15
декабрь
2025
Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті.
2025 жылғы 15 желтоқсанда «№35 ЖОББМ» КММ-де 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті.
Сахнада әсем әндер шырқалып, еліміздің рухы, ерлігі мен бірлігі асқақтай түсті. Көрермендер мазмұны терең, әсері мол тамаша өнер кешінің куәсі болды. Әрбір дуэт өз жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Барша қатысушыларға көрсеткен жоғары шеберліктері мен патриоттық рухы үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздер – еліміздің жарқын болашағы, болашақтың жұлдыздарысыздар.
Сондай-ақ байқауды ұйымдастырушыларға, демеушілерге және әділқазылар алқасына үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!