«Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » «Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті
22
апрель
2026

«Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті

Бастауыш сынып мұғалімі Асыкпаева Кульзира Мырзахановна «Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтерді оқушыларға есептің шартын дұрыс түсінуге, оны талдауға және әртүрлі тәсілдермен шешу жолдарын табуға көмектесетін тиімді стратегиялармен таныстыру болды. Жұмыс «миға шабуыл» әдісімен басталды. Қатысушылар бастауыш сынып оқушылары мәтінді есептерді шығару барысында кездесетін қиындықтарды талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кейін педагогтер Фрейер әдісімен танысып, есеп ұғымын анықтама, сипаттама, мысалдар және қарсы мысалдар арқылы тереңірек ашу жолдарын қарастырды.
Келесі кезеңде «Лотос гүлі» тәсілі қолданылып, ол идеяларды жүйелеуге және есепті жан-жақты талдауға мүмкіндік берді. Ал «Трансформер» стратегиясы есептің шартын өзгерту және оны шешудің түрлі жолдарын табуға бағытталды. Бұл әдіс қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Шеберлік сабағының соңында «Нысана» рефлексиясы ұйымдастырылды. Қатысушылар ұсынылған тәсілдердің практикалық маңыздылығын жоғары бағалап, оларды бастауыш сынып математика сабақтарында тиімді қолдануға болатынын атап өтті.
_____
Прошел мастер-класс «Способы решения задач в начальной школе»
Учитель начальных классов Асыкпаева Кульзира Мырзахановна провела мастер-класс на тему «Способы решения задач в начальной школе». Цель мероприятия – познакомить педагогов с эффективными стратегиями, помогающими учащимся понимать условие задачи, анализировать его и находить различные пути решения. Работа началась с метода «мозговой штурм». Участники обсудили трудности, с которыми сталкиваются ученики начальных классов при решении текстовых задач, и поделились своим опытом. Затем педагоги познакомились с методом Фрейера, позволяющим глубже раскрыть понятие задачи через определение, характеристики, примеры и противоположные примеры.
На следующем этапе был использован прием «Цветок лотоса», который помогает систематизировать идеи и рассматривать задачу с разных сторон. Особый интерес вызвала стратегия «Трансформер», направленная на изменение условия задачи и поиск различных способов её решения.
В завершение мастер-класса была проведена рефлексия «Мишень». Участники высоко оценили практическую значимость представленных методов и отметили их эффективность для уроков математики в начальной школе.