Сенім мен құрмет - қауіпсіз балалықтың негізі » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » Сенім мен құрмет - қауіпсіз балалықтың негізі
09
февраль
2026

Сенім мен құрмет - қауіпсіз балалықтың негізі

«Сынып жетекшілер» апталығы аясында 5-сынып оқушылары арасында
«Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында тәрбиелік сұхбат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларға зорлық-зомбылық ұғымы туралы түсінік беру, оның адамның жан дүниесі мен денсаулығына тигізер кері әсерін ұғындыру және елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар екенін таныстыру. Сонымен қатар, оқушыларды мейірімділікке, өзара құрметке тәрбиелеу, бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақыру, әдепті әрі тәртіпті тұлға болып қалыптасуына бағыт беру және «жеке шекара» ұғымын қалыптастыру көзделді. Сұхбат барысында оқушылар ұсынылған жағдаяттарды талқылап, өз ойларын ортаға салды, зорлық-зомбылықтың түрлерін атап, одан қорғану жолдары туралы пікір алмасты.
Ұйымдастырушылар: Айтбаева Н. А., Макатова Г. Ж.
_____
В рамках недели «Классных руководителей» среди учащихся 5 класса была проведена воспитательная беседа на тему «Основа защиты подростка от насилия — доверие и уважение личных границ».
Цель мероприятия — сформировать у школьников представление о насилии, объяснить его вред для психического и физического здоровья человека, а также рассказать о наличии законодательства в нашей стране, защищающего от насилия. Кроме того, особое внимание уделялось воспитанию доброжелательности, взаимного уважения, отказу от противоправных действий и формированию понятия «личные границы». В ходе беседы учащиеся обсуждали предложенные жизненные ситуации, высказывали своё мнение, называли виды насилия и рассматривали способы защиты от него.
Организаторы: Айтбаева Н. А., Макатова Г. Ж.