16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
16 наурыз – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ерекше күн. Осыған орай мектебімізде мәдениет және салт-дәстүр күні аталып өтті. Іс-шара барысында мұғалімдер оқушыларға қазақ халқының бай мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің мән-маңызын түсіндіріп, ұлттық мұраны құрметтеуге шақырды. Оқушылар ата-бабадан келе жатқан дәстүрлермен танысып, олардың тәрбиелік мәнін ұғынды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына зор ықпал етеді. _____ 16 марта —