10 «А» сынып оқушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырған кездесуіне қатысты. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » 10 «А» сынып оқушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырған кездесуіне қатысты.
13
май
2025

10 «А» сынып оқушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырған кездесуіне қатысты.


10 «А» сынып оқушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырған кездесуіне қатысты.

2025 жылғы мамырдың 13 күні 10 «А» сынып оқушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған кәсіби бағдар мен пәндік бағыттағы кездесуге қатысып қайтты.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынауға мүмкіндік алды. Әсіресе тарих пәнінен қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап бергені үшін 10 «А» сынып оқушысы Кубелекова Тоғжан ерекше көзге түсіп, 40500 теңге көлеміндегі сертификаттың иегері атанды.

Бұл сертификат оған «Зерделі» мектебінде 1 ай бойы 2 пәннен тегін дайындыққа қатысу мүмкіндігін береді.

Аталған шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кәсіби бағдар мен білімге деген ынтасын дамытуға ықпал етті. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!