25
октябрь
2025
Республика күніне арналған салтанатты іс-шара
2025 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – Республика күніне 35 жыл толуына орай мектебімізде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында оқушыларды республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыстардың бірі болды. Рәсім барысында оқушылар ұйым қатарына қабылданып, салтанатты түрде ант берді.
Бұл ерекше күн олардың жүрегінде ұзақ сақталып, отансүйгіштік қасиеттерін нығайта түсетіні сөзсіз.
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымдарының жаңа мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Олар – ел болашағының кепілі, білімді, тәртіпті, патриот жас ұрпақ.