Мектебіміздің оқушысы облыстық олимпиадада І орын иеленді
Alikhan Bokeikhan University Гуманитарлық факультетінің Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен Абай облысы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында биология және география пәндері бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі эссе жазу форматында, ал екінші кезең тест тапсырмалары арқылы өтті.
І орын Семей қаласы №35 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Өкенова Айжан Ерсінқызына бұйырды. Ол 2026–2027 оқу жылында ақылы бөлімде оқу ақысына 100% жеңілдік иеленді. II және III орындарға да арнайы жеңілдіктер берілді. Сонымен қатар олимпиада аясында қатысушылардың жетекшілері мен ата-аналарына арт-терапиялық тренинг өткізілді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен жетекшілер тарапынан оң бағасын алды.
_____
Ученица нашей школы заняла I место в областной олимпиаде
При поддержке кафедры педагогики и психологии Гуманитарного факультета Alikhan Bokeikhan University прошла областная олимпиада по биологии и географии среди 11-х классов школ Абайской области. Олимпиада состояла из двух этапов: отборочного эссе и тестового задания.
I место заняла ученица 11 класса Семейской школы №35 Өкенова Айжан Ерсінқызы, получив 100% скидку на обучение в 2026–2027 учебном году на платном отделении. II и III места также были отмечены специальными льготами. Кроме того, для руководителей и родителей участников был проведён арт-терапевтический тренинг. Мероприятие прошло на высоком уровне и получило положительные отзывы.