01
сентябрь
2025
«Білім күні» – жаңа оқу жылының алғашқы қадамы!
Құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірлі ата-аналар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен, айтулы мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім күні – әрбір шәкірт үшін жаңа мүмкіндіктерге бастар алғашқы қадам, ал ұстаздар үшін жауапкершілігі мол, мағыналы еңбектің бастауы. «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында өткен салтанатты шара баршамызға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бірлік пен ынтымақты тағы да айқындай түсті.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндерімізге ақ жол тілеймін. Олардың бойындағы білімге деген құштарлық артып, үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспін. Ал жоғары сынып оқушыларына табандылық пен мақсаткерлік, мол табыс тілеймін.
Қадірлі ұстаздар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шәкірттерге деген мейірімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Ата-аналарға бала тәрбиесі мен білім жолындағы қолдауларыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.
Жаңа оқу жылы баршамызға сәттілік, толағай табыс және жарқын жетістіктер әкелсін!
Құрметпен, мектеп директоры Махамбетова Гульнара Муратовна!