«Stop Bullying» — буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара
Мектебімізде буллингтің алдын алу мақсатында «Stop Bullying» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіз, қолайлы білім беру ортасын нығайту.
Аталған іс-шараны әлеуметтік педагог Омиртаева Э.А., мектеп психологы Абишева М.К., сондай-ақ мектеп парламентінің мүшелері бірлесе отырып өткізді. Кездесу барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар оқушылар «Досыңды бейнеле» және «Достық қолын ұсын» атты шығармашылық тапсырмаларды орындап, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді. Бұл тапсырмалар оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттырып, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Осындай тәрбиелік бағыттағы профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да мектепте жүйелі түрде жалғасын табады.
_____
В нашей школе прошло профилактическое мероприятие «Stop Bullying», направленное на предупреждение буллинга. Основная цель мероприятия — формирование взаимного уважения между учащимися, предотвращение насилия и укрепление безопасной и комфортной образовательной среды.
Мероприятие было организовано совместно социальным педагогом Омиртаевой Э.А., школьным психологом Абишевой М.К., а также членами школьного парламента. В ходе встречи учащимся объяснили виды буллинга, его последствия и способы предотвращения.
Кроме того, учащиеся выполняли творческие задания «Изобрази своего друга» и «Протяни руку дружбы», что способствовало укреплению доверия и дружеских отношений между ними. Подобные воспитательные профилактические мероприятия будут систематически проводиться в школе и в дальнейшем.![]()