«Шахмат негіздері» пәні бойынша алғашқы қадамдар
1-сынып оқушылары «Шахмат негіздері» таңдау пәні бойынша шахмат ойнауды үйренуде. Сабақ барысында балалар абстрактілі ойлау мен кеңістікті талдау дағдыларын дамытады. Шахмат тақтасындағы позицияларды талдай отырып, ақ және қара аттардың белсенділігін салыстыру арқылы шешім қабылдауды үйренеді, өз фигураларын қорғау дағдыларын жетілдіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін нығайтып, стратегиялық ойлауды дамытады. _____ Первые шаги в курсе «Основы шахмат» Ученики 1 класса