26
декабрь
2025
10-11 сыныптардың Жаңа жылдық бал кеші!
Біздің мектепте 10-11 сынып оқушылары үшін Жаңа жылдық бал өтті. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылықтарымен қуантты. Кеш барысында ең әдемі жұп сайысы да ұйымдастырылып, оқушылардың керемет сәттері барлығының көңілін көтерді. Әсем безендірілген зал, музыка және жарқыраған шамдар мерекелік атмосфераны толықтырды. Барлығы жаңа жылға ерекше көңіл-күймен енді!
