Ата-ана мен мектеп бірлігі – бала тәрбиесінің берік негізі
Директорымыз ата-аналарға арналған маңызды хабарлама жасады: Ата-ана – баланың өміріндегі алғашқы ұстаз және үлгі. Баланың мінезі, тәртібі, білімге деген көзқарасы, қоғамдағы өзін ұстауы ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының тәрбиесіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Баланың білім алуына жағдай жасау, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеппен тығыз байланыста болу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда бала тәрбиесі бұрынғыдан да