04
апрель
2025
04.04.2025ж күні тарих, құқық пәндері әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

Әдістемелік білестік отырысында Беккожина Лейла Жомартовна «Использование методов развития функциональной грамотности на уроке истории» — шебер сабақтағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.Айтбаева Назира Амангельдиевна «Тарих сабағында фунционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдану » сабақта әр деңгейлі тапсырмалар мен мәтіндерді қолдана отырып фунционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді жұмысты түрін көрсетті.Келесі іс-тәжірибесімен Далабаева Самал Кумарғазыевна өзінің сабақта ерекше білімді қажет ететін оқушыларға оңтайлы тапсырмаларды қолдана отырып тарих сабағын оқытуда оқушының қызығушылығын арттырады.Карыбжанова Гулжан Клеутаевна «Тарих сабағында концептуалды сабақ берудің маңызы» баяндамасында Қазақстан тарихы бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру мақсатында алты тарихи концептілерге негізделетініне тоқталды.Ал Толеуконырова Жазира Жумашовна 9-11 сыныптарға қорытынды аттесттау емтиханына дайындау барысынада мәтіндік тапсырмалар және оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуына мүмкіндік беретін тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып жүзеге асырдың тиімді әдістерін ұсынды.