Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Құрметті оқушылар! Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз. Көшеде жүру барысында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленбеген жерден өтпеу қажет. Су айдындарында үлкендердің қарауынсыз суға түспеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау маңызды. Сонымен қатар бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, интернет желісін қауіпсіз пайдалану, кешкі уақытта ата-ананың рұқсатынсыз сыртта жүрмеу қажет. Табиғат аясында демалу кезінде сақтық