Ұстазға құрмет – мәңгілік құндылық » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » » Ұстазға құрмет – мәңгілік құндылық
29
сентябрь
2025

Ұстазға құрмет – мәңгілік құндылық

Қайырлы күн, құрметті қауым!
Ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында өзім білім алған Би Боранбай атындағы мектептің барша ұстаздарын шын жүректен мерекелерімен құттықтай отырып, сіздердің тынымсыз еңбектеріңізге ерекше алғысымды білдіремін.
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағының берік негізі. Әрбір шәкірттің жүрегіне білім нұрын себіп, өмір жолына бағыт беретін сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық.
Әсіресе, орыс тілі пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстазым Бақытжамал Қадылбекқызына айрықша ризашылығымды білдіргім келеді.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген халық даналығы бар. Сол айтқандай, Бақытжамал Қадылбекқызы – ұстаздық жолында елеулі еңбек еткен, шәкірт жүрегіне білім нәрін сепкен, адамгершілік қасиетімен үлгі бола білген жан. Ол кісі маған әрдайым бағыт-бағдар беріп, түрлі олимпиадаларға дайындап, білім шыңына жетеледі.
Бүгінде самайын ақ қырау шалған аяулы ұстазыма мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және толайым бақыт тілеймін.
Бақытжамал Қадылбекқызы, еңбегіңізге айрықша алғыс білдіремін!
Құрметпен, №35 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Махамбетова Гульнара Муратовна