Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Әдістемелік ұсынымдар » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » » Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Әдістемелік ұсынымдар
05
сентябрь
2023

Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Әдістемелік ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы





 




 
 




Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін

оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Әдістемелік ұсынымдар



Методические рекомендации

для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного дорожного движения

















Астана 2022


 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2022 жылғы 15 қарашадағы №12 хаттама)


Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол №12 от 15 ноября 2022 года)



Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 42 б.


Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного дорожного движения. Методические рекомендации. – Астана: Национальная академия образования им. И.Алтынсарина, 2022. – 42 стр.




Әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беру ұйымдарының басшыларына (директорларға, директорлардың орынбасарларына), сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады.

Олар білім беру ұйымдары жағдайында балалардың жол-көлік жарақаттарының педагогикалық профилактикасының тиімділігін арттыруға бағытталған.


Методические           рекомендации                                              адресованы                                              руководителям общеобразовательных организации образования (директорам, заместителям директоров), а также классным руководителям.

Они направлены на повышение эффективности педагогической профилактики детского дорожно-транспортного травматизма в условиях организации образования.












© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2022

© Национальная академия

образования им. И. Алтынсарина, 2022


 

Кіріспе


Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның маңызды талаптарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірін, денсаулығын және мүлкін сақтауға бағытталған жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыру елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі, сонымен қатар демографиялық дамуды қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады

Қоғам балалардың жол-көлік жарақаты, заңға бағынатын мінез-құлық және жол қозғалысы ережелерін сақтау проблемасы туралы проблема әрдайым айтылып келеді, бірақ бұл жағдайлар да әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің қатарында тұр. Жолдағы балалармен болған барлық жазатайым оқиғалардың негізгі себебі көлік құралдарының жүргізушілері үшін де, балалар үшін де жол қозғалысы ережелерін сақтамау және мінез-құлық мәдениетінің төмендігі болып табылады. Балалар тарапынан бұзушылықтарға келетін болсақ, көбінесе: жолдың жүру бөлігін белгіленген жерден тыс кесіп өту, тыйым салатын жол сигналына назар аудармау, жақын маңдағы көлік құралының алдыннан жүгіріп өту, жолдың көлік жүретін бөлігінде жүру, жүгіру, велосипедпен немесе доңғалақты роликтермен жүру, жолдың маңайында ойнау себебінен жолға шығу, велосипед, мопед пен мотоциклді жүргізу кезінде Жол қозғалысы ережелерін бұзу орын алады. Жол ережелерін бұзу балалардың мінез-құлқында берік практикалық дағдыларының жоқтығын білдіреді және соның салдарынан жол қозғалысының күрделі жағдайларында тиісті және дұрыс шешім қабылдай алмауларына әкеледі.

Балалардың жол-көлік жарақаттарының жай-күйi осы проблеманы шешудің жаңа, тиімді жолдарын үнемі іздеп отыруды талап етеді. Олардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырмайынша бұл мақсатқа жету мүмкін емес.

Осы орайда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген

«Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдардың» мақсаты – жалпы білім беретін мектептің педагогтарына аталған мәселені шешу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

  • қауіпсіз жол қозғалысы негіздері туралы түсінік беру;
  • қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесіне шолу жасау;
  • жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

 

1 Қауіпсіз жол қозғалысы негіздері


Жол қозғалысы қауіпсіздігі – жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін орасан зор шаралар кешені. Кез келген ересек адам да, мектеп білім алушылары да, көлік жүргізушілері де, көлік құралындағы жолаушылар да, жаяу жүргіншілер де «жол жүрісіне қатысушылар» болып табылады.

Жол жүрісі қауіпсіздігі – қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ жол жүрісінің экологиялық жағдайға, халықтың денсаулығына теріс әсерінен қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі [1].

Заңнамалық актілерде жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесі деп түсiндiрiледi. Жол-көлік оқиғасы – көлік құралының жолда жүруі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамның денсаулығына зиян келтіруге, өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге де материалдық залалға әкеп соққан оқиға деп жіктеледі [1].

Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің негіздеріне жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әр түрлі шаралар жатады. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесіне және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға байланысты бұл шаралар белсенді және пассивті екіге болып бөлінеді.

Қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі белсенді шараларға:

  • жол желісінің барлық нысандарын, ерекшеліктерін ескере отырып сауатты жобалау және орналастыру;
  • жол құрылысының жол-көлік оқиғаларының болуына ықтималдығына әсерін зерттеу және уақтылы алдын алу;
  • негізгі нормативтік құжат ретінде жол қозғалысының өзiн де, жол қозғалысы ережелерін де ұйымдастыруды үздексіз жетілдіріп отыру;
  • жол қауіпсіздігінің барлық қатысушыларының жолда жүру ережелерін сақтауын үнемі бақылап отыру;
  • қозғалысты ұйымдастыруға жауап беретін көлік құралдары мен жабдықтардың (қозғалыс белгілері, бағдаршамдар және т.б.) техникалық жай- күйін тұрақты бақылап отыру жатады.

Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі пассивті шараларға:

  • көлік құралдарының қауiпсiздiгi үшін жабдықтарды жетілдіру: құрылымдық жағынан – көлік шанағының қаттылығын күшейту, салондарды белсенді-пассивті құралдармен, яғни белбеулермен, қауіпсіздік жастықтарымен күшейту және т.б.;
  • жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жүйесіндегі құрылғыларды жобалау және жетілдіру.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі негізінен жолда жүру ережелерінің орындалуына тікелей байланысты болады. Жолда жүру ережелері – оның барлық қатысушылары үшін қауіпсіз қозғалыс жағдайларын барынша егжей-тегжейлі


 

сипаттайтын және жолда болып жатқан әрбір іс-қимылды реттейтін негізгі құжат болып табылады. Сондықтан, жолда жүру ережелерін сақтау қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 90% кепілдік береді. Ал қалған 10% еңсерілмейтін күштің салдарынан болатын жағдайларға, яғни кездейсоқ ауруға немесе дүлей апаттарға жатады.

Күн сайын біз жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде әрекет ететін жол қозғалысының пайдаланушыларының қатарында болып отырмыз. Жаяу жүргінші болу – жауапкершілігі жоғары рөл. Сондықтан, әр ересек адам да, бала да, көлік жүргізушісі де жолда жүрудің негізгі ережелерін сақтаулары тиіс. Жол-көліктік апаттарды азайтудың жолдары:

  • жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, ал олар болмаған жағдайда жол жиектерімен жүрулері тиіс;
  • тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру/көріну/байқау нашар болған кезде (кешқұрым кезде) көлік жүретін жолдың жиегімен жүрген жағдайда жаяу жүргіншілерге жарық қайтарғыш элементтері бар заттар ұстау немесе киіміне жарық шағылыстыратын таспа жапсырып алу ұсынылады, бұл құралдардың жарқырауы көлік жүргізушілеріне жол жиегіндегі жаяу жүргінші туралы хабардар етеді;
  • жаяу жүргіншілер жол қиылыстарын, көлік жүретін жолдарды жаяу жүргіншілер өткелдерінен, олар болмаған жағдайда тротуардың немесе жолдың жиек сызығы бойымен кесіп өтулері тиіс немесе жолда жүру ережелерін (1-қосымша) сақтаулары тиіс.

Сонымен, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері – балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың негiзгi болып табылады. Еліміздің жолдары мен көшелерінде қозғалыс жылдамдығы мен автокөлік саны жылдан-жылға жоғары қарқынмен өсіп келеді және бұл процестің келешекте ілгерілеу жалғасады. Бұл жағдай жол қауіпсіздігі негіздеріне баса назар аударуды қажет етері сөзсіз. Сондықтан білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жолда жүру ережелерін оқытуды бастауыш сыныптардан бастау қажет. Балалардың көшедегі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлқы дағдыларына үздіксіз оқыту жүйесі мектеп оқушыларының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша және жол қозғалысы ережелерін зерделеу бойынша мектептен тыс және пән сабақтарына кіріктіру арқылы әртүрлі іс-шаралардың түрлерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.


 

2 Қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі


Қазіргі уақытта адамзаттың ең маңызды проблемаларының бірі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2009 жылы біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) бастамасымен Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі «Әрекет ету уақыты!» атты Бірінші дүниежүзілік министрлік конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылардың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011-2020 жылдар аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша онжылдық іс-қимыл кезеңін жариялады [2].

Балалар үшін де, ересектер үшін де Жолда жүру ережелері бірдей, бірақ олар «ересектер» тілінде жазылады. Сондықтан баларға жолда жүру ережелерін түсінікті тілде жеткізу педагогтар мен ата-аналардың басты міндеті болып табылады. Сонымен қатар, ережелерді сақтамаудың қауіптілігі туралы ақпаратты балаларға жеткізу әдістері мен формаларын таңдауға да назар аудары қажет. Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен күш-жігері, олардың білімдері, шыдамдылығы және әдептілігі арқылы ғана, балаларды жолды және көшені кешіп өту кезіндегі қауіпті жағдайлардан сақтап қалуға болады.

Көптеген шет елдерде жолда жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үйрету – бұл:

  • жолда жүру ережелерін және жағдаяттарын түсінуге көмектесі және білімді тарату (ағарту жұмысы);
  • жаттығу және жаңа тәжірибе алу арқылы біліктілікті арттыру (оқыту);
  • жол қозғалысына қатысы бар басқа пайдаланушылардың және нақты тұлғаның қауіп-қатеріне және қауіпсіздігіне қатысты барабар емес көзқарастарды нығайту/өзгерту тәрізді жол-көлік ортасындағы жағымды мінез- құлықты дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы (кешенді алдын алу және превенция) [3].

Еуропаның 25 мемлекетінде балалар мен жастар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім беру іс-шараларының табысты жүзеге асырылуына бағытталған қадамдарды талдау нәтижесінде келесідей қорытынды жасалған:

  1. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм берудiң маңыздылығын мойындау.
  2. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм берудің басымдықтарын белгiлеу және олардың қоғамдық санадағы рөлiн күшейту.
  3. Барлық әлеуетті және нақты жұмыс істеп жүрген серіктестердің қызметін белсенді үйлестіру.
  4. Мектептің оқу жоспарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім алуды «көрінетін» ету.
  5. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы бiлiм беру мен ұтқырлықты оқыту арасындағы байланыстар мен синергияны қолдау.
  6. Жасөспірімдерді тәуекелділігі жоғары топ ретінде қарау.
  7. Ата-аналарды тарту.

 
  1. Жол қауіпсіздігін үздіксіз оқыту бойынша нақты мақсаттары бар жол қозғалысының барлық қатысушыларын қамтитын ұзақ мерзімді мақсаттар жобалау.
  2. Жол қозғалысы қауiпсiздiгi, құқықтық және инженерлiк бiлiм берудiң арасындағы синергия (серіктестік) мен өзара байланыстарды сақтау.
  3. Ғылыми зерттеу, тиімділікті бағалау және сапаны бақылау саласын күшейту [2].

Ұлыбританияның Көлік департаменті әлемнің көптеген елдерінің оқу бағдарламаларына кіріктірілген жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі бiлiм берудi оқшаулап емес, денсаулықты сақтау, қауіпсіздік пен тәуекелді басқарудың кең мәнмәтiнiнде қарау керек идеяны тұжырымдаған.

Швецияда мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігіне оқыту 3 кітапшадан тұратын және мектептің әр түрлі оқу бағдарламаларына кіріктірілген модульдік бағдарлама арқылы жүзеге асырылады. Мектепте үйлестірушінің жетекшілігімен жұмыс істейтін 4-6 мұғалімнен тұратын команда құрылады. Олар кітапшалардың мазмұнымен жұмыс істейді, өздерінің күнделікті сабақ жоспарларына сәйкес келетін тақырыптар қосады және әріптестеріне ұсыныстар жасайды, осы оқытудан күтілетін нәтижелерді қарастырады, сырттан кеңесшілерді (полиция қызметкерлерін, жедел жәрдем дәрігерлерін, жол-көлік апатының құрбандарын) тартады, сонымен қатар оқушылардың жобалық іс- әрекеттерін ұйымдастырады.

Германияда жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бiлiм берудi нақты бiр пәнмен байланыстыру нақты бiр оқытушының мiндетi болып табылады, яғни «Sachkunde» («құзыреттілік») оқу пәні аясында жүргізіледі. Бұл пән шамамен «әлеуметтік ғылымдарға» сәйкес келеді. Бірақ орта мектепте теория көңіл бөлінбейді, негізінен әлеуметтік дағдыларға, яғни өзінің эмоциялық және физикалық денсаулығына, тұлға аралық қарым-қатынас орнатуға, азаматтық позициясын құруға басымдық беріледі.

Нидерландының Брабант провинциясында 1997 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «The Brabant Road Safety Label» (BVL) («Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сапа белгісі») жобасы өзінің тиімділігін көрсетті, сондықтан Нидерландының және Бельгияның басқа аймақтары бұл тәжірибені өздерінде қолдана бастаған.

BVL 4-12 жас аралығындағы балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектептегі білім беруді инфрақұрылымдық қолдау арқылы жол-көлік жарақаттарын азайтуға бағытталған.

Жобаға қосылу үшін мектеп қызметкерлері «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы сапа белгісі» тәуелсіз тексерушімен бірлесіп жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үйрететін ағымдағы жағдайды картаға түсіруді жүзеге асырады. Әңгімелесуден кейін мектеп «сапа белгісін» алу мақсатында осы бағыттағы жұмысын жақсарта алатын балдары бар есеп пен бақылау карточкасын алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мектеп екінші тексеруден өтеді;

«сапа белгісін» сәтті алғаннан кейін –тексерулер тұрақты болып тұрады. Мектептің жұмысы келесі параметрлер бойынша бағаланады:


 
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектеп саясатының бір бөлігі;
  • оқушылар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізіледі;
  • практикалық жаттығулары бар, жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты жобалар жүзеге асырылады;
  • мектеп аумағы және оған апаратын жолдар барынша қауіпсіз;
  • балалардың ата-аналары мен қамқоршылары жұмысқа тартылып, балаларды жол қозғалысы қауіпсіздігіне үйрету үшін күш-жігерлерін жұмылдырады.

Мектеп үшін бұл мынадай артықшылықтар туғызады: интенсивті коучинг және нақты құрылым жол қозғалысы қауіпсіздігін оқыту бойынша жұмысты жоспарлауды, серіктестер мен оқушылардың ата-аналарының күш-жігерін үйлестіруді жеңілдетеді. Дұрыс құрастырылған жоспарлар муниципиалды бюджет қорынан қаржыландырылады.

Жобаны белсенді қолдайтын муниципалдық органдар BVL- муниципалитет сапа белгісін алады. Оларға, мысалы, ақпараттық кампаниялар өткізуде белсендi әдiснамалық қолдау көрсетiледi. Муниципалитеттерде жол қозғалысы қауіпсіздігін үйлестірушілері (municipal road safety coordinator) жұмыс істейді, олар нақты мектепте болатын іс-шаралар туралы әрдайым хабардар және мектептің сұрауы бойынша бұл іс-шараға жан-жақты көмек көрсетуге дайын болады (мысалы, мектепке баратын ең күрделі жол қозғалысы бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды күшейту).

Мектептің ішкі саясатына (ережесіне) сәйкес мектеп айналасындағы нақты жол қозғалысы ортасын және балалардың күнделікті маршруттарын ескере отырып, балаларды оқыту жөнiндегi әдістемелік нұсқаулар әзірлеу туралы талап енгiзiледi. Бұл нұсқаулықтар мектепке баратын жолдардың жоспары (School travel plans) деп аталады.

Бұл нұсқаулықтар балалармен экскурсияларға баратын, балаларды сабақтың алдында күтіп алатын/сабақтан кейін шығарып салатын мұғалімдердің іс-әрекеттеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі – АҚШ) балаларға және олардың ата-аналарына жеке маршруттарын өз бетінше түсінулері үшін тексеру парақтары ұсынылады (США – NHTSA, 2001).

Ұлыбританияның Көлік, білім беру және денсаулық сақтау департаменттері мектепке баратын бағытты саналы түрде таңдау бойынша бірлескен жұмыс тобын (School Travel Awareness Group (STAG)) құрған. Бұл жұмыс тобы мектептің жекелеген бағыттарын және қоғамдық көлікті пайдаланудың қауіпсіз типті схемаларын жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әдіснамалық материалдар әзірледі, сонымен қатар үздік тәжірибелер бойынша сипаттамалар берді. Олардағы практикалық ұсынымдар мен міндеттердің көпшiлiгi қауіпсіз және тұрақты бағыттарды қалыптастыруға бағытталған (ЭЫДҰ, 2004).

Жаңа Зеландияда мектептерде жол қозғалысы қауіпсіздігі дағдыларына оқытуқарқындыформаттаөткізіледіжәнеол«мамандарменбірлескен


 

интенсив» деп аталады. Оқытуға оқу жылының кез келген уақытында 2-4 апталық уақыт беріледі. Бұл кезеңде жол полициясы жаттықтырушыларының (Police Education Officers) қатысуымен практикаға бағытталған сабақтар өткізіледі.

Аустралияның көптеген мектептерінде де жол қауіпсіздігі сабақтары тақырыптық интесивтер түрінде және осы жұмысқа тартылған мамандардың көмегімен жүргізіледі. Мысалы, «Полиция мектептерде» (Police in Schools) бағдарламасы; жол қауіпсіздігі тренингтері бойынша жаттықтырушылар (VicRoads); аймақтық билік органдарының білім департаменттері және жол- көліктік департаменттерінің өкілдері (Catchpole & DiPietro, 2016).

Нидерландыда 8 жыл бойы жол қозғалысы қауіпсіздігіне оқыту нәтижелері бойынша жол қозғалысының ұлттық емтиханы (National Traffic Exam) тест ретінде жүргізіледі. Ол міндетті емес, бірақ ерікті бастама ретінде «мектептің өтініші бойынша) 7500 мектептің 200 мыңнан адамы қамтылған.

Еуропада 1950-60 жылдары балаларды жаяу жүргінші және велосипедпен жүру дағдыларына үйрету үшін көптеген оқу алаңдары салынды. 1970-80 жылдары мұндай инфрақұрылымның тиімділігі жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізілді, бұл оның нақты жол қозғалысы ортасын көрсете алмайтынын және осыған байланысты балалардың мінез-құлқына әсер етпейтіндігін көрсетті.

Алайда, мұндай инфрақұрылым кешендi оқыту бағдарламасының аясында пайдалы болуы мүмкін. Нью-Йоркте және АҚШ-тың басқа да бес қаласында

«Қауіпсіздік қаласы» («Safety City») алаңдары бар, олар әр түрлі көше қиылыстарының үлгілерімен, жол таңбаларымен, жол белгілерімен толық жабдықталған. Көбінесе «Қауіпсіздік қаласына» 9 жастағы балалар келеді. Жақында оларға мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген «Қолжетімді қала» («Access City») модулі қосылды.

Нидерландыда «көлік бақтары» (traffic gardens) бар. Онда бала жол қозғалысына қатысушысының түрлі, соның ішінде көлік жүргізушісінің де рөлінде бола алады. Бұл балаларға рульде отырған ересек адамның позициясын жақсырақ түсінуге және өзінің сезімін дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, ойын ортасының шектеулері де бар. Мысалы, «бала» өлшеміне арналып әзірленген электромобильді қолдану – көлік жүргізушісінің назарына ілігетін ауқымды қамти алмайды, сондықтан кейбір мәселелерді модельдеуге, яғни қауіпті алдын ала анықтауға мүмкіндік бермейді.

Инфрақұрылымдық тренажерлар кейбір проблемаларды үлгілей алады, бұл оны қажеттілік туындаған мектепте орналастыруға жағдай жасайды. Мысалы, Нидерландының мектептерінде «Соқыр зона» жобасы жұмыс істейді. Бейне камералардың және жүк көлігінің көмегімен балаларға жүргізушінің шолу (көзімен барлау) шекарасын, демек жаяу жүрген немесе велосипедпен келе жатқан кезде жүк көлігіне жақындаудың қауіптілігін бейнелі түрде көрсетуге болады.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен жол қауіпсіздігі ережелеріне оқыту дегеніміз – ұқсас ойындар (симулятор ойындар) дағдылар қалыптастыруға және мақсатқа жетуге әсер етуге мүмкіндік береді. Кейбір зерттеулердің нәтижелері ұқсатқыш ойындарды қолданудан алынған дағдыларды нақты


 

жағдайда қолдануға болатындығын, сонымен қатар керісінше нәтижелер де болғанын көрсеткен. Ұлыбританияның Көлік департаменті мұғалімдерге оқу бағдарламасына қосу үшін көмек ретінде арнайы сайтта осындай ойындардың сабақ жоспарларын орналастырады [4].

Бірқатар елдерде жасөспірімдерді өздерінен кіші жастағы балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тарту арқылы олардың әлеуметтік жауапкершілегі сезінуге көңіл бөлінеді, мысалы:

  • Бельгиядағы «Көліктік тренер» («Traffic Coaches») жобасы: жасөспірімдер мектепке жақын маңайдағы жолдың бойында бастауыш сынып жасындағы балалардың жолдағы мінез-құлқын қадағалайды және қауіпсіз мінез- құлық ережелерін сақтауға жағдай жасайды;
  • Германияда және Австрияда «Автобус күзетшілері» («Bus Guards») жобасы аясында: жасөспірімдер балаларға автобусқа отырарда және шығарда көмектеседі, сонымен қатар автобус жүрісінің барысында тәртіп сақтауды қадағалайды;
  • Германиядағы «Оқушылардың тәлімгерлері» («Pupils’ Mentors») және Даниядағы «Үлкендер кішкентайларды оқытады» («Big Pupils Teaching Small Ones») жобасы бойынша жоғары сынып оқушылары жолды/көшені кешіп өтуді үйреніп жүрген балаларға, роликта немесе скейтте жүруді үйреніп жүрген балаларға көмектесуде жаттықтырушы рөлінде бола алады.
  • Австралияның «Үлкен балалар кішкентай балаларға көмектеседі» («Older Kids Help Younger Kids») жобасы бойынша: жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларын таңертең үйінің жанынан күтіп алып, мектепке дейін бірге жүріп отырады.
  • Ұлыбританияның «Жолды өтудің мектеп патрулі» (school crossing patrol) жобасы: мектепке іргелес көшелерде жоғары сынып оқушылары пост полициясының қызметін орындайды. Олар мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге (Lollipop people, букв. «человек с леденцом») көшені кесіп өтуге көмектеседі.

Алайда бұл қызметке жоғары сынып оқушыларын тарту тәжірибесі екі жақты пікір тудыратын мәселе болып табылады, себебі жауапкершілік пен тәуекелдер айтарлықтай үлкен. Сондықтан балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік және білім беру саясаты бір-бірімен тығыз байланысты. Аймақтағы балалар мен отбасылардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық ерекшелектерін ескере отырып, сараланған бағдарламалар әзірлеу қажет. «Тәуекел тобындағы» балаларды қоғамдық бірлестіктерге қатыстыруға тарту өте маңызды, бірақ тәуекелді төмендетудегі жеткіліксіз қадам; сондай-ақ, ата-аналармен жұмыс істеу және инфрақұрылымды өзгерту қажет болып табылады [2].

Қорытындылай келе, мұндай бағдарламалар немесе жобалар балалардың жолда жүру ережелер сақтау тәжірибесін қалыптастыруға негізделгенін атап өткен жөн.

Отандық тәжірибе.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ)жыл сайын еліміздің барлық аймақтарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз


 

ету айлығын өткізеді. Бұл жол-көлік оқиғаларын азайту және алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілетін, сонымен қатар жол- көлік жарақаттарының проблемасына назар аударуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

Жол-көлік оқиғаларының әсіресе демелыс кездерінде жиі болтынын атап өту қажет. Осыған байланысты ІІМ қызметкерлері автокөлік құралдарын тексеру жұмыстары, жолда жүру ережелерін бақылау мақсатында көшелерді патрульдеу күшейтіледі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығы аясында жүргізілетін барлық іс-шаралардың міндеті – адамдардың назарын жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында жолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге аудару болып табылады [5].

Сонымен қатар, балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың жол-көлік жарақаттарының проблемаларына қоғам назарын аудару мақсатында оқу жылының басында республикалық «Абайлаңыз, балақай!» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. Бұл жұмыстар барысында бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша мақалалар жарияланады, теледидардан осы мәселеге байланысты роликтер көрсетіледі, радиодан әр түрлі ақпараттар беріледі. Жол полициясы комитеті республикалық телеарналарда бейнероликтер жасау және тарату, оның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған бейнероликтерді жасау және тарату бойынша мынадай мазмұндағы жұмыс жүргізді:

  • «Алыстан көрінген – нақты сақталған» – тәуліктің қараңғы уақытында немесе көрінбейтін жағдайда жаяу жүргіншілердің шағылыстырғыш элементтерді қолдануын насихаттау;
  • «Ең қымбатыңды сақта!» – балаларды тасымалдау кезiнде балаларды ұстауға қажетті құралдарды қолдануды насихаттау;
  • «Жаяу жүргінші де – жол қозғалысына қатысушы!» – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апатының алдын алу.

Сондай-ақ, жол бойларында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған ақпараттар көрсетілген плакаттар мен паннолар орналастырылады.

Айлық аясында жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерінің бірлесуімен жалпы білім беретін ұйымдардың маңындағы аймақтардағы жаяу жүргінші тротуарларының жай-күйі, жаяу жүргінші өткелдерінің қажетті жол белгілерімен жабдықталуы, жол таңбаларының/сызықтарының болуы, жол қозғалысын реттейтін басқа да қажетті техникалық құралдардың болуы зерттеледі. Сонымен қатар, жолда жүру қауіпсіздігі бойынша әр түрлі оқыту бағдарламалары мен ойын-сайыстар өткізіледі, психологтар кеңестер өткізеді [6].

Аталған айлық аясында еліміздің жалпы білім беретін мектептері көптеген іс-шаралар өткізеді. Ең алдымен мектептердің педагогикалық ұжымы жолда қозғалысы қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларында балалардың жарақаттануыныңалдыналубойыншанормативтікжәнеәдістемелік


 

құжаттармен танысады, жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтайды.

Жолда жүру ережелері бойынша кіріспе нұсқаулық өткізіледі. Сынып жетекшілері және әлеуметтік педагог бірлесіп балалардың қоғамдық көлікке отыруы, көліктегі мінез-құлқы, автобустан шығу мәселелері бойынша тренингтер мен нұсқаулықтар жүргізеді. Сондай-ақ, жеңіл көлікте жүргенде қауіпсіздік белбеулерін міндетті түрде пайдалануға, балалардың автобус аялдамаларындағы және автобустағы мінез-құлқының ерекшеліктеріне ерекше назар аударылады.

Оқушылар қозғалысының қауіпсіз бағыттарының схемалары жаңартылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектептің арнайы бұрышына жаңартылған ақпарат орналастырылады. Жол қозғалысы ережелері бойынша сабақтар, профилактикалық әңгімелер өткізіледі.

Бастауыш сыныптар үшін «Балалық шақтың жақсы жолы» тақырыбында білім алушылардың көшелер мен жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы көзқарастарын кеңейту мақсатында ақпараттық әңгімелесу түріндегі сынып сағаттары өткізіледі.

Білім алушылардың жолда жүру ережелері бойынша білімдерін анықтау мақсатында жұмбақ шешу сайыстары өткізіледі. «Жарқырап жүр! Айқын бол!» акциясы арқылы шағылыстырғыш белгілердің маңыздылығы туралы айтып, тәуліктің қараңғы уақытында киімге оларды тағу арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі. Жалпы еліміздің барлық мектептерінде «Абайлаңыз, балақай!» айлығы аясында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылады.


 

3 Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар


Балаларды жолда жүрудің қауіпсіз мінез-құлқына үйрету өте маңызды мәселелер қатарына жатады. Қазіргі кезде жолдағы көлік қозғалысының өте тығыз болуына байланысты, жолда жүру ережелерін білу және оны мектепте де, үйде де үйретудің қажеттілігі артып отыр. Баланың өмірі мен денсаулығы, өзін көшеде қаншалықты дұрыс ұстанатындығына, жолда жүру ережелерін дұрыс орындағандығына байланысты болады.

Өйткені педагог балаға білім беріп қана қоймай, жол қозғалы ережелерін сақтамаудың неге әкелетінін түсіндіруі, баланы жол заңдарын құрметтеуге тәрбиелеуі тиіс. Жол-көлік оқиғасының салдары зардап шеккен балалардың көпшілігі бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте жолдан жүгіріп өтуге болмайтындығы, көлік жүретін жолға шықпас бұрын алдымен солға, содан соң оңға қарап барып шығу керектігі туралы біледі, алайда көпшілік жағдайда жолда жүру ережелерін саналы түрде бұзады.

Балалардың көшеде және жолда жүруінің қауіпсіз мінез-құлқы негіздерін қалыптастыру жұмысын пән сабақтарына кіріктіру арқылы жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуді қарастырады:

  • білім алушылардың жолда дұрыс әрі қауіпсіз бағдарлануына мүмкіндік беретін танымдық қабілеттерін дамыту;
  • білім алшыларға көшедегі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық негіздері туралы білім беру, дағдылар мен қабілеттер қалыптастыру;
  • жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, заңға бағынатын мінез-құлық тәрбиелеу.

Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу жөніндегі білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесінде пән сабақтарында және сыныптан тыс уақытта әр түрлі жұмыс формаларын пайдаланылуы мүмкін. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • пән сабақтарында, яғни оқу қызметінде есептер шығару, жаттығулар орындау, әңгімелер оқу;
  • қала көшелері бойынша ауызша экскурсиялардың бағыттарын салу, фильмдер, бейне роликтер тамашалау, сынып сағаттарын өткізу, викториналар және басқа да жұмыстар ұйымдастыру, яғни сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
  • ата-аналармен бірлескен іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Оқу қызметі – бұл мұғалімдер мен білім алушылардың бөлінген уақыт ішінде және оқушылардың белгілі бір контингенті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

Оқу қызметі – өзінің мазмұны ретінде ғылыми ұғымдар саласындағы жалпылама іс-әрекет әдістерін меңгеруге ие қызмет. Сонымен қатар, оқу әрекеті білім алушыға, оның тұлға ретінде саналы түрде қоғамға пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық іс-әрекетінің барлық түрлерінің мақсатты әлеуметтенуіне бағытталған болуы тиіс. Осы мақсатта бастауыш сынып білім алушыларының жолда жүру ережелерін меңгеруі және күнделікті өмірде дұрыс


 

қолдана білуі үшін пән сабақтарында да қауіпсіз мінез-құлық негіздерін қалыптастыру маңызды болып табылады.

Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептерінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану болып табылады [7].

Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі – Шаяхметова Жанар Боташевна 3 және 4-сыныптарда оқу пәнінің аясында жолда жүру ережелерін оқытудың келесі жолдарын ұсынады.

3-сыныпқа арналған тапсырмалар

Тақырыбы: Мəтін жəне оның түрлері (1-тоқсан)

Оқу мақсаты: 3.3.3.1 оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Тапсырма: Мәтінді мұқият оқыңыз. Мұғалімнің көмегімен жоспар құрыңыз. Мәтін бойынша мазмұндама жазыңыз.

Бағдаршам – өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Оның кескін-келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Бағдаршамның жаяуларға және автомашиналарға арналған түрлері болады. Олардың айырмашылықтары көздерінде: адамдарға арналған бағдаршамның екі көзі болады, қызыл көзі жанғанда – тоқтайды, жасыл көзі жанғанда – жүреді. Ал, жүргізушілерге арналған бағдаршамның 3 көзі болады: қызылда – тоқтайды, сарыда – әзірленеді, жасылда – жүреді /65сөз/.


Тақырыбы: Сөйлем мүшелері (2-тоқсан)

Оқу мақсаты: 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыз.

Бағдаршам жол қозғалысын реттейді. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.


Тақырыбы: Етістік туралы білетінімді еске түсіремін (3-тоқсан)

Оқу мақсаты: 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу

Тапсырма: Сөйлемдерді оқыңыз. Зат есімді бірінші бағанға, етістіктерді екінші бағанға теріп жазыңыз.

Оқушыға арналған жадынама:

  1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.

 
  1. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
  2. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
  3. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, күте тұр.


Зат есім

Етістік




Тақырыбы: Сын есім (3-тоқсан).

Оқу мақсаты: 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

Тапсырма: Көп нүктенің орынына тиісті сын есімдерді қойып оқыңыз.

... көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

... көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға!

... көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

... – Тоқта!

... – Сақтан!

... – Жол ашық!

Қажетті сөздер: Жасыл. Қызыл. Сары. Жасыл. Қызыл. Сары.


Тақырыбы: Болымды жəне болымсыз етістік (3-тоқсан)

Оқу     мақсаты:     3.4.2.5     болымды     және                      болымсыз     етістіктердің айырмашылығын анықтау

Тапсырма: Болымсыз етістіктерді теріп жазыңыз.

 




 
 


  1. Қатардан шықпа.


  1. Алысып, ойнама.


3. Жүгірме, секірме, итеріспе.

  1. Шуылдама.
  2. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас.

6. Басқаларға алаңдама.


 

Тақырыбы: Мəтін жəне сөйлем (4-тоқсан)

Оқу мақсаты: 4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

Тапсырма: Жолда жүру ережелерін есіңізге түсіріңіз. Берілген сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтаңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.


Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1.        Бағдаршамдардың жоғарыдан төмен қарай орналасу реті: қызыл, сары, жасыл.



2.        Бағдаршамның      жасыл      жануы          жаяу жүргіншілер үшін «Тоқта!» дегенді білдіреді.



3.        Велосипедшілер        арнайы          велосипед жолында қайда жүре алады.



4.        Жаяу    жүргіншілер    жолы    «Зебра»          деп аталады.



5.        Автобусты алдынан айналып өтуге болады.




4-сыныпқа арналған тапсырмалар

Тақырыбы: Мəтіннің тақырыбы мен мəтіндегі негізгі ой (1-тоқсан)

Оқу   мақсаты:   4.2.4.1   мәтіннің   тақырыбы                    мен              мазмұнының          өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

Тапсырма: Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар. Ат қойыңыздар және негізгі ойды анықтаңыздар.

Көшеде арлы-берлі жүрген машиналар, ортада – бағдаршам. Ортаға жүгіріп бала шығады.

Бала: – Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.

Бағдаршам: – Әй, тоқта! Қайда барасың? Бала: – Сіз кімсіз?

Бағдаршам: – Мен – бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың. Бала: – Қалай? Қашан?

Бағдаршам: – Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой, сенің бұның дұрыс емес.

Бала: – Енді қалай өтуім керек еді.

Бағдаршам: – Сен мені жақсылап тыңдап, айтқандарымды ұғып ал. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда «жолдан өтуге дайындал» деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда

«жолдан өтуге рұқсат, өте бер» деген белгіні білдіремін.

Бала: – Жарайды, айтқаныңызды ұқтым, енді сіздің айтқаныңыз бойынша жүретін боламын.


Тақырыбы: Зат есімнің септелуі (3-тоқсан)


 


білу


 

Оқу мақсаты: 4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін


Тапсырма: Берілген сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз. Септік


 

жалғауларын атаңыз.


1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?

Аялдамада

2. Бағдаршам дегеніміз не?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

3.Жолаушы       таситын                           қоғамдық

көліктерді қай жерден күтеді?

Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

4.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

Бағдаршам       автомат                     жүйесіне қосылған    үш    көзді                    аспап.                    Жол

қозғалысын реттейді.

5.Жолда қай жерден өту керек?

Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.


Тақырыбы: Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі (3-тоқсан)

Оқу мақсаты: 4.2.3.1 – мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Тапсырма: Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.


Тақырыбы: Дыбыс үндестігі. (1-тоқсан)

Оқу мақсаты: 4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, дыбыс үндестігін сақтап айту

Тапсырма:   Жұмбақтарды   шешіңіз.   Дыбыс                                үндестігіне        сай            өзгерген сөздерді табыңыз.

  1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен.


  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген.


  1. Жоқ өзінде басы да, аузы да, құлағы да, Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

Шешуі: Жол полициясы. Жол. Бағдаршам. Тақырыбы: Шылау (4-тоқсан)


 

Оқу мақсаты: 4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап, түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

Тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз. Жақшаның ішінде берілгендердің жалғау немесе шылау екенін анықтаңыз. Қайсысы бірге, қайсысы бөлек жазылатынын айтыңыз.

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу (және) көлік жүргізуші (мен) жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнін (де) ақпарат беру мақсатын (да) көше (мен) жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуар (мен) немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдар (мен), ал олар болмаған жағдай (да) жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлер (де) жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кез (де) көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағыт (та) жүруі тиіс.


Тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. (1-тоқсан)

Оқу мақсаты: 4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру; 4.3.7.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою

Тапсырма: Белгілерді сәйкестендіріңіз. 3 құрамалас сөйлем құрастырып жазыңыз.


1. Автобус аялдайтын орын!


А

2.      Жаяу         жүргіншілерге жүруге болмайды!


Ә

3. Тайғақ жол!


Б

4. Жанармай бекеті!


В

5.   Алғашқы      медициналық көмек пункті


Г


 

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру [8].

«Дүниетану» оқу пәнінің қолданыстағы бағдарламасына жолда жүру ережелерін үйретуге бағытталған келесідей тақырыптарын кіріктіруді ұсынамыз:

  • Үйден мектепке дейінгі жол;
  • Үйден мектепке дейінгі жолмен танысу және осы жолдағы қауіпсіздік ережелері» атты экскурсия;
  • Ең маңызды жол белгілері, бағдаршам сигналдары, көшені кесіп өту ережелері;
  • Сенің өміріңдегі велосипед;
  • Велосипедті қолданудағы қауіпсіздік ережелері;
  • Автокөліктің адам өміріндегі маңызы;
  • Поезд және темір жол;
  • Көлік түрлері: жер үсті көліктері, су көліктері, әуе көлігі, жер асты көлігі, жолаушы көліктері, жүк көлігі, арнайы көлік;
  • Қаланың жолаушылар көлігіндегі мінез-құлық ережелері;
  • Қаланың көшелеріндегі және жолдардығы қауіпсіздік ережелері;
  • Практикалық жұмыс: көшені кесіп өту ережелері (мектептің арнайы алаңында немесе мектепке жақын маңдағы жол қиылысында);
  • Қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті (кино, көлік және т.б.);
  • Жол белгілері, олардың өмір қауіпсіздігін сақтаудағы рөлі және т.б. тақырыптар.

Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі – Сүлейменова Қарлығаш Дулатовна әзірлеген «Дүниетану» пәнінде жолда жүру ережелерін оқыту бойынша сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға болатын ойын түрлерін, жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған және «Жалғасын тап» атты тапсырмаларыдың нұсқаларын ұсынамыз (2- қосымша).

«Математика» оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді [9].

Сонымен қатар, бастауыш сыныптардағы «Математика» оқу пәнінде жолда жүру ережелерін қайталау, қозғалысқа байланысты есептерді шығару дағдыларын тереңдету арқылы балалардың жолдағы, көшедегі мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен байланыстыруға болады. Осы орайда, Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің


 

«Математика» оқу пәнінің мұғалімі – Ахметова Меруерт Ақанқызы әзірлеген бастауыш білім беру деңгейінің математика сабақтарында «Жол ережелері» тақырыбы бойынша 4-сынып оқушыларына арналған есептер мен тапсырмалар жиынтығын ұсынамыз.

  • Бағдаршамда қанша жарық сигналы бар? Осы санға бес ондық қосып, қандай сан аласыңдар ? (53)
  • Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамында қанша жарық сигналы бар. Сенде жаяу жүргіншілерге арналған екі бағдаршам бар. Рұқсат сигналын көтер. Тыйым салу сигналын көтер. Екі жаяу жүргінші бағдаршамына 7 ондық қосып, сол санды жаз. (72)
  • Жаяу жүргіншілер бағдаршамында жасыл сигнал 18 секунд, ал қызыл сигнал 20 секунд жанып тұрады. Жаяу жүргінші жолды кесіп өту үшін неше секунд қажет? (18)
  • Жол-патрульдік қызмет инспекторы түске дейін жылдамдықты арттыру жағдайлары бойынша 2 ондық құқық бұзушылықты ал түстен кейін 3 жағдайды тіркеді. Инспектор бір күнде қанша жол ережесін бұзушылықты тіркеді? (23)
  • Жолда неше жастан бастап велосипедпен жүруге болады? (Велосипедші 14 жастан бастап жолда жүре алады).
  • Егер бала 5 жаста болса, онда оған велосипедпен жолға шығуға қанша жыл тыйым салынады? (9 жыл)
  • Жол айрығында жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, науқасқа көмектесуге асықты. Қанша заң бұзушылыққа жол берілді? (0)
  • 92 оқушы жолды жаяу жүргіншілер өткелінің белгісімен, бесеуі ыңғайлы жерден кесіп өтті. Мектеп оқушыларының нешеуі жол ережесін бұзды? (5).
  • 4-сынып оқушылары Қызылорда қаласына экскурсияға барды. Олар қалаға автобуспен 75 км/сағ жылдамдықпен 6 сағатта жетті. Ал қайтар жолға 5 сағат уақыт жіберсе, автобус қандай жылдамдықпен жүрген ?


v

t

s

75 км/сағ

6 сағ

? км

? км/сағ

5 сағ

бірдей

75 * 6 = 450 км

450 : 5 = 90 км/сағ

75 * 6 : 5


  • Велосипедші бірінші күні 5 сағатта 165 км жол жүрді. Екінші күні жылдамдығын 3 км/сағ арттырып, 6 сағат жүрді. Екінші күні велосипедші қанша жол жүрді?


v

t

s

1 ? км/сағ

5 сағ

165 км

2 ? км/сағ

5 км/сағ артық

6 сағ ? км

165 : 5 = 31 км/сағ

31 + 3 = 34 км/сағ

34 6 = 204 км


  • Қыс келді. Жолдар көктайғақ. Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншілер ерекше сақ болғаны жөн.

 

Оқушы таңертең мектепке тайғақ жолмен 22 м/мин жылдамдықпен 45 минут жаяу барды. Оған мектептен қайту үшін 30 минут кетті. Оқушы үйге қайтарда қандай жылдамдықпен жүрді?


v

t

s

Мектепке 22 м/мин

45 мин

? м

Үйге ? м /мин

30 мин

бірдей

45 * 22 = 990 м

99030 = 66 м/мин



  • Жол бойымен 16 жүк көлігі жүріп келеді. Жаяу жүргіншілер өткелінің алдында 2 жүк көлігі тоқтады, ал қалған жүк көліктері ары қарай жүріп кетті. Қанша жүк көлігі жол ережесін бұзды? (14)
  • Жол полициясы инспекторы түскі асқа дейін жолда 15 жол ережесін бұзушылықты тіркесе, түскі астан кейін одан 2 есеге көп тіркеді. Бір тәулік ішінде инспектор қанша жол ережесін бұзушылықты тіркеді? (45)
  • Мектептің ойын алаңында 14 бала доп ойнап жүрді. Ойын барысында доп жолға шығып кетті, бірнеше ойыншы доптың артынан жүгірді, ал 2 ойыншы ойын алаңында қалды. Неша ойыншының әрекеті дұрыс емес? (12)
  • Велошеруге 4-сыныптың 24 оқушысы қатысты. 19 қатысушы веложол бойымен жүріп өтті, ал қалған велосипедшілер қарсыластарын басып озуға бел буып, жолға шықты. Қанша велосипедші ережені бұзды? (5).
  • Бағдаршам тұрған алаңға қабырғалары a=5 см, b=9 см болатын тіктөртбұрыш тектес жаяу жүргінші жолын сал.
  • Автобустың жылдамдығы 50 км/сағ. Машинаның жылдамдығы автобустан 30 км/сағ артық болса, оның 6 сағатта жүрген жолын тап.
  • Бірінші ресми тіркелген жол-көлік апаты оқиғасы 1896 жылы 17 тамызда Ұлыбританияда болды. 6 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Содан бері қанша уақыт өтті? (126 жыл)
  • Бүкіл КСРО елдері бойынша жолда жүрудің бірыңғай ережесі 1961 жылы енгізілген. Бұл ережелерге неше жыл ? (49 жыл)
  • Жолдың көлік жүретін бөлігінің ені 9 м. Оқушының жылдамдығы 1 м/с. Жасыл бағдаршамның сигналы 20 секунд жанып тұрса, оқушы жүргіншілер өткелінен өтіп үлгере ме?
  • Көлік 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Жол жиегінде 40 км/сағ шектеу белгісі ілінген жағдайда, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұза ма? Жүргізуші жылдамдықты қаншаға асырды?
  • Бағдаршамның жасыл түсі 25 секунд жанып тұрады, ал жаяу жүргіншінің жылдамдығы 1 м/с. Көшенің ені 15 м болса, жаяу жүргінші оны кесіп өтуге үлгере ме?
  • Автомагистральда 2 км жол аралығында жылдамдығы 40 км/сағ шектеу белгісі тұр. Жүргізуші бұл аралықты 3 минутта өтті, жүргізуші жол ережесін сақтады ма?
  • Бағдаршамның жасыл сигналына 27 мектеп оқушысы, ал сары түсі жанғанда жолды одан 3 есе аз оқушы кесіп өтті. Ал, қызыл сигнал жанғанда сары

 

шамда өткен оқушы санынан 7 оқушыға кем оқушы жолды кесіп өтті. Қанша бала өз өміріне қауіп төндірді?

1- тапсырма.

Көлік «В» нүктесіне жетуі керек. Бірінші жолда максималды жылдамдық 60 км/сағ және жаяу жүргіншілердің екі өткелі бар. Жаяу жүргіншілерді өткелден өткізу үшін көлікке орташа есеппен 6 минут уақыт керек. Екінші жол өте тайғақ, максималды жылдамдық 40 км/сағ. Үшінші жолда әрқашан үлкен кептелістер болады, сондықтан жүргізушіге қосымша сағат қажет болады. Бұл жолдағы максималды жылдамдық 50 км/сағ. В нүктесіне дейінгі қашықтық бірінші жолда 3 км, екінші жолда 2,4 км, үшінші жолда 1500 м. Мүмкіндігінше аз уақытта жету үшін жүргізуші қай жолды таңдағаны дұрыс болады?

2- тапсырма.

Экспресс автобус автовокзалдан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әуежайға шықты. 10 минуттан соң жолаушы таксимен автобустың соңынан шықты. Таксидің жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 20 км артық. Әуежайға бір уақытта келген такси мен автобустың жылдамдығын табыңыз.

3- тапсырма.

Автокөліктің жылдамдығы екі есе өскенде, оның тежеу жолы 4 есе артады. 30 км/сағ жылдамдықпен запорожецтің тоқтау қашықтығы – 7,2 м, жүк көлігінікі – 9,5 м.

Осы көліктердің 60 км/сағ жылдамдықпен тоқтау қашықтығын табыңыз.

Жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтар:

  1. Көшеден өткенде қандай негізгі ережелерді сақтау қажет? (Белгіленген жерлерден, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту. Алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарау керек).
  2. Көшеде жүгіру неге қауіпті? (Адам жүгіріп келе жатқанда, оған жолдағы жағдайды бақылап, бағалау қиын.)
  3. Балаларға неше жастан бастап көліктің алдыңғы орындығында отыруға болады? (12 жастан бастап.)
  4. Жолаушы ретінде көлікте отырғанда қандай ережелерді сақтау керек? (Шуылдауға, жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, басты, қолды немесе кез келген заттарды терезеден шығаруға болмайды, жүріп келе жатқан көліктің есіктерін ашуға болмайды, көлік толығымен тоқтаған кезде ғана түсуге болады.)
  5. Неліктен жақын маңдағы көліктің алдынан жолды кесіп өтуге болмайды? (Көлік бірден тоқтай алмайды, оның баяулауы үшін уақыт қажет.)
  6. Жолды кесіп өткенде негізгі ереже қандай? (Оны белгіленген жерлерден, қиылыстарда және жаяу жүргіншілер өткелдерінен ғана кесіп өту керек; ең бастысы – сол және оңға қарауды ұмытпаған жөн).

Педагогика ғылымы пайда болғаннан бері көптеген ғалымдардың, педагогтардың және әдіскерлердің назарынан тыс қалмайтын мәселелердің бірі – сабақтан тыс уақытта жүргізілетін іс-шаралар болып табылады. Білім алушылардың сыныптан тыс іс-шаралары жалпы орта білім берудің базалық бағдарламасына сәйкес білім беру мен әлеуметтендіру, мүдделерді дамыту, жалпыға ортақ тәрбиелік іс-қимылдарды қалыптастыру міндеттері шешілетін мектеп оқушылары қызметінің барлық түрлерінің жиынтығы болып табылады.


 

Білім алушылардың сыныптан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру – бұл өзіндік ерекшелігі және бірыңғай білім беру кеңістігінде міндеттері бар жұмыс түрлері. Негізгі міндеттерінің бірі баланың ерте жастан бастап өз қызығушылықтарына, ниетіне және бойындағы әлеуетіне сәйкес белсенді дамуы, жаңалықты білуге ұдайы тырысуы, қоршаған ортаны зерделеуі, ойлап табуда, шығармашылық қызметте, спортта өзінің күшін байқап көруі үшін, сонымен қатар жолда жүру ережелерін меңгерулеріне жағдай жасау болып табылады. Бұл проблеманы оқу пәндері шеңберінде ғана шешу мүмкін емес, сондықтан сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуы тиіс.

Жолда жүру ережелерін үйрету бойынша жұмыстардың басты мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының бойында жолда жүру қауіпсіздігінің негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесін анықтау.

Мақсатқа жету үшін:

  • осы мәселе бойынша әдістемелік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу;
  • бастауыш сынып білім алушысының жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін меңгеру мүмкіндігін анықтау;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды ұйымдастыру;
  • бастауыш сынып оқушыларын жол қозғалысы барысындағы қауіпсіздік негіздерімен таныстыру әдістерін анықтау;
  • бастауыш сынып мұғаліміне оқушыларды жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздеріне оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың, әдістемелік ұсыныстардың электрондық пакетін әзірлеу.

Сонымен қатар, қазіргі балаларды қандай да бір іс-әрекетке тарту немесе қызықтыру оңай емес, бірақ олар қызықты интерактивті, квест ойындарға немесе шеберлік сыныптарына қуана қатысады. Жолда жүру ережелеріне үйрету – бұл тек мектептің ғана міндеті емес. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуынсыз баланың бойында көшеде өзін дұрыс ұстау қабілетін қалыптастыру мүмкін емес. Әрине, балалар тіпті еліктеу мүмкін емес жағдайларда да өз ата-аналарынан үлгі алады, соларға ұқсағылары келеді. Ал егер ата-аналар бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолдан жүгіріп өтетін болса, онда бала үлкендердің мінез- құлықтарын қайталайды.

Осылайша, мұғалімдер мен ата-аналар балаларды жол қозғалысының сауатты және заңға бағынатын пайдаланушылары ретінде тәрбиелеуге жауап береді. Сондықтан олардың, біріншіден, бір-біріне қайшы келмеуі маңызды. Екіншіден, ата-аналар балаларды жолда жүрудің қауіпсіз мінез-құлқына үйрету процесіне белсенді қатысушылары болуы тиіс. Ата-аналарына және басқа да туыстарына еліктеу арқылы бала жол қозғалысы ережелерін сақтауды (немесе сақтамауды) үйренеді, мектепте меңгерілген білім отбасында одан әрі бекітілуі тиіс.

Балаларды жолда жүру ережелеріне үйрету, бала ата-анасымен бiрлесiп оқытудың барлық кезеңінен өте алатын болса ғана өте жақсы нәтижелерге қол жеткізетін болады.


 

Мұғалімдер мен ата-аналар үшін балаларды жолдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыруда ең бастысы – балаларға жол қозғалысы ережелерінің мағынасын, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім мен дағды алу қажеттігін жеткізу. Дегенмен, ата-аналарда балаларына жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету тұрғысынан қажетті білімдері болмауы мүмкін екенін де ескеру қажет. Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі – ата- аналардың назарын осы маңызды жағдайға аудару болып табылады.

Бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың басты мақсаты – біртұтас педагогикалық ұстаным негізінде баланы тәрбиелеу және қалыптастыру саласындағы ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, жолдағы қауiпсiз мiнез-құлық мәселелерi бойынша ата-аналардың құзыретiн арттыру, балалардың жолда жүрудегі қауiпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Міндеттері:

  • ата-аналарды мектептің тәрбие іс-шараларына тарту;
  • ата-аналардың құқық саласындағы білімдерін тереңдету;
  • мектепте алған білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында, баламен үйде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері туралы хабардар ету.

Аталған міндеттерді іске асыру мектеп пен ата-аналардың өзара iс- қимылының әртүрлі формалары арқылы мүмкін болады.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері

  • ата-аналар жиналысы. Бұл мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмысының бірден-бір түрі. Ата-аналар жиналысына Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (бұдан әрі – МАИ) қызметкерлерін, яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мамандарды шықыруға болады. Олардың ата-аналарға балаларының өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік беретін негізгі ережелерді түсіндіруі өте маңызды болып табылады.

Ата-аналар жиналысы МАИ қызметкерінің және сынып жетекшісінің біртекті монологына айналмауы маңызды. Ата-аналар жиналысы конференция, пікірсайыс, іскерлік ойын, ұжымдық шығармашылық іс, сұрақ-жауап кеші және т.б. формада болуы мүмкін.

Сауалнама жүргізу ата-аналардың балалардың жолдағы қауіпсіздігі проблемалары туралы хабардарлық деңгейін, жол қозғалысы ережелері туралы білім деңгейін, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне көзқарасын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім сауалнама нәтижесінде алынған деректерді ата-аналармен одан әрі жұмысты жоспарлау, іс- шаралар өткізу және т.б. үшін пайдалана алады.

Балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар жəне практикумдар.

Бұл жұмыс түрінің басты құндылығы – ата-аналардың балаларының жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етулеріне қажетті практикалық дағдыларды меңгеруінде болып саналады.

Ата-аналарға арналған тренингтердің тақырыптарының қатарына киімге шағылыстырғыш элементтерді дұрыс орналастыру, баланың велосипедке отырған кезінде қорғаныш жабдықтарын киюі және т.б. енгізуге болады.


 

Балалар    мен    ата-аналардың    бірлескен                            ойындары,                      квест-ойындар, жарыстар, экскурсиялар жəне т.б., яғни сыныптан тыс іс-шаралар.

Ойын бағдарламалары бірнеше маңызды функцияларды атқарады, яғни: тез арада дұрыс шешім қабылдауға үйретеді, олар балалар мен ата-аналарды біріктіруге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, балалар мен ата-аналардың таланттарын ашуға көмектеседі. Жұмыстың бұл түрі бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Дәуренбекова Сайран Тоқтаровна әзірлеген «Жол – күнделікті емтихан» атты жолда жүру ережесі бойынша бастауыш сыныптарға арналған квест-ойынының үлгісін ұсынамыз (3- қосымша).

Сондай-ақ, мектепте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы бойынша суреттер, қолөнер, шығармашылық жобалар көрмелерін ұйымдастыруға болады. Жұмыстың бұл түрінің ең құнды жағы балалар мен ата- аналар бос уақыттарын бірге өткізетіндігінде. Сонымен қатар, ата-аналар өз балаларының да, басқа қатушылардың да шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көре алады. Жұмыстың бұл түрі ата-аналардың Жол қауіпсіздігі ережелерін өздері де оқып, балаларына де үйретуге деген құлшыныстарын арттырады.

Жол қозғалысы қауiпсiздiгi тақырыбына бейне- және аудиороликтер жасау. Роликтер мектеп сайтында немесе ата-аналар чаттарында орналастырылуы мүмкін.

Петропавл қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі жоғары санатты педагог зерттеуші Сексенбаева Жанаржан Дулатовна әзірлеген мектепке баратын қауіпсіз бағытты зерттеу бойынша «Жаяу автобус» танымдық экскурсиясы іс-шарасының үлгісін ұсынамыз.

Экскурсияның мақсаты – ойын түрінде жол жүру ережелері туралы балалардың ой-пікірін бекіту болып табылады (4-қосымша).

Жолда жүру ережелерін үйрету жұмысында мектептің ақпараттық және материалдық-техникалық жабдықталуы да маңызды рөл атқарады. Оларға:

  • бағдарламалар, анықтамалық және әдiстемелiк әдебиеттер;
  • жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша стенд жобалау және орналастыру;
  • мектепке келетін қауіпсіз жолдардың жоспары (схемасы), жол қозғалысы қауіпсіздігін бойынша бұрыш (схема);
  • көшелерді, олардың қиылыстарын, жол қозғалысын басқару құралдарын, ең үлкен қауіп төндіретін учаскелерді және ұсынылатын жаяу жүргіншілер жолдарын көрсетін мектеп орналасқан ауданның жоспар-схемасы;
  • бастауыш сынып оқушыларында жеке схемалардың болуы;
  • мектепте жолда жүру ережелерін үйрететін, арнайы жабдықталған кабинеттің болуы (бос кабинет болған жағдайда);
  • педагогтарді әдістемелік бірлестіктердің жұмысы барысында немесе педагогикалық кеңестердің жиналыстарында нұсқаулықпен таныстыру;

 
  • балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелерін директордың жанында өтетін отырыстарда, педагогикалық кеңестерде талқылау;
  • әдістемелік бірлестіктің жұмысында жолда жүру ережелерін үйрету бойынша жұмыстарды пән сабақтарына кіріктіру әдістерін талқылау;
  • мұғалімдерге арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар мен әзірлемелердің (іс-шаралар сценарийлері, ойындар, нұсқамалар, жадынамалар) болуы;
  • жолда жүру ережелерін, сонымен қатар балалардың жол-көлік апатына тап болу жағдайларын болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру бойынша сабақтағы және сыныптан тыс іс-шараларды өткізу жолдарын көрсететін тәжірибемен бөлісу.

 

Қорытынды


Балалардың жол-көліктік апатының алдын алу бойынша педагогтармен, ата-аналармен және білім алушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін таңдау білім беру ұйымының кадрлық әлеуетіне, тәрбие беру ортасының жағдайына байланысты болады, бірақ бұл саладағы жұмыс деңгейін таңдау қандай болса да, жүйелі, тұрақты, алуан түрлі қызметті құру қажет етеді.

Жергілікті жерлердің білім беру ұйымдарында жолда жүру ережелерін оқыту және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік апатының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар,

«Абайлаңыз, балақай!» акциясы жыл сайын оқу жылы басталған кезде еліміздің барлық аймақтарында жол полициясының тікелей қатысуымен өткізіледі.

Жол қозғалысы ережелерiне үздiксiз оқыту және көшедегі, жолдағы, көлiктегі қауiпсiз мiнез-құлық жүйесi балалардың жол-көлiк жарақаттарын азайту проблемасын шешуде елеулi педагогикалық әлеуетке ие.


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Жол жүрісі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000194
  2. Лучшие европейские практики в области профилактики безопасности дорожного движения. г.Москва, 2018 г. file:///C:/Users/%D0%9D%D0%90%D0%9E45/OneDrive/%D0%A0%D0%B0%D0

%.pdf

  1. Böcher, W. (1995). Verkehrsaufklärung und Verkehrserziehung/Traffic Safety Campaigns and Traffic Safety Education. In Hilse, H.-G. & Schneider, W (Ed): Verkehrssicherheit. Handbuch zur Entwicklung von Konzepten/Traffic Safety. Manual for Development of Concepts. Stuttgart u.a.: Boorberg, p. 248-299.
  2. www.databases.dft.gov.uk/lessonplans
  3. https://polisia.kz/ru/mvd-ob-yavilo-mesyachnik-bezopasnosti-dorozhnogo- dvizheniya/

https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31063388&pos=12;24#pos=12;24

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы

«10» мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша7 Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) https://uba.edu.kz/qaz/metodology/4?page=2

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы

«10» мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). https://uba.edu.kz/qaz/metodology/4?page=2

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы

«10» мамырдағы № 199 бұйрығына 6-қосымша. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. https://uba.edu.kz/qaz/metodology/4?page=2


 

Қосымша


  1. қосымша

Жолда жүру ережелері


Жаяу жүргінші:

  • тротуарлармен және жол жиектерімен, жаяу жүргінші жолдарымен және жүруге жайластырылған және ыңғайластырылған басқа да жерлермен жүріп- тұруға;
  • жолдың жүретін бөлігін жаяу жүргінші өткелдерімен, оның ішінде жерасты және жерүсті өткелдерімен, көрінетін жерде олар болмаған кезде – тротуарлардың немесе жол жиектерінің бойымен жол қиылыстарында, көрінетін аймақта өткел немесе жол қиылысы болмаған кезде жолдың жүретін бөлігінің шетіне тік бұрышпен кесіп өтуге;
  • жаяу жүргінші өткелінен тыс жерде жолдың жүретін бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтірмеуге және жақындап қалған көлік құралдарының жоқ екендігіне көз жеткізбестен, маңайды шолуды шектейтін тоқтап тұрған көлік құралының тасасынан шықпауға;
  • реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өту өзі үшін қауіпсіз болатынына сенімді болғаннан кейін ғана жолдың жүретін бөлігіне шығуға;
  • маршрутты көлік құралы мен таксиді – аялдама пункттерінде, ал олар болмаған кезде – тротуарда немесе жол жиегінде күтуге міндетті;
  • автомагистральдарда тұруға тыйым салынады. Мопед пен велосипед жүргізушілеріне:
  • ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;
  • жолаушылар тасымалдауға;
  • қатарында велосипед жолы болған кезде жолмен жүруге;
  • жаяу жүргінші өткелімен жүруге тыйым салынады.

Дереккөз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000194

Сонымен қатар:

  • жаяу жүргінші тротуары болмаған жағдайда, көлік жолының жиек сызығымен, көлік қозғалысына қарсы бағытта жүру қажет.
  • бағдаршам бар жерде жолды бағдаршамның жасыл түсті сигналы жанған кезде қана кесіп өтуге болады;
  • бағдаршамдары жоқ жерлерде жолды жер асты немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде, ал олар болмаған кезде жаяу жүргіншіге арналған жолақтармен («зебра») өту қауіпсіз болып табылады;
  • барлық көліктер тоқтағандығына және жаяу жүргіншілердің өтуіне мүмкіндік беретініне көз жеткізгеннен кейін ғана жолды кесіп өтуге болады;
  • жол бойындағы қоршаулардан секіріп өтуге болмайды;
  • егер жол кең болса, ал сіздің ол жолды толық өтуге уақытыңыз жетпей қалса, «қауіпсіздік аралында» күтуге болады;
  • жолда және тротуарда ойын ойнау қауіпті;

 
  • жүргізушінің сізді уақытында көруіне кедергі келтіретін ағаштардың, автомобильдердің және басқа да объектілердің артынан жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шығуға қатаң тыйым салынады;
  • тәуліктің қараңғы және кешқұрым уақытында киіміңізге жарық шағылыстырғыш жолақ жапсырып алыңыз;
  • жолдың көлік жүретін бөлігінде тоқтап тұруға қатаң тыйым салынады;
  • автобус аялдамасына түскеннен кейін, жолдың келесі бетіне өту керек болса, жол қиылысының арнайы жерінен ғана өтуге болады;
  • автобус аялдамасына түскеннен кейін, жолдың келесі бетіне өту керек болса, автобус жүріп кеткеннен кейін автобустың артынан өтуге болады (жаяй жүргіншіге арналған жолақ болған жағдайда), яғни тоқтап тұрған автобустың алдынан жүруге болмайды;
  • көлік аз жолдарда да, аулада да әрдайым ұқыпты болу керек, алдымен солға, соңынан оңға қарап отыруды ұмытпау керек, себебі кез келген уақытта көлік келіп қалуы мүмкін;
  • үйдің тасасынан (бұрылысынан) жолға жүгіріп шығуға болмайды.


  1. қосымша


Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптарының мұғалімі – Сүлейменова Қарлығаш Дулатовна әзірлеген «Дүниетану» пәнінде жолда жүру ережелерін оқыту бойынша сабақ барысында және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға болатын ойын түрлерін, жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған және «Жалғасын тап» атты тапсырмалардың нұсқалары:

  1. Қимылмен келтіріп шығайық.

(ойынды жүргізуші қызыл дөңгелекті көтергенде отыру, сары дөңгелекті көтергенде тұру, жасыл дөңгелекті көтергенде орында жүру).

  1. «Қай топ данышпан?». Ол үшін қызыл, сары, жасыл түстерге үш топ құрып бөліну қажет.

Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар:

  • Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
  • Алғашқы бағдаршамның түстерін атаңдар.
  • Біздің қаланың көшелеріндегі бағдаршамдардың неше көзі бар?
  • Қазіргі кездегі бағдаршамның түстерін атаңдар. Сары түсті топқа арналған сұрақтар:
  • Суреттен не көргендеріңді айтып беріңдер?
  • Көлік аттарын атаңдар?
  • Бағдаршамның қызметі қандай?
  • Адамдар қай жолмен жүрулері тиіс? Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар:
  • Бағдаршам жолдың қай жерінде орналастырылады?
  • Алғашқы бағдаршам қай жерде орналасқан?
  • Оны ойлап тапқан адамның есімі бар ма?

 
  1. «Бағдаршам» ойыны: барлық оқушы айнала билеп жүреді. Қызыл жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеуді жалғастырады. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады.

Шартты бұзғандар ойыннан шығады.

  1. «Жүргізушілер» ойыны.

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін үйрету, ой-өрісін кеңейту. Қолданатынкөрнекіліктер:Бірнешеойынжолдары,машиналар,

ойыншықтар.

Ойын барысы: ойын жолдарының бірнеше жеңіл нұсқалары Алдын ала әзірленеді. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралап шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол таңдадың ба, жоқ па соны тексереміз».

  1. «Бағдаршам» ойыны

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.

Қолданатын көрнекіліктер: қызыл, сары және жасыл дөңгелектер, ойыншық машиналар, балалардың суреттері.

Ойын барысы: қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түсін орнатады (қызыл, сары және жасыл дөңгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.

  1. «Кім үздік жүргінші?» ойыны.

Мақсаты: жолда жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. (бағдаршамның белгісі, жүргінші жолы) белсенділігін, назарын тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар жазылған текшелер және 2 фишка. Ойын алаңы.

Ойын барысы: бірінші жүргінші №1 үйден, екіншісі №2 үйден шығады. Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді және қайтадан лақтырады. Сонымен, түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған дөңгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді.

Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек.

Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің санына байланысты дөңгелектерге жылжытуға болады.

Төртінші суретте мотоциклші. Оны тоқтап, өткізу керек.

Бесінші суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол суреттің бойында тоқтай алады.


 

Алтыншы    суретте    реттеуші    бейнеленген.                               Көліктердің               және                               жаяу жүргіншілердің жолда жүруін реттеуші реттеп тұрғанда жолды қиып өту қауіпсіз. Реттеушінің белгісімен жолдан өтіп, бірден әженің үйіне баруға болады.

Әжесінің үйіне дейін жол ережесін бұзбай жеткен жүргінші жеңіске жетеді.











  1. «Жолда» ойыны.

Мақсаты: білім алушылардың көліктер туралы білімдерін кеңейту және алған білімдерін бекіту. Назарын және есте сақтау қабілетін арттыру.

Қолданатын көрнекіліктер: жүк және жеңіл автокөліктердің суреттері, фишкалар.

Ойын барысы: жол жүру алдында балалармен кім және қандай көлікті таңдайтынын келісіп алыңыз. Жолда балалар автокөліктердің атауларын атап, сол үшін фишкалар алады. Көп фишка жинаған ойыншы – жеңімпаз болады.


  1. «Шығармашылық жұмыс».

Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

балалар

тротуар ұмытпа

сақта!


  1. «Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?».

Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.







 






  1. «Жол белгілерін үйренеміз» ойыны.

Мақсаты: жол белгілері және бағдаршам сигналдары бойынша білімдерін бекітуді жалғастыру.

Қолданатын көрнекіліктер: жол белгілері бар үлкен, кіші карточкалар. Ойынбарысы:ойыншыларарасындаүлкенкарталардытеңбөлу.

Жүргізуші жол белгілері бар карточкаларды кезекпен көрсетеді, кімге жақындайды сол белгіні алады да, тақтаның жоғары оң бұрышына қояды және бұл белгі қалай аталатынын және қандай жағдайларда қолданылатынын айтып береді. Кім белгілерді жағдайларға дұрыс тапса және оны түсіндіре алса сол жеңімпаз.

Жол қозғалысына байланысты жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар.

  1. жағдаят. Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Бір оқушы екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалды. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.
  2. Осы көрініс жайында не айтасыңдар?
  3. Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді.

Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.

  1. жағдаят. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек?
  2. жағдаят. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің. Сен не істейсің?
  3. жағдаят. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек.

Сен қалай өтесің?

  1. жағдаят. Сен ауылды жерде тұрасың, ол жақта ешқандай жол белгілері мен бағдаршам жоқ. Сен жолды өту үшін істер едің.
  2. жағдаят. Сен жолдан өтуге жақындағанда бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап тұрды, сенің достарың жолдан өткелі жатыр. Сен не істер едің?
  3. жағдаят. Сен досыңмен киноға асығып бара жатырсың, досыңның құлағында наушник. Жаяу жүргіншілер өтпесінен досың жүгіріп өткісі келді, сен не істейсің?

«Жалғасын тап» атты тапсырмалар

  1. тапсырма. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шықтың, не болды деп ойлайсың? Түсіндір, ойынды дәлелде. (Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр).

 
  1. тапсырма. Аялдамада тұрған автобустың алдынғы жағынан өттің, не болды деп ойлайсың? (Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың).
  2. тапсырма. Жолдан өткенде әңгімелесіп, барлық зейінді жолға емес өзіңе аударттың, жүргізушіге қандай кедергі жасадың? (Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек).
  3. тапсырма. Көшенің келесі бетіне өту үшін жолдың ортасынан жүгіріп өттің, сен қандай қателек жасадың? (Көшенің келесі бетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді).
  4. тапсырма. Көліктің артына жабысып сырғанадың, көлік ойламаған жерден тоқтады оқиға немен аяқталды деп ойлайсың? (Көліктің артына жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауын мүмкін. Жол тайғанақ болса көліктің астына қарай сырғанап кетуің де мүмкін).
  5. тапсырма. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көліктің алдынан өтіп бара жатқан кішкентай баланы көрдің, сен не істейсің? (Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр, ал кішкентай баланы көрсең жүргізушіге белгі беруге тырыс).
  6. тапсырма. «Жолда жүру ережелері» тақырыбына постер жасау.
  7. «Кім байқағыш?» Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.
  8. Жол белгілеріне байланысты мазайкаларды жинау.
  9. Суреттегі жол белгілерін атап, ол нені білдіретінін түсіндіру.


  1. қосымша


Павлодар облысы білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Дәуренбекова Сайран Тоқтаровна


«Жол – күнделікті емтихан»

жолда жүру ережесі бойынша бастауыш сыныптарға арналған квест-ойын


Мақсаты: жолда жүру ережелерін сақтауды насихаттау, жолдағы мінез- құлық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • ойын әрекеті барысында балалардың жолда жүру ережесі бойынша бұрын алынған білімдерін бекіту;
  • білім алушылардың жолда жүру ережесін күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын дамыту;
  • бастауыш сынып білім алушыларының бойында жолда және көшеде өзін ұстау мәдениетін тәрбиелеу.

Күтілетін нəтижелер


Реттеуші

Танымдық

Коммуникативтік

Тұлғалық


 
  • мәселені өз бетінше көрсетеді  және, тұжырымдайды, тапсырманың мақсатын анықтайды;
  • мәселені шешудің нұсқаларын ұсынады;
  • түпкi       нәтиженi сезінеді;
  • мақсатқа жетудің ұсынылған жолдарынан ыңғайлысын таңдайды, сондай-ақ оларды     өздігінен іздейді
  • оқу мақсатын шешу үшін  қажетті ақпаратты ойынан шығарады;
  • ақпаратты тексереді;
  • анықтамалық материалды пайдаланып қосымша       ақпарат табады
  • мысалдар келтіре отырып    өз

көзқарасын дәлелдейді,           дәлел келтіреді;

  • өз     пікіріне     сын тұрғысынан қарайды;
  • өз пікірінің қателігін (егер солай болса) абыроймен мойындап, түзете алады;
  • топта жұмыс істей алады
  • білім         алушы тұлғасының адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық қасиеттерінің қалыптасуына          және дамуына көмектесу;
  • әдептілік,

сыпайылық, тәртіптілік, жинақылық, жауапкершілік, ұқыптылық, еңбекқорлық, достарының сәтсіздікке ұшырауына алаңдаушылық, жетістіктеріне қуану қасиеттерін

қалыптастыру


Ойынға қажетті құралдар:

  • 2-тапсырмаға. Жұмбақ белгілері (пазлдар) бар 3 конверт (ескерту, тыйым салу және ақпараттық-бағыттаушы);
  • 3-тапсырмаға. Команда мүшелерінің санына қарай бірдей кітаптар, картон қағаздан жасалған рульдер, бағдаршам сигналдары бар (қызыл, сары, жасыл) текшекарталар;
  • 4-тапсырмаға. Презентация немесе ребустар бар текшекарталар.

Квест ойынды өту бойынша нұсқаулық:

Сынып 6 топқа бөлінеді. Капитандар бағдар көрсетілген парақтар алады (1- қосымша). Әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау үшін 3-4 минут уақыт беріледі. Орындалған тапсырмалардың саны мен сапасы бағаланады.

Ойын алты кезеңнен тұрады:

  • Жұмбақтар қиылысы.
  • Белгісіз белгілер көшесі.
  • Жол.
  • «Белгілерді білеміз бе?» ойыны.
  • Қауіпсіздік аралы.

Квест ойынның өтетін уақыты – бір сабақ. Ең көп ұпай саны – 45.


Жүргізуші: Балалар, бүгін біз жолда жүру ережелері бойынша квест ойын өткіземіз. Күн сайын біздің жолдарда автокөліктер көбейіп жатыр. Қозғалыстың жоғары жылдамдығы мен қарқындылығы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерденөтемұқиятболуды талапетеді.Жүргізушілерменжаяу


 

жүргіншілердің тәртіп, сақтық және жол қозғалысы ережелерін сақтауы – көшедегі қауіпсіз қозғалыстың негізі болып табылады.

Қазір   біз командалардың қайсысы жол                      ережелерін                      жақсы                      білетінін тексеріп көреміз.

Бәріңе сәттілік тілейміз!

  1. кезең. «Жұмбақтар қиылысы». (10 ұпай).


  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)


  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам).


  1. Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол).


  1. Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр. (Бағдаршам).


  1. Үш көзінде жалын-от, Ал бірақ та жаны жоқ. Кезектесіп ашылар,

Кезектесіп жұмылар. (Бағдаршам).


  1. Бір көзі «кідір» дейді Бір көзі «жүгір» дейді Бір көзі «абайла» дейді.

«Қарап ал маңайға» дейді. (Бағдаршам).


  1. Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр. (Автобус).


  1. Оңға да бұрады, Солға да бұрады. Тәртіп сақтап әрқашан,

Жолды нұсқап тұрады. (Бағдаршам).


  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған. (Жол полициясы)


  1. Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе

Жеткізеді оңай-ақ. (Велосипед).


 
  1. кезең. «Белгісіз белгілер көшесі». (9 ұпай)

Мақсаты: жол белгілерін оқи білу және олардың қандай негізгі 3 топқа бөлінетінін еске түсіру.

  • Бұл көшеде біз жол белгілері туралы сөйлесеміз. Жүргізуші тақтаға «Жол белгілері» деген тақтайша іледі.
  • Балалар,   барлық   жол   белгілері   қандай              негізгі      3              топқа бөлінеді? (Жүргізуші бұл сөздерді тақтаға іледі).





Жол белг

ілері







Ескерту


Тыйым салу


Ақпараттық-көрсеткіш


  • бұл жол белгілерін еске түсірейік.

Ескерту белгілері – үшбұрышты, ал үшбұрыштың периметрі қызыл. Бұл топтың белгілері бір-бірінен үшбұрыштың ішіндегі суреттерімен ерекшеленеді. Ескерту белгiлерi жүргiзушiлерді қауiптi жол учаскесiне жақындағандықтары және қозғалыс жағдайына сәйкес шаралар қабылдау туралы ескертеді.

Тыйым салу белгілері. – қызыл шеңбердің ішіне салынған суреттер мен сандар осы нақты белгінің неге тыйым салатынын дәл және үзілді-кесілді көрсетеді.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілері – олардың негізгі түсі көк, ал формасы шаршы немесе тікбұрыш түрінде болады. Бұл белгілер жаяу жүргіншілер өткелі мен автотұрақ орнының қайда екенін, қалаған елді мекенге бағытты және оған дейінгі қашықтықты көрсетеді. Олардың жалпы саны – 12






Пазл түрінде берілген белгіні жинау және оның мағынасын түсіндіру.


  1. кезең. «Жол». «Жүк көлігінің жүргізушісі» ойыны (баратын жерге жол ережесін дұрыс сақтап жетсе – 5 ұпай, ал егер қателік жіберіп жетпей қалса – 2 ұпай).

Сипаттамасы: Ойыншылар бір жолға сап түзейді. Әр ойыншы – жүк көлігін жүргізуші. Ойыншылардың басында – кiтап - жүк, қолдарында – руль. Қатысушылардың алдында әр түрлі қашықтықта қолдарында бағдаршамның қызыл және жасыл түстері бейнеленген текше карталар бар. Олар бұл сигналдарды кезекпен «жандырып» тұрады. Әр ойыншының міндеті – жүкті түсірмей және Жол жүрісі ережелерін бұзбай соңғы нүктеге дейін «жету» (егер


 

қызыл түс жанса – тоқтау керек, жасыл жанса – қозғалысты жалғастыру қажет). Ережені бұзған ойыншылар ойыннан шығады.

Ойынның күрделілігі – көмекшілер бір сигналды бірнеше рет көрсете алатындығында, ал қатысушылар дер кезінде бағдарланулары қажет.


  1. кезең. «Белгілерді білеміз бе?» ойыны. (10 ұпай).





Жаяу жүргінші өтпесі

«Балалар». Мектептен, сауықтыру лагерiнен және т.б. жерден шыққан балалар жолға

жүгіріп шығуы мүмкін

Велосипед                         жолымен қиылыс






«Бағдаршам реттеуi». Қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн қиылыс, жаяу

жүргiншi өтпесi немесе жол учаскесi.

Алғашқы медициналық көмек пункті

Жаяу                жүргіншілерге жүруге болмайды!


  1. кезең. «Қауіпсіздік аралы». (6 ұпай). (Жағдайды дұрыс талдау үшін – 2 ұпай).
  2. жағдай. Бала анасынан бұрын автобустан секіріп түсті де, автобусты артынан айналып көше бойымен жүгіріп өтті. Осы жағдайдағы барлық қателерді түзет.
  3. жағдай. Бір жасар бала көліктің ішінде еңбектеп жүр, әкесі осы уақытта телефонмен сөйлесіп келеді. Осы жағдайдағы барлық қателерді түзет.
  4. жағдай. Бала жаяу жүргіншілер өткелінен жолды тыныш өтіп, ал оған қарай үлкен жылдамдықпен көлік жүріп келеді. Осы жағдайдағы барлық қателерді түзет.
  5. кезең. «Ребустар сөйлейді». (әр тапсырманы дұрыс шешкені үшін – 2 ұпай).

 

1



2


     

3


                                            

4


                          

5


          

6


                  

7


                            

8


        

9



   

Жауаптары: 1) Жол. 2) бағдаршам. 3) Аялдама. 4) Жол қиылысы. 5)

Көлік. 6) Қиылыс. 7) Қозғалыс. 8) Белгі. 9) Ережені бұзба.


Қорытынды шығару. Командаларды марапаттау.

Командалардың   ұпайларын   санау   кезінде                                         «Рұқсат        етілді   –                                         Тыйым салынған» ойыны өткізіледі.

  • Көпірде ойнауға (тыйым салынған).

 
  • Бағдаршамның жасыл түсіне көшені қиып өту (рұқсат етілген).
  • Жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге (тыйым салынған).
  • Көшені жол асты өткесі арқылы кесіп өтуге (рұқсат етілген).
  • Бағдаршамның сары түсіне көшені қиып өту (тыйым салынған).
  • Қарт адамдарға көшені қиып өтуге көмектесуге (рұқсат етілген).
  • Велосипедшілерге жүріп келе жатқан көлікке тіркесіп жүруге (тыйым салынған).
  • Тротуардың жиегінде тұрған көлікті алдынан айналып өтуге (тыйым салынған).
  • Тротуардың сол жағымен жүруге (тыйым салынған).
  • Жолдың көлік жүретін бөлігіне жүгіріп шығуға (тыйым салынған).
  • Велосипедтің рулін ұстамай жүруге (тыйым салынған).
  • Жолаушылар көлігінде қатты күліп-сөйлесуге (тыйым салынған).
  • Жолда жүру ережелерін сақтауға (рұқсат етілген). Ойынды қорытындылау.
    1. қосымша


Петропавл қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі жоғары санатты педагог зерттеуші Сексенбаева Жанаржан Дулатовна

«Жаяу автобус» танымдық экскурсиясы

Экскурсияның мақсаты – ойын түрінде жол жүру ережелері туралы балалардың ой-пікірін бекіту.

Міндеттері:

  • көшедегі мінез-құлық ережелері туралы балалардың көзқарастарын кеңейту;
  • жолдағы назардың және абай болу дағдыларының дамуына ықпал ету;
  • жолдағы мінез-құлық тәртібін дұрыс ұстану қабілетін тәрбиелеу .

Бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады, іс-шараны ұйымдастыруға сынып жетекшісі, ата-аналар және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша полиция қызметкері қатысады. Іс-шараның өзектілігі экскурсия барысында балалар көлік қозғалысының ұйымдастырылуын тікелей бақылап, өздерін толыққанды жол қозғалысына қатынасушылар ретінде сезіне алуында.

  1. кезең. «Рұқсат етіледі – рұқсат етілмейді» ойыны. Дұрыс жауаптары үшін шар немесе жалауша беріледі.
  2. Аялдамада секіруге және ойнауға ...
  3. Аялдамада қатты айқайлауға ...
  4. Автобустың ішінде өзін байыпты ұстауға …
  5. Автобуста ересек адамдарға орын беруге …
  6. Автокөліктің терезесінен басыңды шығаруға …
  7. Тоқтап тұрған автобусты алдынан айналып өтуге …
  8. Тоқтап тұрған көлікті артынан айналып өтуге …
  9. Жолда жүру ережелерін құрметтеуге …
  10. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жасыл сигналы жанғанда жүруге …

 

(ұсынылған ойынның сұрақтарын мұғалім өзінің қалауынша өзгерте алады).

  1. кезең. Кіріспе әңгіме.

Сынып жетекшісі және ата-аналар (3-4 ата-ана) балаларды алдын ала ұйымдастырылған орынға жеткізеді. Бұл жерде оларды жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкері қарсы алады. Акцияның өтетін орны мен мүмкіндігіне қарай маршрут білім беру ұйымынан басталуы мүмкін. Жол полициясы қызметкері білім алушыларға жолда жүру ережелерін туралы әңгімелейді, әңгіме барысында жолға жақын жерлерде ойнаудың қауіптілігі және салдары туралы айту қажет, экскурсияның мақсаты туралы қысқаша мағлұмат береді. Нұсқаулық мектептің жоспар-схемасы (жоқ болған жағдайда алдын-ала әзірлеу қажет) бойынша білім беру ұйымының маңындағы қауіпті учаскелерді түсіндіріп және білім алушылардың қауіпсіз қозғалыс бағыттарын көрсете отырып жүргізіледі.

Бірнеше оқушыдан өз үйлерінен мектепке дейін қандай маршрутпен келетіндерін және жолда қандай қауіпті жерлер бар екені сұрауға болады.

Жаяу жүргіншілерді қызықтыру және ұзақ уақыт жадында қалуы тиіс маңызды оқиға атмосферасын жасау үшін оқушыларға сигналдық кеудешелер, жалаушалар және шарлар (егер ондайлар болса) беріледі.

  1. кезең. Мектеп маңайы бойынша қозғалыс.

Бірінші жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жол полициясы қызметкері оның маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы айтады.

Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, ұйымдастырылған түрде балалар колоннасы жолдың көлік жүретін бөлігін кесіп өтеді. Бұл ретте қызметкер балалардың назарын жолдағы мінез-құлық ережелерін сақтамаудың салдарынан пайда болатын қателіктерге аударады (жоғары сынып оқушыларының (аниматорлар) қатысуымен арнайы қойылым ұйымдастыруға болады. Олар жолда жүру ережелерін бұзады. Бастауыш сынып білім алушылары жіберілген қателіктерді және олардың мінез-құлықтарын талдайды). Содан кейін аниматорлар (жоғары сынып білім алушылары) экскурсияға қатысушылармен бірге жүріп отырады.

  1. кезең. Аялдама.

Аялдамадағы мінез-құлық тәртібі туралы әңгімелесі. Автобусқа отыру және түсу тәртібін қайталау

«Жаяу автобус» бағыты ұзаққа созылмауы тиіс, өйткені бастауыш сынып білім алушылары үшін көп ақпарат қабылдау қиындық тудырады.

Маршрутты жол қозғалысы қауiпсiздiгi ережелерін қайталауға, практикалық түрде көрсетуге болатындай етіп жоспарлау қажет. Балалардың басым бөлігі жүретін көшелер таңдау өте маңызды.

Іс-шараның алдында білім беру ұйымының директоры білім беру ұйымынан тыс экскурсия өткізу туралы бұйрықты бекітеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты адамды тағайындайды.


 

Мазмұны


Кіріспе...............................................................................................................3

  • Қауіпсіз жол қозғалысы негіздері.........................................................4
  • Қауіпсіз жол қозғалысы негіздерін оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі................................................................................6
  • Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар...13

Қорытынды...................................................................................................... 27 Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 28 Қосымшалар....................................................................................................29


 








Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін

оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Әдістемелік ұсынымдар



Басуға .11.2022 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы .