Республика күніне арналған салтанатты іс-шара
2025 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі – Республика күніне 35 жыл толуына орай мектебімізде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шара аясында оқушыларды республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Аталған іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік жұмыстардың бірі болды. Рәсім барысында оқушылар ұйым қатарына