«Үздіктер шеруі» – жетістікке бастар жол
«Үздіктер шеруі» – жетістікке бастар жол
22.05.2026 жылы дарынды және талантты оқушыларды қолдау, олардың білімге, шығармашылыққа және спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ үздік оқушылардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мектебімізде «Үздіктер шеруі» атты салтанатты іс-шара өтті. Шеруге пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда топ жарған спортшылар және шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар қатысты.
Іс-шара барысында оқушылардың жыл бойғы еңбегі мен жетістіктері ерекше аталып өтіп, оларға құрмет көрсетілді. Бұл шара білім мен еңбектің, табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісіне айналды. Оқушыларымызды құттықтап, оларға алдағы уақытта да биік белестер мен зор жетістіктер тілеу үшін мектебімізге арнайы қонақ ретінде «Қазақстан Барысы – 2021» жеңімпазы Даурен Болатович Нұралинов келді. Қонақ өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға жігер беретін жылы лебізін білдірді.
«Үздіктер шеруі» дарынды оқушылардың жетістіктерін дәріптеп қана қоймай, білім мен өнерге, спортқа ұмтылатын жас буын үшін үлкен мотивация сыйлаған тағылымды шара болды.
_____
«Парад отличников» – путь к новым достижениям
22.05.2026 года в нашей школе состоялось торжественное мероприятие «Парад отличников», организованное с целью поддержки одарённых и талантливых учащихся, повышения их интереса к знаниям, творчеству и спорту, а также популяризации достижений лучших учеников школы. В мероприятии приняли участие победители и призёры предметных олимпиад, спортивных соревнований различных уровней, а также победители творческих конкурсов.
Чтобы поздравить наших учащихся и пожелать им новых успехов и высоких достижений, специальным гостем мероприятия стал победитель турнира «Қазақстан Барысы – 2021» Даурен Болатович Нуралинов. Он поделился своим жизненным опытом и вдохновил ребят на дальнейшее развитие и достижение поставленных целей.
«Парад отличников» стал не только праздником достижений, но и важным мотивационным событием для всех школьников, стремящихся к успехам в учёбе, творчестве и спорте.![]()