«Тәуелсіз ел – Қазақстан» мәнерлеп оқу челленджі
3–4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу челленджі өткізілді. Челлендждің мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ балалардың көркем сөз оқу мәдениетін дамыту. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылықты қалыптастыруға үлкен үлес қосады.