29
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге арналған Teambuilding!
Жаңа жылға орай мектепте мұғалімдерге арналған Teambuilding іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында жаңа жылдық нақышта ең әдемі сәнделген кабинет анықталып, мектеп директоры тарапынан марапатталды. Командалық ойындар мен қызықты тапсырмалар мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұжымның бірлігін арттырды. Бұл күн ұстаздар үшін ерекше әсерлі сәттерге толы болды.
