Құқық бұзушылықтың профилактикасы » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
Жасөспірім қыздарға арналған жауапкершілік пен қауіпсіздік тақырыбында сабақ өткізілді.
18
ноябрь
2025
Жасөспірім қыздарға арналған жауапкершілік пен қауіпсіздік
8–11 сынып оқушы қыздарымен дәрігер Тарапиханова Айгерім Жайлаубековна жыныстық даму, қарым-қатынас, жауапкершілік және қауіпсіздік тақырыптарында танымдық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру. Сабақ барысында репродуктивті денсаулық, жүктілік және оның салдары, контрацепция туралы жалпы түсінік, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдары, келісім және зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қарым-қатынастағы
5–7 сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
17
ноябрь
2025
5–7 сынып оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 17 қазанда Семей қаласы Полиция басқармасының Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері 5–7 сынып оқушыларымен профилактикалық сұхбат жүргізді. Іс-шара барысында буллингтің алдын алу, қорқыту мен ұсақ-түйек құқықбұзушылықтардың салдары, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді.
8–10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
07
ноябрь
2025
8–10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
2025 жылғы 7 желтоқсанда Семей қаласы Полиция басқармасының Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері 8–10 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шара барысында буллингтің алдын алу, суық қару алып жүрудің қауіптілігі, құқықбұзушылыққа жол бермеу және жол қауіпсіздігі тақырыптары қамтылды.  
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті.
05
ноябрь
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті.
2025 жылғы 5 қарашада Семей қаласы Полиция басқармасының Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері 3–7 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында буллингтің алдын алу, суық қару алып жүрудің қауіптілігі, құқықбұзушылыққа жол бермеу, жол қауіпсіздігі және нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.