Қаржылық сауаттылық пен спортты ұштастырған спорттық-интеллектуалды жарыс өтті » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » Қаржылық сауаттылық пен спортты ұштастырған спорттық-интеллектуалды жарыс өтті
26
январь
2026

Қаржылық сауаттылық пен спортты ұштастырған спорттық-интеллектуалды жарыс өтті

Бүгін мектебімізде спорт пен білімді ұштастырған ерекше спорттық-интеллектуалды ойын болып өтті. Жарыстың басты мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырып, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын үйрету. 
Командалар тек жылдамдыққа ғана емес, білім мен қырағылыққа негізделген 4 кезеңнен өтті:
1-кезең: Викторина. Оқушылар банк картасының құпиясын сақтау және күмәнді хабарламаларға жауап бермеу туралы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. 
2-кезең: «Кибер-кедергілер». Эстафета барысында «алаяқтардың тұзағына» (қызыл шарларға) түспей, тек қауіпсіздік ережелерін (жасыл шарларды) жинап үйренді. 
3-кезең: «Құпия код». Жеке мәліметтерді үшінші тұлғаға бермеу мен ақпараттың бұрмаланбауының маңыздылығын ұғынды.
 4-кезең: «Қаржылық пирамида». Оқушылар «оңай олжа» мен «тегін ақшаның» соңы немен аяқталатынын көріп, алаяқтық жүйені тас-талқан етті. 
     Жарыс соңында әрбір қатысушы «Қаржы сақшысының антын» беріп, адал еңбек пен сауаттылық қана табысқа жеткізетінін түсінді. Жеңімпаздар марапатталып, оқушылар үлкен тәжірибе жинақтады.
Бүгінгі күннің басты ұраны: «Картаң — сенің жеке құпияң, ал сауаттылық — сенің қорғаның!»
_____
Сегодня в нашей школе состоялась необычная спортивно-интеллектуальная игра, объединившая спорт и знания. Главная цель соревнования — повышение финансовой грамотности учащихся и обучение способам защиты от интернет-мошенничества.
Команды прошли 4 этапа, основанных не только на скорости, но и на знаниях и бдительности:
1 этап: Викторина. Учащиеся уверенно отвечали на вопросы о сохранности конфиденциальных данных банковской карты и необходимости не реагировать на подозрительные сообщения.
2 этап: «Кибер-препятствия». В ходе эстафеты участники учились избегать «ловушек мошенников» (красные шары) и собирать только правила безопасности (зелёные шары).
3 этап: «Секретный код». Участники осознали важность неразглашения личных данных третьим лицам и сохранения достоверности информации.
4 этап: «Финансовая пирамида». Школьники наглядно увидели, чем заканчиваются «лёгкая добыча» и «бесплатные деньги», и разоблачили мошеннические схемы.
В завершение соревнований каждый участник принёс «Клятву финансового защитника», осознав, что только честный труд и финансовая грамотность ведут к успеху. Победители были награждены, а учащиеся получили ценный практический опыт.
Главный девиз дня:
«Твоя карта — твоя личная тайна, а грамотность — твоя защита!»