13
май
2025
10 «Б» сынып оқушыларының Шәкәрім жоғары колледжіне кәсіби бағыттағы экскурсиясы

10 «Б» сынып оқушыларының Шәкәрім жоғары колледжіне кәсіби бағыттағы экскурсиясы
2025 жылғы мамырдың 13 күні 10 «Б» сынып оқушылары Шәкәрім жоғары колледжіне кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсия жасап қайтты.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу бағыттарымен, мамандықтарымен, материалдық-техникалық базасымен және студенттердің оқу үдерісімен танысты. Колледж ұстаздары мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беріп, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар мен болашақ мүмкіндіктер жөнінде айтып өтті.
Бұл экскурсия оқушылардың өз қызығушылықтарына сай мамандықты дұрыс таңдауына, білім алуға деген ынтасын арттыруға ықпал етті.