09
январь
2026
Бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Т.М. «Алтын тұғыр» олимпиадасында І жүлделі орынға ие болды
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 6 қантарда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияда» өтті. Бұл олимпиадаға «№35 ЖОББМ» бастауыш сынып мұғалімі Ашимова Т.М. I- жүлделі орынға ие болып, республикалық турға қатысады.
