1 “Г” сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді
№35 ЖОББМ 1 “Г” сынып оқушыларымен танымдық процестерін дамыту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты – оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау дағдыларын және ұсақ қол моторикасын дамыту, сондай-ақ жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс бағыттары:
- Сәлемдесу және іс-қимылдарды көрсету: балалар бір-бірімен амандасып, түрлі қозғалыс жаттығулары арқылы көңіл-күйлерін білдірді, бұл олардың топта еркін сезінуіне ықпал етті.
- Мимикалар мен қимылдарды қайталау: көрсетілген ым-ишара, мимика және қимылдарды қайталау арқылы зейін шоғырлануы, еліктеу қабілеті және көру арқылы есте сақтау дамытылды.
- Ойлау, ес және қол моторикасын дамыту: логикалық тапсырмалар, есте сақтау жаттығулары, саусақ жаттығулары орындалып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен интеллектуалдық дамуы артты.
Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Жұмыс нәтижесінде олардың зейіні мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына оң ықпал жасалды.
Сынып жетекші – Томашевич Ирина Николаевна.
Педагог-психолог – Абишева М.К.
_____
Психологический тренинг для учеников 1 “Г” класса
В №35 ЖОББМ для учеников 1 “Г” класса был проведён психологический тренинг, направленный на развитие когнитивных процессов.
Цель тренинга – развитие внимания, памяти, навыков мышления и мелкой моторики, а также создание позитивного психологического климата.
Направления работы:
- Приветствие и демонстрация движений: дети приветствовались и выполняли различные упражнения, выражая своё настроение, что способствовало свободному общению в группе.
- Повторение мимики и движений: задания на повторение жестов и мимики развивали внимание, способность к подражанию и визуальную память.
- Развитие мышления, памяти и мелкой моторики: логические задания, упражнения на память и пальчиковую гимнастику повышали когнитивную активность и интеллектуальное развитие.
Ученики проявляли активность и выполняли задания с интересом, что положительно сказалось на развитии внимания и памяти.
Классный руководитель – Томашевич Ирина Николаевна.
Педагог-психолог – Абишева М.К.![]()