05
Желтоқсан
2025
М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж өкілдерімен түсіндірме жұмысы өтті.
2025 жылғы 5 желтоқсанда М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері 9-шы орыс сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау, оқу бағдарламалары және колледжге түсу ережелері туралы толық ақпарат берілді. Колледж өкілдері барлық қызығушылық танытқан оқушыларға есіктері ашық екенін айтып, болашақта кәсіби бағыттарын анықтауға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал етті.