Оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Артта қалған табысты оқу жылымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздар қауымына ерен еңбектері, кәсіби шеберліктері мен сарқылмас төзімділіктері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және толағай жетістіктер тілейміз. Ал оқушыларға жазғы демалысты қызықты, жарқын әрі пайдалы өткізіп, жақсы демалып, жаңа әсерлер жинап, келесі оқу жылына тың күш-қуатпен, зор ынта-жігермен оралуларына тілектеспіз. Ізгі ниетпен, 4 «Ә»