«Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі»
Мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы татулық, сыйластық пен бірліктің маңызын түсіндіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру. Тәрбие сағаттары барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері туралы мәліметтер алды. Бірлік пен достықтың құндылығы дәріптеліп, өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
_____
«Дружба народов – основа мирной жизни»
В нашей школе среди учащихся 5–11 классов были проведены классные часы на тему «Дружба народов – основа мирной жизни». Основная цель мероприятия – разъяснить учащимся важность межнационального согласия, уважения и единства, а также привить ценность мирной жизни. В ходе классных часов учащиеся делились своими мыслями, знакомились с культурой и традициями различных народов. Подчеркивалась ценность дружбы и единства, проводилась работа по формированию среды, основанной на взаимном уважении.