Болашаққа бағытталған сый: мектебімізге TopIQ-MobilBox тарту етілді. » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » Болашаққа бағытталған сый: мектебімізге TopIQ-MobilBox тарту етілді.
24
декабрь
2025

Болашаққа бағытталған сый: мектебімізге TopIQ-MobilBox тарту етілді.

Жаңа жыл қарсаңында «Алматыкітап баспасы» шалғай өңірлердегі білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған қайырымдылық бастамасын жалғастырып, Абай облысына 40 TopIQ-MobilBox білім беру станциясын тарту етті.
🔸TopIQ-MobilBox – интернетке қосылмай-ақ жұмыс істей алатын автономды білім беру кешені.
Кешен құрамында 400-ге жуық оқулық пен кітап, бейне және аудио материалдар, интерактивті тапсырмалар, сондай-ақ Qamqor AI зияткерлік көмекшісі бар.
Жоба шағын жинақты ауыл мектептерінің кітапхана жұмысын дамытуға бағытталған.
TopIQ-MobilBox станциялары Семей қаласының 2 мектебіне сыйға тарту етілді. Оның бірі біздің “№35 ЖОББМ” КММ.
Білім беру станцияларын тапсыру рәсімі театрландырылған форматта өтті.
Бұл бастама – білімге қолжетімділікті кеңейтуге, ұстаз еңбегін дәріптеуге және болашаққа нық қадам жасауға бағытталған игі іс.
Осы орайда, “Алматыкітап баспасы” директоры Саймасаева Гаухар Айтжановнаға өз алғысымызды білдіреміз.