Мектебімізде «Әкелер академиясы» форумы өтті
Мектебімізде «Әкелер академиясы» форумы ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – әкелердің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, жауапты әкелік мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттау. Іс-шара барысында отбасы тәрбиесі, балаға үлгі болу, әкенің қоғамдағы және отбасындағы орны туралы маңызды ойлар ортаға салынды. Форум әкелер мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі бірлескен жауапкершілікті арттыруға бағытталды. _____ В школе