті талаптар: кіру пандустары, жарық сигналдары, шақыру түймесі, санитариялық торап) болуы болып табылады.

«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын орындау жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2025 жылға дейін ТжКОБ барлық ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау бойынша көрсеткішке қол жеткізу көзделген.

Осылайша, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жөніндегі көрсеткішке қол жеткізуді көздеу қажет (2022 жылы – 55%, 2023 жылы – 70%, 2024 жылы – 85%, 2025 жылы – 100%).


  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі конкурс пен Форум өткізуге қатысты

Қазақ тілін дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мемлекеттік тіл – менің тілім» Республикалық форум өткізіледі.

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру және қазақ тілінде оқымайтын топтарға қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін айқындау мақсатында жыл сайын «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсы өткізіледі. 

Облыстық конкурстардың жеңімпаздары осы іс-шараларға ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында республикалық деңгейде қатысады. 

Облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары осы іс-шараларды 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында  жоспарлауы қажет.


14.  Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қатысты 

Осы бөлімде ТжКОБ ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдері өзектендірілді. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, білім алушының жеке басына деген құрмет пен сенім, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі негізгі нормативтік құқықтық құжаттар:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі; 
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-1V Заңы; 
  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-УІ Заңы;
  • «Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
  • Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267  Заңымен реттеледі;
  •  «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы.

«Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы
 № 24 бұйрығы.

Бүгінгі таңда колледждердегі тәрбие жұмысының негізгі міндеті-бәсекеге қабілетті түлекті дайындап қана қоймай, ең алдымен онда адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру:

1.    Студенттердің оқу сауаттылығын арттыру

2022 жылғы 02 мамырдағы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) және 2022-2025 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс - шараларды өткізу жоспары (бұдан әрі-жоспар) шеңберінде сауалнама, тестілеу және сауалнама жүргізу арқылы білім алушылардың оқырмандық қызығушылықтарының, оқырман құзыретінің деңгейіне тұрақты мониторингті жүзеге асыру қажет. Білім алушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, кітапхана қорын жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуы үшін әдебиеттермен-сапалы отандық, шетелдік көркем, салалық ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, энциклопедиялық және анықтамалық әдебиеттермен дәстүрлі баспа және электрондық ақпарат тасығыштарда толықтыруды ұлғайту қажет.

Жоспар шеңберінде «Топтың үздік оқырманы», «Жылдың үздік оқырманы» конкурстарын өткізу бойынша жұмысты жалғастыру, тұрақты жұмыс істейтін буккроссинг аймағын және т. б., викториналар, кітапханалық квесттер, флешмобтар ұйымдастыру қажет.

Ұйымның сайтында үздік әлемдік және отандық әдебиеттерге арналған түрлі қызметтер, студенттердің оқуын жандандыру ресурстары (интернет-викториналар, ұсынылатын қызметтер, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек. 

Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылар арқылы оқу мүмкіндіктерін ынталандыру, әдебиет ағынын жақсартуға көмектесетін жаңа электрондық ресурстарды дамыту маңызды.

  1. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Оқу жылының басында колледждің спорттық-бұқаралық жұмыс жоспарын құру және бекіту. Жоспар аясында студенттерді колледждің спорт секциялары туралы таныстыру, сондай-ақ студенттер топтары мен олардың ата-аналарының чаттарына қолданыстағы спорт секциялары туралы электрондық буклеттер (фото, жаттықтырушылардың байланыстары, жаттығу кестелері) жолдау қажет. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан қолдауды талап ететін студенттерді тарту.

Спорттық іс-шаралар бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің спорт түрлері бойынша Ұлттық спорт лигасының колледжішілік, қалалық/облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысуын және ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.

Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мен танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ұлттық спорт лигасының спорт түрлері бойынша жарыстарының барлық қорытындыларын БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда жариялау қажет.

Ай сайын негізде студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтерді, инфографикаларды, постерлерді БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда орналастыра отырып, нашақорлықтың, электрондық темекі тұтынудың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, іс-шаралар өткізу.

  1.  Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту

ТжКОБ ұйымының тәрбие жүйесінде білім алушылардың сабақтарынан тыс әртүрлі нысандарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды, бұл жиынтықта білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық - патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз етеді. 

Оқудан тыс қызметті ұйымдастыру түрлерінің бірі білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін үйірмелер болып табылады. Сондықтан ТжКОБ ұйымдарға қызығушылығы бар білім алушыларды тарта отырып үйірмелер құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы колледж білім беру процесінде оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін іздеуді жүзеге асыруы керек: стартап-жобаларды қорғау; колледж подкастын жүргізу; колледждің электронды газетін ұйымдастыру; Ted форматындағы кездесулер; танымал адамдармен кездесулер; қайырымдылық әлеуметтік жобалар; елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар; колледж серіктестермен өзара әрекет.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, қызығушылықтар бойынша клубтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығы шеңберінде  ТжКОБ ұйымдарында жастар ісі жөніндегі комитеттер (бұдан әрі – ЖІК), №77 ҚРҮҚ сәйкес жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымын көздеу қажет), «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын, қызығушылықтары бойынша клубтар құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Осы бағыттағы жалпы басшылық пен қызметті үйлестіру колледж басшылардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына бекітілсін.

Сонымен қатар, дебат клубтарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, Қазақстандық патриотизмді, азаматтық бірегейлікті және толеранттылық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді зияткерлік құрал ретінде студенттерді дебаттық қозғалысына тарту жөнінде шаралар қабылдау қажет (Қазақстандағы оқушылар мен студенттердің дебаттық қозғалысының жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы).

Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында әр колледжде студенттік парламенттер құруды жалғастыру қажет. Парламент мүшелері колледждің алқалы органдарына кіріп студенттердің белгілі бір тобының мүдделерін білдіруі керек

Сонымен қатар, ЖІК мен студенттік парламенттердің міндеттері әртүрлі, яғни ЖІК студенттерді түрлі іс - шараларға тартады және өткізеді, ал студенттік парламент мүшелерінің  міндеті негізінен студенттердің мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады. 

Апта сайын ең өзекті тақырыптар мен сұрақтар бойынша топтар, курстар және т.б. арасында дебаттық турнирлер өткізу қажет («Development Day» аясында мүмкін болады).

Негізгі сабақтардан кейін аптасына бір рет «Development Day» студентінің даму күнін ұйымдастыруды ұсынамыз, оны ЖІК ұйымдастыруы қажет. Яғни, бұл күні әр студент кез-келген қызығушылық клубтарына еркін қатыса алады, дебаттарға, семинарларға қатыса алады (белгілі тұлғаларды, бизнесмендерді, мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды, кәсіпорын басшыларын шақыра отырып, студенттерге оларды ынталандыру мақсатында «Олар бұған қалай келді» деп айта алады), спорттық іс-шаралар, конкурстар,тимбилдингтер, театрларға бару, бір уақытта өту керек экскурсиялар-бұл студенттерге өз қызығушылықтарын таңдауға мүмкіндік береді.

Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара әрекет пен тығыз ынтымақтастықта іске асыруы тиіс.

5. Конкурстар мен жарыстар

Тұрақты түрде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес (Министрліктің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы) студенттерді әр түрлі конкурстарға (цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әр түрлі салаларда ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon идеялар конкурсы, «Гүлденебер, Қазақстан!», «Колледждердің үздік 100 студенті»", «Мен – кәсіпкермін», «Жас турист» Гранд турнирі) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) және өзге де жарыстарға тарту. Конкурстарға бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған студенттерді тарту қажет.

6. Профилактикалық қызметті ұйымдастыру (психологиялық және әлеуметтік қызмет)

Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында буллинг/кибербуллинг, діни экстремизм мен терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлық, ерте жүктілік, репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері өзекті болып отыр. 

Қазақстандық жасөспірімдер ЭЫДҰ елдеріндегі өз құрдастарымен салыстырғанда буллингке жиі ұшырайды (32%) (орташа көрсеткіш - 23%). ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, жасөспірімдердің жартысынан көбі виртуалды зорлық-зомбылық, дін мен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына тап болып, әлеуметтік желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған келеңсіз үрдістердің алдын алу бойынша мынадай шаралар ұсынылады:

- әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтарды біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

- буллинг/кибербулинг, суицид, киберқылмыс, ерте жүктілік, репродуктивті денсаулық, діни экстремизм және терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтер, инфографиктер, плакаттар (буллингтің алдын алу бойынша қажетті материалдар қоса беріледі) орналастыра отырып, іс-шаралар өткізу.

Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызмет ерекше рөл атқарады. 

Кураторлық сағаттар білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады. Кураторлық сағаттардың жоспарларын әзірлеу кезінде студенттік парламент мүшелерін тарта отырып, студенттердің жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу нысандары: белгілі бір тақырыптағы әңгіме; пікірсайыс, рөлдік ойындар, тақырыптық дәріс, жиналыстар, қарым-қатынас сағаты (сұрақ-жауап), саяхат ойындары, тренингтер, конференциялар, мастер-кластар, театр қойылымдары болуы мүмкін. 

Куратор білім алушылармен бірге топтың жалпы нормалары мен ережелерін әзірлеуге бастамашылық жасай алады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, бұл мінез-құлықтың жалпы нормаларын бірлесіп талқылау және үйлестіру, олардың жауапты сақталуына әкеледі.


15.  Кітапхана қорын толықтыруға және оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес колледждер үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі оқулықтарды сатып алу және жеткізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болады. 

Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі шеңберінде бір білім алушыға оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер және оқу құралдарын сатып алуға арналған шығыстар көзделген, олар 5 АЕК-ті құрайды, бұл білім беру ұйымдарына кітапхана қорын жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.

Облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім Басқармалары көзделген қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан колледждерде оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу бойынша тоқсан сайын мониторинг жүргізуі қажет. 

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының көрсеткіштерінің бірі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тілінде оқулықтар әзірлеу болып табылады.

Көрсеткішке қол жеткізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын (бұдан әрі - ТжКБ ұйымдары) қазақ тіліндегі оқулықтармен қамтамасыз ету қажет. Техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыруды қазақ тіліндегі заманауи оқулықтармен, әсіресе арнайы пәндер (модульдер) бойынша қамтамасыз ету мәселесі  өзекті болып табылады.

Қазіргі уақытта кітап индустриясы нарығында арнайы пәндер бойынша отандық баспалар басып шығарған оқулықтар да, қазақ тіліне аударылған шетелдік оқулықтар да бар. 

Осыған байланысты, облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім Басқармалары (бұдан әрі-білім Басқармасы) ТжКБ ұйымдарымен және бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен бірлесіп (ОӘБ тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығымен бекітілген) әр оқу орнының сұраныстары мен қажеттіліктерін негізге ала отырып, қазақ тіліндегі арнайы пәндер (модульдер) бойынша оқулықтар тізбесін айқындау жөнінде тиісті жұмыстар жүргізу қажет.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде білім Басқармалары мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ТжКБ ұйымдары үшін жыл сайын қазақ тілінде 180 оқулықты сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыруы қажет. 

Осылайша, осы көрсеткішті уақтылы орындау үшін білім Басқармалары ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде аралық ақпаратты және 10 қарашаға дейінгі мерзімде 1-қосымшаға (қазақ тілінде оқулықтар сатып алатын оқу орындарының тізбесі және саны) сәйкес қорытынды ақпаратты ұсынуы қажет.


16.  Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге қатысты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Білім және ғылым министрінің бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарының, орындаушылар байқауларының, кәсіптік шеберлік байқауларының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Заңы негізінде өткізіледі.

Салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсының мақсаты – ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтарын анықтау және қолдау, педагогтардың беделі мен имиджін арттыру және кәсіби шеберлік бойынша озық тәжірибені тарату.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтары арасында тау-кен, мұнай-газ, энергетика, инженерлік, ауылшаруашылық, құрылыс және педагогикалық саласы, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, көлік және байланыс, өнер және мәдениет, спорт сияқты 13 сала бойынша кәсіптік шеберлік конкурсын өткізу туралы ережені бекітті.  

Салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурстары өткізілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі анықталды.

Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары:

- сала бойынша кәсіби шеберлік конкурсына педагогтардың қатысуын қамтамасыз ету;

- бекітілген кестеге сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізетін базаны ұйымдастырады; 

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге бизнес-қоғамдастық өкілдерін, жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың (ұйымдардың), облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының тәжірибелі қызметкерлерін тарту.



2023-2024 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында салалар бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын өткізу 

кестесі 


Сала атауы

Аймақ

Мерзімі

1

Мұнай-газ

Атырау облысы

қазан-қараша

2

Көлік және байланыс

Қостанай облысы

қазан-қараша

3

Инженерлік

ШҚО

қазан-қараша

4

Құрылыс

Қарағанды облысы

қазан-қараша

5

Ауылшаруашылық

Жамбыл облысы

қазан

6

Энергетика

СҚО

қараша-желтоқсан

7

Педагогика

Ақмола облысы

ақпан

8

Тау-кен 

Ақтөбе облысы

сәуір

9

Қызмет көрсету 

Маңғыстау облысы

қазан

10

IT

Астана қ.

қараша

11

Денсаулық сақтау

Алматы қ.

желтоқсан

12

Спорт

Алматы қ.

мамыр

13

Өнер және мәдениет

Жамбыл облысы

қараша


  • Педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына қатысты 


Біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес басшы кадрлардың, педагогтардың біліктілігін арттыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

Педагогтар курстарға білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, білім Басқармалары басшыларының бұйрықтары негізінде жіберіледі. 

ТжКОБ ұйымдары «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына сәйкес «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысаны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтардың деректерін толтырады.

Деректер педагогтардың біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей толтырылады.

Бұдан басқа, педагогтардың лауазымдары мен санын көрсету бөлігінде ҰБДБ базасын дұрыс толтыру бойынша колледж басшылығының жауапкершілігін арттыру қажет (оның ішінде педагогтың негізгі лауазымын ғана көрсету қажет және қоса атқару кезінде бір педагогтың қайталануына жол бермеу қажет). 

Қорытынды бағалаудан өтпеген курс тыңдаушыларына біліктілікті арттыру курсын тыңдау туралы анықтама берілетінін ескеру қажет.

Сертификат алмаған курс тыңдаушыларының келесі мүмкіндіктері бар:

1) жылына бір реттен артық емес білімді қайта бағалауға;

2) келесі курстар ағынымен білімді қайта бағалауға;

3) ағымдағы жыл ішінде бір ағыннан екіншісіне дәлелді себеппен ауысуға;

4) растайтын құжаттарды ұсына отырып, дәлелді себеппен тоқталған курсты аяқтауға.

Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы келісімнің талаптарын орындамаған курс тыңдаушылары біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым басшысының бұйрығына және курс тыңдаушыларының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес оқудан шығарылады. Курстарды өткізетін ұйым тыңдаушының жұмыс берушісін оқудан шығару туралы хабардар етеді.

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагог жұмыс барысында алған кәсіби құзыреттерін қолданады. 

ТжКОБ ұйымының әкімшілігі:

1) педагогтардың негізгі лауазымы бойынша курстардан уақтылы өтуіне мониторинг жүргізеді (үш жылда 1 рет);

2) курстардан өту кезінде педагогтардың өзара алмасуын қамтамасыз етеді;

3) іссапар шығындарын өтей отырып, курстардың өткізу орындарына педагогтарды жібереді;

4) педагогтың курстардан өту кезінде алған құзыреттерін қолдану нәтижелерін қадағалау мақсатында білім беру ұйымының ішінде педагогтың қызметіне бақылау және мониторинг жүргізеді;

5) курстарды өткізген ұйымдарды курстардан кейінгі сүйемелдеу және курстардың білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін колледждерге мүмкіндік береді.


Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына:

- Қағидалар талаптарына сәйкес жаңа білім, дағдылар мен құзыреттер алу, өз тәжірибесінде жаңа тәжірибені тарату, біліктілікті арттыру туралы растайтын құжат (сертификат) алу мақсатында курстық оқыту бағдарламасының мазмұнын табысты игеру үшін бірінші басшыларды менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарына жіберу;

- бірінші басшының инновациялық-эксперименттік қызметті қолдануына, оқыту сапасын арттыруға әсер ететін әлеуметтік/білім беру жобаларына қатысуына әдістемелік көмек көрсету және қолдау көрсету;

ашық қолжетімділікте тәжірибе алмасу, менеджментке және оқыту сапасына қол жеткізуге қатысты мәселелер мен проблемаларды шешуде уақтылы көмек көрсету мақсатында бірінші басшылар қоғамдастығын (қауымдастығын) құруға жәрдемдесу;

- инновациялық және АКТ технологияларын пайдалануда бірінші басшылардың білімдері мен құзыреттерін жетілдіруге ықпал ету;

- бірінші басшыларға бизнес-жобаларды құрастыру құралдарын, бизнес пен мемлекеттік құрылымдарды біріктіру және өзара іс-қимыл тетіктерін, колледждерде стартаптарды іске асыру мүмкіндіктерін, қаржыландыру көздерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша өз бетінше оқу және өз бетінше білім алу ұсыну;

- басшылардың аттестаттаудан уақтылы өтуін қамтамасыз ету.


  • Колледж директорларын ротациялауға қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес атқаратын лауазымында жеті және одан да көп жыл болған бірінші басшылар ротацияға жатады.

Бірінші басшыларды ротациялауды жүргізу үшін білім Басқармасы органдарының кадр қызметі ротациялауға жататын бірінші басшылардың тізімін қалыптастырады. 7 (жеті) жыл өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмыс берушінің актісімен комиссия шешім шығарғанға дейін білім беру ұйымының бірінші басшысының міндетін және функцияларын орындайды атқарушы тағайындайды.

Бірінші басшыны бос лауазымға ауыстыру үшін білім беру ұйымы болмаған кезде білім беру ұйымын көрсете отырып, лауазым шегінде бірінші басшылар арасында ротация жүргізу туралы комиссия шешім шығарғанға дейін ротация жөніндегі комиссияда жыл сайын қаралуға тиіс.

Сондай-ақ, ротациялауға жататын бірінші басшының осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, комиссия шешімінің негізінде онда тең дәрежелі бос лауазым болған кезде білім беру ұйымына ауысатынын да ескеру қажет.

ТжКБ ұйымдарда менеджментті жақсарту және бірінші басшылардың тиімділігін арттыру мақсатында колледждердің бірінші басшыларын ротациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет. 

Аттестаттау бойынша

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңына сәйкес педагогтар аттестаттаудан өтеді, оның нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).

Көптеген ТжКОБ оқытушылар жаңа санатқа өту үшін қажетті педагогтардың білімін бағалаудан (ПББ) өтуде қиындықтарға тап болады. Шымкент пен Алматыда кадр құрамының жартысынан астамында санаты болмағандықтан ТжКОБ оқытушылардың сапалық құрамы аса өзекті мәселе.

Педагогтарды аттестаттаудан өту Ережелеріне педагогтардың жағдайын жақсартқан бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін ескеру қажет.

Мәселен ағымдағы жылдан бастап өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде ПББ өтуден босатылды

Сонымен қатар, жасы бойынша зейнетке шығуына төрт жыл қалған педагогтар аттестаттау рәсімінен босатылады. Сондай-ақ, 30 және одан да көп педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтар бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ босатылады және тек қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді.

Осыған байланысты педагогтардың аттестаттаудан өтуі және оларды тиісті қосымша ақысы бар санаттардың жаңа жүйесіне көшуі жөніндегі жұмысты күшейту қажет.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына:

- аттестаттау кезеңіне сәйкес біліктілік санатын беру үшін педагогтррдың сапалы тізімдік құрамын қалыптастыру;

- педагогтардың портфолиосына сараптама жүргізу және олардың қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау бойынша сараптамалық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру.